1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.
Басты жәрмеңкелер:
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.
2) Ақмола губерниясында – Атбасар.
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.
4) Бөкей ордасында – Орда.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер
1.Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2.Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3.1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4.Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5.Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6.Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7.Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8.Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10.1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Нәтижесі: 1.Егіс көлемі ұлғайды,
2.Мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді.
3.Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
Жер-су реформасы
Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті-1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Барысы: 1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулер: Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.