Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары



бет167/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

PSYCHOLOGICAL FEATURES FORMATION PSYCHOLOGICAL HEALTH


Abstract
This article provides comparisons of foreign and domestic scientists who have studied psychological health problems and the “third case” of the human body. The concept of health is defined and describes several types of health: physical health, somatic health, psychological health and mental health.
He also analyzed the parameters of psychological health. Factors affecting health include muscle activity, proper organization of work and rest, proper nutrition, etc.
Key words: health, mental health, psychological health, personal health, spiritual health, soul health, “third state”, somatic health.
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмаған-дықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсау-лық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психо-логиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: «психикалық денсаулық» (Б.С. Братусь), «психологиялық денсаулық» (И.В. Дубровина), «тұлғалық денсаулық» (Л.М. Митина), «рухани денсаулық» (Ю.А. Кореляков), «жанның саулығы» (О.И. Даниленко) және т.б. [1]
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.
Қазіргі кездегі заманның экологиялық жағдайы осы уақытта өмір сүріп келе жатқан жаңа адамдарға ерте ме, кеш пе әйтеуір адам ағзасына «үшінші жағдайды» туғызатыны сөзсіз Үшінші жағдай. «Үшінші жағдай» терминің ең алғаш ғылымға енгізген ежелгі римдік дәрігер Гален болды. Қазіргі кездегі заман-ның экологиялық жағдайы осы уақытта өмір сүріп келе жатқан жаңа адамдарға ерте ме, кеш пе әйтеуір адам ағзасына «үшінші жағдайды» туғызатыны сөзсіз.
Адам ағзасының «үшінші жағдайы» дегеніміз – кейбір адамдар ауру да емес, сау да емес жағдайда болуы. Ондай адамдар қазіргі кезде көп кездеседі. Мұның бірнеше себептері немесе атрибуттары бар. Адам ағзасының «үшінші жағдайға» келуінің бірінші себебі (атрибуты) – адамдардың рационалды (жүйелі) түрде тамақ ішпеуі. Қолына не түссе соны тамақ етіп жүре беруінде. Ондай кездейсоқ тағамдар-дың қуаты (калориясы) жеткілікті болғанымен, ондағы биологиялық белсенді (активті) затгардың (витаминдердің) жетіспеуі мүмкін. Сонымен бірге тағамның құрамы адам ағзасына сайма-сай келмеуі де сөзсіз. Міне, осы айтылғандардың бәрі адам ағзасының «үшінші жағдайға» ұшырауына алып келетіні ғылыми түрғыдан дәлелденіп отыр. Салауатты өмір сүрмегендіктен адам ағзасы «үшінші жағдайға» келеді де әдетте, ондай адамдар мөлшерден тыс толып кетеді. Өйткені тағам ішіндегі химиялық энергия толық түрде іске аспай, адам ағзасына май ретінде жинала береді. Мұның өзі адам ағзасының «үшінші жағдайға» ұшырауына алып келеді. Адам ағзасына жиналған май адам ағзасын не суықтан, не ыстықтан қорғай алмайды. Ол балласт ретінде саналады. Мұндай адамдар қазіргі кезде өте көп кездеседі. Олар «үшінші жағдайларда» жүргендердің қатарына жататыны сөзсіз. Ал, адам, жан-жануарлар ағзасына жиналған май, бірнеше биологиялық функцияларды атқарады. Мысалы, киттердің ағзасына қалыңдығы 1 - 1,5 метрге дейін май жиналады. Ол майлар киттерді мұхиттың суық суынан қорғайды. Ал, аюлардың ағзасына жиналған майлар аю қысқы ұйқыға кеткенде оған қоректік зат ретінде пайдаға асады. Қорыта айтқанда, адам ағзасына жиналған майлар адамдарды «үшінші жағдайға» әкеп соқтырады [2].
Ал, «үшінші жағдайдан» адам ағзасы неше түрлі қатерлі ісіктерге, қауіпті дерттерге қарсы тұра алмайды. Өйткені ағзаның иммундық қасиеті жойылып кеткеніне қаншама уақыт өтіп кетті десеңізші. Түнде жүмыс жасайтын адамдардың ағзалары «үшінші жағдайға» тез ұшырайды, адам ағзасындағы альфа-ритм деген құбылыс бұзылып кетеді де, ағза «үшінші жағдайдың» тууын қамтамасыз етеді.
Денсаулық – бұл өз мәні бойынша күрделі, жүйелі ұғым. Медицина ғылымы дәстүрлі түрде пато-логия, яғни денсаулық жоғалған кездегі жай-күй мәселелерімен айналысып келді, бірақ шипагерлік мақсаты тек емдеу ғана емес, керісінше адамға денсаулық жай-күйін қайтару. Психикалық денсау-лық мінездемелер туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл-ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф. Лазурскийдің айтуы бойынша тұлғаның денсаулығы – әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байла-нысты. Жан саулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
1948 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысындағы кіріспе сөзбасында көрсетіл-ген анықтамаға сәйкес, денсаулық – бұл тек аурулар мен физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, сонымен қатар ол адамның толық физикалық, жан саулығы және әлеуметтік сау күйі. Басқаша айтқанда, денсаулық – ол тек медициналық диагноз емес, оны бағалауға және оған әсер етуге болатын физикалық және әлеуметтік өлшемдер жиынтығы.
Норманың жас шамасы мен жыныстық көрсеткіштерінен ауытқулар тіркелмеген адам, абсолюттік дені сау адам болып есептеледі. Кейбір ауытқуларға қарамастан ортаның тиісті жағдайларында, еңбек жүктемелерімен қатар ағзасы жақсы жұмыс істейтін адамды іс жүзінде дені сау адамдарға жатқызады.
