Жаңа дәрісті хабарлау Тақырыбы: Өндірістік шығындар Дәрістің мақсаты


Бухгалтерлік шығындар Экономикалық шығындар



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі253,19 Kb.
#12956
1   2

Бухгалтерлік шығындар


Экономикалық шығындар







Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар.

Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар.

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.



Экономикалық шығындар-кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады.

Айқын шығындар- өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

2.Альтернативтік  (лат. Alternus — алма-кезек) шығындар- бірін-бірі жоққа шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктердің біреуін ғана тандау қажеттілігі.

Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

Прямая соединительная линия 32Прямая соединительная линия 31



Тұрақты шығындар (ҒС) – бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар.

Айнымалы шығындар (VС) – олар өндірілген өнім көлем өзгерген сайын өзгеріп отырады.



Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді. Тұрақты шығындарға: тұрақты салықтар, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады. Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Айнымалы шығындар (VC) – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.

Айнымалы шығындар 3 түрге бөлінеді:
Загнутый угол 19Загнутый угол 20Загнутый угол 21

a) б) c)




Полилиния 14Полилиния 15 C C Vc C Vc

Прямая соединительная линия 13

Vc


Q Q Q

3.Өндірістік шығынды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары ( АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығынды көрсетеді.Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен анықталады:

АТС = ТС ,

Q

Орташа жалпы шығындар екі түрге бөлінеді:


АҒС- орташа тұрақты шығындар.АҒС = ҒС

Q

АVС – орташа айнымалы шығындар. АVС =



Q

Itrn3


Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

Q Q = өндірілген өнім саны.

Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шығындар арасындағы кері байланыс бар.Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіндіру үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар PL жалғыз айнымалы фактор деп карастырамыз.Бұл жағдайда

МС= VC+ PL*L + PL+ PL

Q Q Q MPL

AVС= VC+ PL*L + PL+ PL

Q Q Q APL



Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы.

4. Изокоста –бұл жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкіндік болатын тіркесімен қамтитын сызық.

Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді РL арқылы белгілейік, ал Рк –арқылы капиталдың бір данасына кететін жал төлемінің құнын белгілейік.

Сонда жалпы шығын былай анықталады: ТС = РL* L + Рк *К мұнда:

РL* L- еңбекке кететін шығындар;

Рк *К- капиталға жұмсалатын шығындар;

Берілген теңдеудің жазықтығы графигі изокоста болып табылады. Изокоста теңдеуін былай жазуға болады.К= ТС/Рк-Рl/Рк* L;


К

Группа 59

А


В

L

Изокостаның бойында орналасқан кез келген Ажәне В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей.А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданған капиталдың саны К-ға азаяды, ал еңбек саны L –ге көбейеді.




Дуга 70 Егер факторлар бағаларырын өзгерілмейтін деп санасақ, С1, С2, С3 шығындардың әр деңгейлері үшін изокоста графиктерін салуға болады:

K B


Группа 53

C3

C2

C1 Q-200

L

Шығындардың әр деңгейлерінің изокосталары



Осы изокосталардың әр қайсысы шығындардың бір деңгейін қамтамасыз ететін факторлардың барлық мүмкін түрлерін көрсетеді. Изокоста неғұрлым жоғары болса, шығындардың соғұрлым жоғары деңгейін көрсетеді. Изокостаның еңкіштігі «алу» белгісі бар факторлар бағаларының ара қатысына тең: РL / PK = W/I

6. Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсіндіріледі.



Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.

Скругленный прямоугольник 9Скругленный прямоугольник 6

Есептер шығару:

Мысалы: «Бақдаулет» фирмасы бір тауарды өндіріп сатады, өнімнің бір бірлігінің ауыспалы шығындары төменде келтірілген ,теңге:

Шикізат пен материалдар................20

Жалақысы .........................................16

Ауыспалы өндірістік шығындар.......8

Ауыспалы өткізу шығындары ..........4

Барлығы: 48

Тауардың бір данасы 60 мың теңгеден сатылады, тұрақты шығындар 136 мың теңге фирма 32 мың теңге пайда алу үшін тауардың қандай санын сатуды керектігін анықтау керек

1.Бұл тапсырманы шешу үшін жабу сомасын анықтаймыз. Оны жалпы түсім мен ауыспалы шығындардың айырмасы, сонымен қатар тұрақты шығындар мен пайданың қосындысы түрінде анықтауға болады: 136 мың тг+ 32 мың тг = 168 теңге;

2.Жабу сомасын біле отырып, оның орташа сомасын тауар бағасы мен орташа ауыспалы шығындардың айырмасы ретінде анықтаймыз: 60мың тг - 48мың тг = 12 теңге;

3. Бір ғана тауарды өндіріліп сатылғандықтан, пайданың берілген сомасын алу үшін сатуға керекті тауар көлемін жабу сомасын оның орташа сомасына бөлу арқылы анықтауға болады:

168 мың тг/ 12 мың тг дана = 14 мың теңге;

Жаңа материалдарды бекіту:15 мин

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер?

1.Өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарына анықтама беріңіз?

2.Шығындардың тұрақты және өзгермелі деп бөлінуінің мағынасы неде?
3.Шекті шығындарды шекті табыспен салыстыру не үшін қажет?


1-тапсырма- терминдік сөздермен жұмыс

«Кім аз ойласа , сол қателеседі» ойыны ( топтарға терминдік сөздерді жазып шығу керек)

2-тапсырма.«Формулалар» категориясы

*Орташа жалпы шығындар формуласын толықтырыңыз: АТС =??? (АС = ТС / Q);

*Орташа айнымалы шығындар формуласын толықтырыңыз: АҒС =??? (ҒС/ Q);

*Өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындар формуласын толықтырыңыз: МС=??? (ТС/ Q);

*Шекті шығындар формуласын толықтырыңыз: МС=??? (VС/ Q);

*Жалпы шығын формуласын толықтырыңыз: ТС = ??? ( ТС = РL* L + Рк *К);

* Изокоста теңдеуін толықтырыңыз: К= ??? (К= ТС/Рк-Рl/Рк* L);
3-тапсырма. «Есеп»

1 Кестеде автомобиль өндірісінің шекті шығындары берілген:




Автомобильдер саны

1

2

3

4

5

Шекті шығындар,мың теңге

200

180

160

150

125

4 автомобиль өндірудің жалпы шығындарын анықтаңыз,3 автомобильдің орташа жалпы шығындарын анықтаңыз.

Егер тұрақты шығындардың мөлшері 100 теңгеге тең болса,онда 5 автомобиль шығарудың жалпы айнымалы шығындары неге тең?
2 Фирманың жалпы тұрақты шығындары 300-ге тең графикте көрсетілге деректерді пайдаланып, өнім көлемі 15-ке тең болғандығы орташа айнымалы шығындардың мөлшерін анықтаңыз.

AVC
40

15

3.Тігін өндірісінде капиталды еңбекпен технологиялық ауыстырудың шекті нормасы кейбір өнім көлемдері үшін 0,02-ге тең. Бұл салада құрал жабдықтың жалақысы сағатына 5000 теңге, еңбектің әр сағаттық бағасы 100 теңге. Берілген өнім көлемі үшін, жалпы шығын қандай болады?Егер фирма 1-ауысымда жұмыс істеп, айына 2000 жейде шығарса,оның орташа тұрақты шығындарының мөлшерін анықтаңыз.



4 тапсырма. «Графикалық тест»

1.Экономикалық шығындар құрамына:

А)айқын және айқын емес шығындар,сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады

Ә)айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды

Б) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар ескерілмейді

В) айқынжәне айқын емес шығындар қосылмайды



2.Төменде айтылған тұжырымдардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?

А)бухгалтерлік шығындар + экономикалық шығындар = кәдімгі пайда



Ә) экономикалық пайда- бухгалтерлік пайда = айқын шығындар

Б) бухгалтерлік пайда- айқын емес шығындар= экономикалық пайда

В) экономикалық пайда- айқын емес шығындар= бухгалтерлік пайда

3.Ұзақ уақыт мерзімінде:

А) барлық шығындар айнымалы болады

Ә)айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі

Б) барлық шығындар тұрақты болады

В) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі

4.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:

А)МС


Ә)VC - Q
Б)TC/Q
В)ҒС+VC

5.Орташа жалпы шығындар бұл өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын шығындар:

А) тұрақты шығындар

Ә) шекті шығындар

Б) тұрақты және айнымалы шығындар

В) экономикалық шығындар



6.Изокоста мағынасы :

А) көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы



Ә) жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкіндік болатын тіркесімен қамтитын сызық.

Б) табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық

В) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады

7) Қалдық шығындар бұл...

А) өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі

Ә) шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.



Б) өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

В) көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы



V. Сабақты қорытындылау

1.Білімгерлерді EXCEL программасы арқылы бағалау



VI. Үйге тапсырма :

Теориялық: дәрісті оқып келу , қосымша іздену Ә1: Т. Түсіпбеков Кәсіпорын экономикасы 146-157беттер

Практикалық: есептер шығаруӘ2: «Микроэкономика» Н.Қ.Мамыров Қ.С.Есенгалиева -оқу құралы Алматы 2000ж 214-250 беттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет