«Ж. Тобаяқов атындағы ом мдшо -мен» кмм бойынша Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы Анықтама Тексеру күні



Дата26.01.2023
өлшемі13,52 Kb.
#166541
Байланысты:
Ыстық тамақ


«Ж. Тобаяқов атындағы ОМ МДШО -мен » КММ бойынша
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы
Анықтама
Тексеру күні: 08.01-10.01.2021ж
Тексеру комиссия мүшелері:
ДТІЖО Ақылбекова Т.О
Мақсаты: Аз қамсыздандырылған отбасы балаларына үкімет, ұжым тарапынан әрдайым қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14- қаңтарындағы №2 қаулысына № 2 қосымшаға байланысты 2020-2021 оқу жылында «Ж. Тобаяқов атындағы ОМ МДШО -мен » КММ бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
2021 жылдың 9 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы көмек алатын тегін және жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып 27 бала , бекітілді.
2020-2021 оқу жылына бір мезгіл тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрықтары бекітілді. Мемлекеттік бюджет есебінен тегін берілетін ыстық тамақтың жоспары дайындалып, ыстық тамақтың ас мәзірімен, кезекшілік кестесі бекітіліп, ілінген.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан қаңтар айынан желтоқсан айына дейін 970000(тоғыз жүз жетпіс мың)теңге қаражаты бөлінді. Бюджет есебінен бөлінген бір мезгіл ыстық тамақтың бағасы 210 (екі жүз он) теңге. Қамтылған оқушылардың тиісті құжаттары (туу туралы куәлігі, мемлекеттен атаулы көмек алатыны жөнінде анықтама, неке қию куәлігі, өтініш, қол хат) жинақталды.
1-10 сынып аралығынан мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған 27 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.Қамқоршылықтан 2 оқушы, мемлекеттік атаулы көмек алатын 5 оқушы, 20 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар.
Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, ай сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылды.Тамақтануға келген оқушылар күнделікті журналға белгіленіп отырады. Арнайы бекітілген екі апталық ас мәзірі әр дүйсенбі сайын ілініп отырады. Үнемі асханадағы азық түлік сапасын сақтау, мерзімін қадағалау, оқушылардың сапалы тамақтануын қадағалау, ас мәзірінің дұрыс жасалуын тексеру, тамақтың пайдалы өнімдерден жасалуын қадағалау үшін құрылған комиссия мүшелерінің жұмысына акт жасалып, анықтама жазылды. Тегін тамақ ішетін оқушылардың құжаттары жинақталып папка жасақталды. Жоспарға сәйкес әр сыныптың әлеуметтік картасы жасалып, соған сәйкес мектептің әлеуметтік паспорты жасалып бекітілді.
Ұсыныс: Тамақтың сапасы жақсартылсын, асхананың тазалық тәртібі сақталсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет