Ж. Т. Сарбалаев 2009ж


-тақырып. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері



бет8/12
Дата25.01.2022
өлшемі291,5 Kb.
#114098
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
4-тақырып. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.

Функционалды стильдердің пайда болуының алғышарттары мен себептері. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалды стильдердің концепциясы. «Стиль», «подстиль», «жанр» ұғымдарыныңқарым-қатынасы. әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдердің өзара байланысы мен бір-біріне әсері, стильдік шектеулікті еңсеру. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы және оларды топтастырудың принциптері.

Ауызекі сөйлеу стилі. Оның қолданыс аймағы мен қызметі. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері, стильдік белгілері. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері.

Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми стильдің қолданыс аймағы, стильдік белгілері, түрлері. Жанрлық-ситуациялық стильдер, олардың бір қалыпқа түсу дәрежелері. Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері.

Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері, жанрлары. Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері.

Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі. Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінің әсері. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері. Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар.

Көркем әдебиет тілі. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшеліктері. Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалды стильдері жүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет