Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану – білім сапасын арттырудың тиімді жолдары
«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
«Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру».
Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.
«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу – тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.М. Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» - деп анықтама берсе, Н.Ф. Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» - деп анықтайды. Өздеріңізге таныс қазақ тілі мен әдебиет сабағында жиі қолданылып жүрген қазақстандық ғалым – педагогтардың еңбектеріне тоқталсақ:
Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушының да, мұғалімнің де шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде беріледі.
1-деңгейдегі тапсырмалар «танып білу» және үлгіні қолдану арқылы орындалады;
2-деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген және өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша талдау, қорыту жасауға арналған;
3-деңгейдегі тапсырмалар- шығармашылық тапсырма, оқушылардың қабілеттерін ашу мақсатында беріледі.
Ж.Жеткізгеннің «Блоктап, топтап оқыту» әдісі және кесте плакаттары оқушыларға қазақ тілі грамматикасын меңгертудің ең тиімді жолы дер едім. Бір кесте плакаттан бүкіл бір тараудың мазмұнын ұғындырамыз.
Танымал ұстаз Н.Оразхынованың «Сатылай кешенді талдау» әдісін бүкіл қазақстандық ұстаздар өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс тіл сабағында болсын, әдебиет сабағында болсын өз нәтижесін көрсетуде. Талдай отырып, өз ойын дәлелдейді, зерттейді, салыстырады, Жаңа тақырыптың қыр – сырын толық меңгереді.
Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу (СТО) технологиясы – оқушылардың Бұл әдісті қазақ тіліне де, әдебиет пәніне де қолдану мұғалімнің білімі мен шеберлігіне байланысты. Бұл әдіс 3 бөлімнен тұрады:
а) қызығушылығын ояту;
ә) мағынаны тану;
б ) тақырып туралы ой- толғаныс.
Бұл әдіс – бала белсенділігін арттыруда, ұжыммен жұмыс жасауда және сөйлеу дағдыларын жетілдіруде ең тиімді әдісі.
Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиет сабағында электорнды оқулық, яғни, мультимедиялық оқулықтарды пайдалану – бала таным көкжиегін кеңейтуге, замана көшін сезінуге жетелейтін технология. Электронды оқулықпен оқытудың оқытудың негізгі мақсаты – ақпараттық ізденіс қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасау. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп көмектеседі. Әдебиет сабағында көлемді тақырып өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, көріністер, дыбыс және музыка арқылы көрсетуге болады. Мысалы, өз тәжірибемнен: 8-сыныпта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастанын өткенде оқушылар 1-сабақта дастанның мазмұнын меңгерсе, келесі сабақта талдау жұмыстарын жүргіздік. Осы сабақта СТО әдісі бойынша топтап өттік, оқушы қызығушылығын ояту мақсатында интернеттен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алдық және оқушыларды мәнерлеп, келістіріп оқуға жетелеу мақсатында Мамырдың Көкенайға айтқан сөзін тыңдаттым, Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінің клипін көрсеттім. Ал «Мағынаны ашу» бөлімінде шығарманы талдау үшін 4 топқа 4 түрлі тапсырма бердім.
І топ образдар жүйесіне талдау жасады.
ІІ топ поэтикалық тіліне талдау жасады.
ІІІ топ композициялық құрылымына талдау жасады.
ІV топ өлең құрылысына талдау жасады.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көиегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.
Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Жолдау.
Б.А. Тұрғынбаева. «Дамыта оқыту технологиялары» // Алматы, 2000 ж.
Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі //Алматы 2001 - 75 б.
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде //Алматы – 2006ж. 4-5 бет.
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім // Қазақстан мектебі № 4. 2008ж.
Баяндама: «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу»
Жаңа технология – сапалы білім кепілі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы.
Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын Алға қаласындағы № 1 мектепте әр сабағымды түрлендіріп, деңгейлеп – саралап оқыту , сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып өткіземін. Ойын арқылы сабақты түрлендіре өткізу тиімді деп ойлаймын.Төменгі сыныптарда сабақ қызықты өту үшін мынадай ойын түрлерін қолданамын.
Осындай слайд арқылы бала өз ойын суретке қарап отырып айтып жеткізеді. Бұдан оқушының ойлау, сөздік қоры жетіледі әрі қызығушылығы оянады. Қазақ тілі сабақтарында сабақты бекіткен кезде семантикалық карта , ребус , жоғарғы сыныпта тыныс белгісін ажырату сияқты түрлерін қолданып отырамын.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі¬¬¬¬-жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалану тимділігі орасан зор. Сондықтан мүмкіндіме қарай сабақта ақпараттық құралдар мен электронды оқулықты жиі қолданамын.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагокикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
Білім беру үдерісіндегі соңғы уақыттарда көп қолданылып,оң нәтижесін көрсеткен модульдік оқыту технологиясы туралы айтуға болады.Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
9- сыныпта М.Әуезовтың «Абай жолы» романын өткен кезде осы технологияның тиімділігін айта кетсек. Абай мен әкесінің арасындағы кикілжіңді тараулардан үзінді келтіре отыра түсіндіруге болады. Онда Қодар мен Қамқаның өлімі, олардың ел алдындағы жазалануын, бірақ оқушыға Қодардың адалдығын, елінен көшпеу себебін, Қодар мен Құнанбай арасына іріткі салып жүрген Жексеннің іс-әрекетін, жазықсыз жазаланған әке мен келіні туралы ашып түсіндіремін.
