Жаңа экономикалық саясат


«Әскери коммунизм» саясатының салдары мен жэс-тің табыстары



бет3/5
Дата19.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#158949
1   2   3   4   5

«Әскери коммунизм» саясатының салдары мен жэс-тің табыстары


Әскери коммунизм саясатының салдары

ЖЭС-тің табыстары

Басқарудың шамадан тыс орталық тандырылуы, бюрократизмге жол ашты, төтенше шаралар қолданды.

Елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты.

Ауыл шаруашылығының аса ауыр жағдайы, егістік жер көлемі азайды.

Нарықтық қатынастарға көшу, ақша айналысын ретке келтіру басталды.

Мал басы кеңіді (малдың барлық түрлерінің саны 10,5млн-ға кеміді)

1922-1924 жж. ақша реформасы жүргізілді.

Аштықтың етек алуы, халықтың жаппай пана іздеп кетуі. 1млн адам аштықтан, суықтан өлді.

1925ж 92 млн пұт астық жиналды.

Жер-жерде бүліктер мен көтерілістердің шығуы.

Өнеркәсіп орындарының 60 % іске қосылды.

Өнеркәсіпті анархия жайлады.

Сауда кең құлаш жайды, 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс жасады.

Өнеркәсіптегі өзгерістер:

1.Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2.Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3.Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады.

.


Кемшіліктер:
1.Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. 2.Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
Нәтижесі:
Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет