2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
1) Бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр сілкінді». «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің құдіретін терең меңгеріп қана қоймай, санамызда мәнгілікке жатталады».
а) Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда»; «Ол болашақта өз мүдделері және күллі адамзат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы үміттенеміз»;
«Менің барынша құрметіме сендіруімді қабыл алғайсыз»;
ә) Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы».
2) Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде ауызекі, кітаби тілге тән лексиканы себепсіз қолдану: «Студенттерді қорқытып қойса болғаны екен. Көрмеген кітапхананың есігін ашып, өмірінде ұстамаған кітапты ұстап көреді»; «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім».
Достарыңызбен бөлісу: |