Стилистикалық емес қателер:
1. Лексикалық қателер:
1) Сөздің мағынасын білмей қолдану: «Бәрінен де шиеттей баланы далаға тастамай өсіріп адам қылғанын айтсайшы»;
2) Сөздің мағынасын білмей тіркестіру: «Қырық құлаш қыл шылбырдан аттың мойнына тұзақ салды», «Кеше ғана осы университет есігін аттағанда»;
3) Сөздің мағынасының нақты қолданылмауы, күңгірт болуы: «Жігіт жігерлене жұтынды»; «Екінші, үшінші курста біреудің айтқанымен жүрген сияқты ұйқылы көзбен сабаққа келіп аузын ашып сабақ айтады, айтпаса ол да жоқ»;
4) Паронимдердің қолданысы: «Төсек жаңартты» (жаңғыртты); «Жазушылар сұрақты қардай жаудырды» (боратты).
Достарыңызбен бөлісу: |