Қазақтың көне салттары бейнеленген тұстары: Құнанбай мен Бөжейдің арасындағы туыстықты жаңғырту үшін Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздан туған Кәмшатты Бөжейге бергенін, Бөжейдің бәйбішесінің балаға дұрыс қарамай, соңында баланың аурудан көз жұмғанын , көп кешікпей Бөжейдің де дүние салғанын, бірақ Құнанбай ауылын жаназаға шақырмағанын, осылайша қазақ салтының әр бөлімде қылаң беретінін модульмен жіті түсіндіремін.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.
Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5. нәтижені бағалау
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Қазақ тілі сабақтарында БТС және ҰБТ – ке дайындауда тұлғалас формаларды оқытудың тиімділігі зор. Мысалы: -да, -де, -та, -те жалғауы жатыс септігінде және демеулік шылауда бар, әрі сөзі мекен үстеуі , септеулік шылау және жалғаулық шылау болатынын мысалмен түсіндіремін. – қы, -кі, -ғы , -гі жұрнағы сын есім тудырушы жұрнақ. ( қысқы кеш) , қалау рай жұрнағы ( оқығым келеді) , сөз тудырушы жұрнақ (тепкі, бұрғы, шалғы). Мен сөзі жіктеу есімдігі, мен – жалғаулық шылау, Мен – көмектес септігінің жалғауы. Т.б
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан,өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
5. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
6. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.
7. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ РӨЛІ (БАЯНДАМА)
Posted on 21.11.2011 by Редакция Оставить комментарий
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Бөлекбаева Шамшырақ Қоңырбайқызы
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
Оқытушының уақытын үнемдейді
Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
v Барлық баланы оқыту;
v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға ауапіздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірінтыңдау,сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар:әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы,оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау,барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау,оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән.Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан,оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып,өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады
Өзіне деген сенімі артады
Оқу процесіне белсенді қатысады
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
Сараптауға, бағалауға дағдыланады
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Ø Қызығушылығын ояту;
Ø Мағынаны тану:
Ø Ой толғаныс
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді.Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс.Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса,соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Жаңа технологияның принциптері- оқытудыізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрысшешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру.Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаңескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде
Мұғалім нені білуі керек
|
Мұғалім не істей алуы керек
|
Мұғалім қандай іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруы қажет
|
Жаңа технологияның көмегімен шешілеін мәселелерді
Ж.тех-ны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді
Оқушылардың жұмыс әдісін
Оқушыларды жаңа тех-да жұмысістеуге үйрету әдісін
Ж.тех-я мәнін алынатын нәтижелердің теориялық негізін
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру
Әр сабақты жоспарлау
Топтық жұмыс үшін тапсырмалар дайындау
Таратпалы материалды дайындау
Ж.тех-я бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау
Ж.тех.пайдаланатын жекелеген әдістермен тәсілдерді қолдану
Әртүрлы типтегі сабақтар өткізу
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтау
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар құрастыру
|
|
|
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады,яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары
Қазақстан мектебі журналы 2008 ж
Интернет материалдары
Мақсаты: мұғалімдерге прези бағдарламасының артықшылығын көрсете отырып, бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру. Мұғалімдердің сабаққа деген әдістемелік шеберлігін, қызығушылықтарын арттыру. Күнделікті қарапайым презентациядан оның үлкен айырмашылығын көрсету.
Бүгінгі семинарда сіздерге таныстырғалы отырған бағдарлама қай жағынан алсақ та өте қызықты. Ең тиімдісі бағдарламамен жұмыс істеу үшін, оған арнайы орнатудың қажеті жоқ. Ол үшін алдымен интернетке кіріп сол сайтқа өзіміздің аты - жөніміз арқылы тіркелеміз. Оның қызықтылығы бағдарлама презентация сияқты слайдтардан құралмайды. Бағдарлама бір ғана слайдтан тұрады, оны path деп атайды. Бір паздың үстіне өзімізге керекті ақпаратымызды қойып, оны зум арқылы жақындатып, алыстатып көре аламыз. Паздың үстіне әртүрлі суреттермен видеоларды да жүктеп қоюға болады. Прези жүріп тұру үшін оның уақытын қойып, музыкамен ойнатуға болады. Президің әртүрлі эскиздері бар, оның ішінде ЗD эскиздері де берілген. Бағдарламамызды жасап бітіргеннен кейін интернет желісінен жүктеп алып, кез- келген компьютерде көрсете аламыз. Бағдарламаның бір жақсысы оған арнайы бағдарламаны орнатудың қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |