3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып. Стилистикалық қателерді табу.
Стилистикалық қателерді қателермен жұмыс жүргізу. Стилистикалық қателердің логикалық, грамматикалық, лексикалық қателерден ерекшелігін анықтау. «Стилистикалық қате» және «стилистикалық дәлсіздік» ұғымдарының мәнін түсіну. Мектеп оқушыларының жазба жұмыстарындағы стилистикалық қателер мен дәлсіздікті талдауға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу. Газеттердегі мақалалардың мәтіндерін стилистикалық өңдеу жұмыстары. Мәтіндердің стилистикалық тональділігін анықтау, өңдеу.
2-тақырып. Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуын анықтау жұмыстары.
Тілдің стилистикалық бояуға ие және бейтарап құралдарын ажыратып, олардың мәтіндегі рөлін айқындау. Стилистикалық синонимдермен жұмыс. Сөздіктермен жұмыс. Синонимдер сөздігіндегі мақалаларды талдау. Сөздіктердегі стилистикалық белгілерді сын көзбен қарап тексеру, олардағы қайшылықтарды, толық еместікті анықтау. Тілдік құралдарға стилистикалық паспортизация жасаудың өлшемдерін анықтау.
Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарына сипаттама. Адамдардың үнтаспаға жазылып алынған өзара сөйлесуін, сондай-ақ көркем шығармаларды диалогтарды талдау. Адамдардың өзара сөйлесуінен мәтін құрау жұмыстары.
3-тақырып. Іс қағаздары мәтінін стилистикалық талдау.
Ресми-іс қағаздары стилінің лексика-фразеологиялық және грамматикалық құралдарын анықтау. Іс қағаздары мәтініндегі стилистикалық қателерді табу. Ресми құжаттарды студенттердің өздеріне жаздырып, олардағы стилистикалық қателерді талдау. Мәтінлді стилистикалық өңдеу жұмыстары.
Ғылыми мәтіндерді стилистикалық талдау. Ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық, грамматикалық құралдарын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |