2. Фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:
1) Тұрақты тіркес құрамындағы сыңарлардың мағынасына жақын келетін сөздермен ауыстырылып қолданылуы: «Ауыр қылмысқа адамды өмір сүру құқығынан қию жатады».
2) Тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі: «Қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ »дегендей ерге елге медет болып адамның ақиқат пен шындыққа,ақылдылық пен қайраттылыққа меңзеліп отырады.
3.Морфологиялық қателер:
1) Тек қана жекеше түрде қолданылатын зат есімдерге көптік жалғаудың тұлғасын қосып жазу:
Зат есімдерде септік жалғауларының дұрыс қолданбауы: «Біз бұл өмірде бақытты болу үшін туылдық»; «ХХІ ғасырдың мақсаты осы, өмірде сау сәбиді өмірге келтіру, ішімдік пен есірткіден аулақ болу»;
2) Сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану: «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім».
Достарыңызбен бөлісу: |