3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
1) Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану: «Бұл жылдар сені аңсай сағыну, тосу жылдары еді. Мен бұл кезеңде адамдардың жүрегінде мәңгі-бақи өшпейтін бір сезім болатынын, ол-махаббат сезімі екенін ұқтым».
«Саған «Ақша қарыңмен» деп айтқым келді. Сол себептен баяу аяңдап келіп, үйреншікті бұрыштан сені іздедім».
2) Ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз қолдану: «Ананың мейірімі мен махаббаты шексіз. Ақын-жазушылардың романдарын оқығанда ананың жанашырлығы, балаға деген сүйіспеншілігі әсерлі суреттеледі. Себебі оның бір элементі болса да өмірден алынған».
3) Өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану: «Үлкендердің алдын-ала ойластырылып жасаған бұл жоспарларының тамаша нәтижесі болғаны жұртқа жақсы белгілі»; «Ұстаздардың адамдық пен аярлыққа, әділетсіздік пен жалғандыққа, крепостнойлық тәртіпке қарсы ащы сындар айтып, мысқыл сөздерді боратуы кадеттердің ой-өрістерінің дамуына, өмірге, қоғам құбылыстарына қатысты біршама дұрыс көзқарастарының қалыптасуына едәуір ықпал етті».
Достарыңызбен бөлісу: |