Жаңа дәуір философиясы



бет6/15
Дата07.03.2022
өлшемі49,07 Kb.
#134514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotation11176
4
Галилео Галилейдің (1564-1642 жж.) жүйелі астрономиялық зерттеулерінің эксперименталдық жолы әлемнің гелиоцентристік жүйесінің бекітілуіне ықпал етті.
Галилей әлем туралы нақты білім алуға болатын жаңа, эксперименталды ғылыми тұжырымдар жасады. Ол әлемнің біртұтастығының философиялық идеясын басшылыққа алды. Оны ғылыми танымдағы дедуктивті – гипотетика әдісінің теоретигі деп атаса болады.
Блез Паскаль (1623-1662 жж.) – керемет физик, математик, Декарттың ізбасары, қазіргі компьютерлер кейпін қалыптастырушысы ретінде танымал, сонымен қатар, Галилео секілді демаркацияны (бөлу), ғылыми білімді және дін сенімін жүргізуді қажет деп ойлаған.
Теологиялық сұрақтарда Киелі Жазбалардың беделдік принципі басым болды, ал жаратылыстану ғылымдарында оның ойынша ақыл басшылық етуі тиіс. Ал ақыл басшылық ететін жерде даму болуы тиіс. Барлық ғылымдар дамуы қажет, ертерек берілген білімге қарағанда, ұрпақтарға жетілген ғылым қалуы тиіс. Мәңгі ғажап шындықтан айырмашылығы, адамның ақыл есі тоқтаусыз дамуда болып табылады. Ғылымда жаңаны қабылдамаудың әсері прогрестің артта қалуына әкеліп соғады.
«Геометрия рухы және сендіру өнері» еңбегінде геометриялық тәсілді қолдану ғылыми дәлелдің сенімді тәсілі болып табылады деп тұжырымдаған. Бұл әдіс «ештеңені дәлелдемейді және нақтыламайды. Ол тек қана табиғат әлеміндегі анықтылықты және тұрақтылықты тұжырымдайды. Бұл ғылыми әдіс әмбебап, бірақ қолданғанда үш талапты ұстану керек:
- дефиниция (анықтау) заңдарын ұстану;
- қосмағыналы терминдерді анықтаусыз қолданбау;
- дефиницияларда тек қана танымал терминдерді қолдану.
Паскальдың христиандық көзқарасы скептицизммен біркелкі, сол себептен шексіздікті тануда сенімсіздік тудырады. Ғалымға осы мәселенің терең мағыналығы жетіспейді, сонда теолог философты шектетті. Адамның табиғаты мен ойлау қабілетін скептикалық бағалау жоқ. Адам – бұл табиғаттағы ең әлсіз және қабілетсіз жан, өзінше «ойлаушы» деп Паскаль бекіткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет