Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


кесте. Ерте балалық шақта толеранттылықты қалыптастырудың алғышарттары мен шарттары



бет66/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

1 кесте. Ерте балалық шақта толеранттылықты қалыптастырудың алғышарттары мен шарттары



Толеранттылық қалыптастыру алғышарттары

Толеранттылық қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары



Маңызды ересек адамға эмоциялық байланыс-тылығы;
ересек адаммен бірге қауіпсіз және эмоциялық жақындыққа деген жоғары қажеттілік;
басқа адамның эталондық бейнесін қалыптас-тыру;
қарым-қатынас элементтерін қалыптастыру

Баланы жиі қолына алу, талабы бойынша тамақ-тандыру, көп күлу және қарым-қатынас;
өзгелерге жанашырлықты өзінің қиындықтарына толертанттылықпен бірге қалыпткстыру;
тыйым салуларды уақтылы енгізу;
бөлісу дағдысын дамыту;
сұлулыққа құндылық ретінде қатынасты қалыптастыру;
бағалау мәдениетін тәрбиелеу, ол оның кез-келген көріністерінде алуан түрлілікті тануға және бағалауға мүмкіндік береді;
қарым-қатынас шеңберін және қоршаған ортаны игеру шекарасын кеңейту.



Біз С.К. Бондыреваның көзқарастарын бөлісеміз [10], оған сәйкес баланың психикалық дамуының бастапқы кезеңдерінде қандай бағытта жеке тұлға ретінде қалыптасатыны – толеранттылық немесе интолеранттылық ортасында маңызды болып табылады. Сонымен қатар, автор толеранттылық пен коммуникацияның өзара әсерін атап көрсетеді, олардың өзара шарттылығы: бір жағынан, тек толерантты қарым-қатынас өнімді болуы мүмкін, екінші жағынан-тек өзімен ұқсас қарым-қатынастың арқасында индивидта толеранттылық қалыптасады.
С.К. Бондыреваға сәйкес, баланың психикалық дамуында толеранттылық пен интолеранттылық көріністері ерте жастан үйлесіп, кезектеседі: жылау – аштыққа, жайсыздыққа, бейтаныс адамға интолеранттықтың көрінісі; күлкі-өмірге, рахат алуға, жақын адамға толеранттылықтың көрінісі. "Ең бастысы – толеранттылық пен интолерантылық бағдарларын орналастыру және дамуды қоршаған ортамен теңдестірілген, үйлесімді қарым-қатынас жағына бағыттау" [11].
Келесі жас кезеңінде – мектепке дейінгі балалық шақ – толеранттылықты қалыптастыру процесі жалғасуда, бірақ басқа да негіздер бар және басқа да психикалық ерекшеліктерімен, дамудың өзге де әлеуметтік жағдайларымен анықталатын басқа да жағдайлар жасауды талап етеді (2 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет