Дүйісмағанбетова Әлима Мұратқызы - қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы
Қазақ филологиясы кафедрасы
№ 4 ғимараттың 4-қабаты 408-бөлмесінде орналасқан
1.2. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау»
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 кредит сағат саны болуы тиісті, әр кредит – сағат саны екі байланыс сағаттан және 1 сағат СӨЖ, ОЖСӨЖ-ден тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі
Сабақ
Өткізу уақыты
Сабақ
Өткізу уақыты
Байланыс сағаты
1
(практикалық)
50 минут
СӨЖ
ОЖСӨЖ
50 минут+
50 минут
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
семестр
кредит
Дәріс
Практикалық
ОЖСӨЖ
Барлығы
Бақылау түрі
3
5
1
-
15с.
8с
30сағ.
емтихан
Кіріспе
«Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәні – жоғары оқу орындарында жүргізілетін эликтивті пәндердің бірі.
Курстың мақсаты: студенттерге жүйелі білім беру, болашақ жоғары білімді мамандарды осы салаға қатысты теориялық, практикалық, әдістемелік біліммен қаруландыру.
Курстың міндеті: 1.Көркем мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру; белгілерін айқындап алуға дағдыландыру;
2. Көркем мәтіннің тұлға-бірліктері – күрделі фразалық тұтасымды, абзацты ажырата білуге үйрету;
3. Көркем мәтінді құраушы бірліктердің байланысу амал-тәсілдерін игерту;
4. Көркем мәтін түрлері, баяндау қабаттары туралы білік-дағдыларды қалыптастыру.
Пререквизиттер: Синтаксис, стилистика, тіл мәдениеті пәндерінде көркем мәтінге байланысты кейбір мәселелер қамтылады. Синтаксис саласында күрделі синтаксистік тұтастық, құрамындағы сөйлемдердің байланысу жолдары, сөйлем түрлері т.б.; стилистикада мәтіннің стильдік сипатына байланысты түрлерге бөлінуі, олардың ерекшеліктері, көркем мәтіннің дұрыс құрылуы т.б.; тіл мәдениетінде ауызша және жазбаша мәтіндердің дұрыс құрылуы секілді мәселелер.