Психологиялық денсаулық туралы қазіргі түсініктерді қарастыруды жалғастырсақ, денсаулықтың психологиялық деңгейінің мәні физикалық денсаулықтың алғышарттары ретінде Г.С. Никифоровтың еңбектерінде көрсетіледі. Автордың айтуынша, денсаулық толық көлемінде тек әртүрлі деңгейлерде ғана қарастырыла алады: физикалық, әлеуметтік және психологиялық. Осы аталған барлық деңгейлер өзара байланысады және бір-біріне әсер етеді. Денсаулық психологиясының қағидаларына сүйене отырып, әсіресе психологиялық денсаулық физикалық денсаулықтың алғышарты болатындығын болжауға болады. Егер генетикалық факторлардың немесе табиғи апаттардың, қираулардың және т.б. әсерін жоққа шығаратын болсақ, онда психологиялық дені сау адам физикалық тұрғыда да сау болуы мүмкін. Г.С. Никифоров психикалық пен соматикалықтың арасындағы өзара байланыс медицинада ежелден белгілі болғандығы туралы жазады: «Көзді бассыз, басты денесіз емдеу, тәнді жансыз емдеу сияқты қате болып табылады» (Сократ). Ары қарай Г.С. Никифоров қазіргі кезде барынша жетілдірілген бағыт бар деп көрсетеді [3]. Ол психиканың дене қызметтеріне ықпал ету механизмдерін қарастыратын, психосоматика-лық бұзылуларды жүйеге келтіретін, оларды емдеудің және алдын алудың әдістерін анықтайтын психо-соматикалық медицина. Психосоматикалық аурулар спектрінің кеңею тенденциясын байқауға болады, яғни ғылымның дамуына қарай, психикалық аурулардың саны да артқан. Психикалық бейімділіктің негізінде пайда болған аурулардың мысалы ретінде ол жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын келтіреді (вегетативтік-тамыр дистониясы, жүрек ырғағының бұзылуы), ішек-қарын жолының бұзылу-лары (асқазан және ұлтабар жарасы), жалған неврологиялық бұзылулар (психикалық гипертензия, бастың психогендік аурулары) және т.б. Онкологиялықаурулардың кейбір психикалық шарттастықтары туралы жазылған зерттеулер бар. Ал жағымды мысал ретінде – психикалық фактордың аурудың пайда болуына емес, адамның толыққанды қызмет атқаруына әсері – 80-90 жасқа дейін аман-есен жеткен адамдардың психологиялық мінездемелерін зерттеген Джюэтт зерттеулерінің нәтижелерін келтіруге болады. Олар-дың барлығы болашаққа сеніммен қарап, эмоционалдық сабырлылықты сақтаған, қуану қабілетіне ие болып, күрделі өмірлік жағдайларға бейімделе білген екен. Бұл көптеген зерттеушілермен көрсетілген психологиялық дені сау адамның «кейпіне» тән келеді.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды. Олар:
1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық – адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық – адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Физикалық, соматикалық, психи-калық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады [4].
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий.
2. Психикалық денсаулықтың, критериі маған қажет заттардын. Бәрін «өзім тауып аламын»;
3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі мен «өзім жасауым керек». Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер:
1) адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;
2) ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
3 ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4) әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі. Адамдардың денсаулығы неге байла-нысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.
О.В. Хухлаева психологиялық және физикалық денсаулықтың өзара байланысы туралы мәселеге де назар аударады. «Психологиялық денсаулық» терминінің өзін қолданғандық адамдағы тәндік пен психикалықтың біртұтастығын, толыққанды қызмет ету үшін екеуінің де қажеттілігін көрсетеді. Соның нәтижесінде ол психологиялық дені сау адамның жалпыланған «портретін» құрайды. «Психологиялық дені сау адам – ол, алдымен, спонтанды және шығармашыл, жарқын және көңілді, ашық, өзін және қор-шаған ортаны тек ақылымен ғана емес, сезімдерімен, интуициясымен де танушы адам. Ол өзін толығы-мен қабылдайды және оны қоршаған басқа адамдардың да құндылығы мен бірегейлігін мойындайды. Мұндай адам өз өмірі үшін жауапкершілікті, алдымен өз-өзіне жүктейді және жағымсыз жағдайлардан сабақ алады. Оның өмірі әнге толы. Ол үнемі даму үстінде болады және басқа адамдардың дамуына да ықпал етеді. Оның өмір жолы аса жеңіл болмауы да, кейде тіпті ауыр болуы да мүмкін, дегенмен ол өмірдегі болып жатқан өзгерістерге тез бейімделеді. Маңыздысы – ертеңгі күні болатын жағдайларға сене отырып, белгісіздік жағдайында да өзін ұстай алады».
Психикалық денсаулықтың жаңа тұжырымдамаларының аясында тұлға мәселесін қайта қарастыру Е.Р. Калигеевская, Ю.М. Орлов, Д.А. Леонтьевтің еңбектерінде бар. Олардың зерттеулерінде мәселеге табиғи-ғылым және гуманитарлық көзқарастардың синтезі көрсетілген, адамның құндылықтары мен өмірлік мәнді өлшемдері оның жағымды дамуының детерминанты ретінде зерттеледі.
Осылайша, біз психологиялық денсаулықты – қазіргі өркениетті қоғамның көптеген тұрғындары үшін өзекті мәселе, деп белгілей аламыз. Психологиялық денсаулық – бұл құрылымдық өмірлік сценарийлерді икемді, мобильді түрде құруға және оларды қарқынды өзгеріп жатқан, агрессиялы ортада табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жаңа ақпаратты тиісті меңгеріп, қайта өңдеп және тудыру бойынша адам мен қоғамның іргелі қабілеті. Психологтардың айтуынша, тұлға өзінің өмірлік маңызды сұраныстарын қанағаттандыра алмаған кезде және күрделі әлемде жағымды қатынастар мен бейімдік мінез-құлықты сақтап, өмір сүруге әлеуметтік құзыретті болуға қабілетсіз болған жағдайда «психология-лық сырқат» пайда болады. Өз кезегінде, психологиялық денсаулық көбінесе соматикалық саулықтың негізін салушысы болып табылады. Әсіресе психологиялық денсаулық кәсіби денсаулықты дамытудың алғышарты болып табылады.
Психологиялық денсаулық мәселесін қарастыра отырып, бірнеше авторлардың ұсынған, психология-лық денсаулықтың өлшемдерін қарап өтелік. Психологиялық денсаулықтың өлшемдері болып келесі реттегілер саналады: жақсы дамыған рефлексия, стресске төзімділік, қиын жағдайларда өзінің қорларын таба білу, тұлғаның эмоционалдық және мінез-құлықтық көріністерінің толықтылығы (В.С. Хомик), өзінің ішкі болмысына сүйену (А.Е. Созонов, F.Pearls), өзін-өзі қабылдау және қоршаған ортадағыларға зиян келтірмей өз эмоционалдық мәселелерін шеше алу, өзінің әлді және әлсіз жақтары туралы анық хабардарлық ретіндегі «өзіндік ақиқат», адам жасайтын барлық іске мән беретін және басты мақсатты қамтыған құндылықтар жүйесінің болуы (G.Allport). Ю.П. Зинченко, И.С. Бусыгиналармен психология-лық денсаулық кәсіби іс-әрекеттің маңызды негізі ретінде қарастырылады және «кәсіби денсаулық» ұғымы іс-әрекетті тиімді атқаруға мүмкіндік беретін, қажетті және тиісті физикалық және психологиялық атқарымдықтың деңгейін көрсететін жағдай түрінде түсіндіреді [3].
Психологиялық денсаулықтың келесі өлшемдерін белгілейді:

  • адам психикасының әр түрлі салаларында – эмоциялық, мотивациялық, айтуға мүмкіндік беретін және тұлғаның үйлесімсіздігі мен оның қоршаған ортамен байланыстан айырылуы сияқты ауытқуларды анықтайтын психикалық тепе-теңдіктің өлшемдері;

  • психиканың барлық салаларының дамуы мен қызмет етуінің біркелкілігі ретінде түсінілетін, оның ұйымдасуындағы үйлесімдік, сонымен қатар олардың тығыз байланысы; өзінің ішкі тепе-теңдігін сақтай отырып, тұлғаның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті сияқты ұғынылатын, ағзаның бейімділік мүмкіндіктері.

  • табиғи және әлеуметтік ортаға бейімділік; қалыптылық; адамның сабырлылығы мен тұрақтылығы;

  • адамдар қауымдастығына үйлесімді түрде ену;

  • нақты «Мен»-ді мінсіз «Мен» бейнесімен салыстыру. Нақты «Мен»-нің мінсізбен жоғары дең-гейде сәйкес келуі адамның психологиялық денсаулығының нақты көрсеткіші болып саналады.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұзылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.
Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дәрмектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г.Сельенің айтуына қарағанда, «күйзеліссіз өмір өлі». Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа белген. 1-топтағы егеуқұйрық-тарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерізімді күйзеліс тудырып отырған. Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы өлместен тіршілік ете берген. Осыдан келіп үлкен қорытынды жасаған. Қандайда болмасын күйзеліс қажет екендігін дәлелдеген.
Күйзеліс көзінде ағза көптеген гормондарды адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты. Бұл биология-лық жағдайлардың барлығын жеңу үшін қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стрестік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады.
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтыңденсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халық-тың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адам-дардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдай-ларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайы-на тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ [2].
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козға-лыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсен-ділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.Тынысалу мүше-лерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақса-рады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т.б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артық салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оқу тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет