2-тақырып. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары.
Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері.
Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары. Тілдің стилистикалық құрылымы. Функционалды стиль турлы ұғым. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері.
Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері. Функционалдық-стильдік және эмоционалдық-экспрессивтік бояулар. Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары, тілдің стилистикалық тұрқын қалыптастырудағы олардың рөлі.
Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар.
Стилистикалық синонимдер.
Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі.
Стилистикалық қате туралы ұғым. Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшеліктері. Тілдік-стилистикалық мәдениетті тәрбиелеу.
Стилистиканың зерттеу әдістері. Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент жасау және жалпы тілдік әдістерді пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |