Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


 Er-диаграммаларды реляциялық кестелерге түрлендіру ережелері



Pdf көрінісі
бет31/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

8.4 Er-диаграммаларды реляциялық кестелерге түрлендіру ережелері 
Тұжырымдамалық модельдер реляциялық және басқа да үлгілерге 
қарағанда пәндік аймақты дәл көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі уақытта 
осы модельдерді қолдайтын ДҚБЖ көп емес, ал тәжірибеде реляциялық 
модельді 
іске 
асыратын 
жүйелер 
кеңінен 
таралған. 
Сондықтан 
тұжырымдамалық модельді реляциялық үлгіге аудару әдісі қажет. Мұндай әдіс 
ER-диаграммалардан алдын ала кестелердің жинағын қалыптастыруға 
негізделеді. 
Әрбір мән үшін кесте жасалады. Әрбір мән атрибуты кесте бағанына 
сәйкес келеді. 
ER-диаграммалардан кестелерді генерациялау ережесі екі негізгі 
факторға негізделеді: байланыс түрі және мәннің класқа тиістілігі. Ережелер: 
1-ереже

егер 1: 1 типті байланыс және екі мәннің тиістілік класы 
міндетті болса, онда тек бір кесте қажет. Бұл кестенің бастапқы кілті екі мәннің
кез келгенінің бастапқы кілті болуы мүмкін.
 
2-ереже
:
егер 1: 1 типті байланыс және бір мәннің тиістілік класы 
міндетті болса, ал екіншісі міндетті емес болса, онда әрбір мән үшін жеке 
кестені құру қажет. Бастапқы мән кілті тиісті кестенің бастапқы кілті болуы 
керек.
3-ереже
:
егер 1: 1 типті байланыс және екі мәннің тиістілік класы 
міндетті болмаса, онда үш кестені құру қажет - әрбір мән үшін біреуден және 
біреуін байланыс үшін. Мәннің бастапқы кілті тиісті кестенің бастапқы кілті 
болуы керек. Байланыс кестесі өз атрибуттарының арасында екі мәннің
кілттерін мазмұндау керек. 
4-ереже
:
егер 1:М типті байланыс және мәннің тиістілік класы М 
жағынан міндетті болып табылса, онда әрбір мән үшін кестені құру қажет. 
Мәннің бастапқы кілті тиісті кестенің бастапқы кілті болуы керек. 1 
жағындағы бастапқы кілті М жағындағы мән үшін кестеге атрибут ретінде 
қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет