ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Әннің де естісі бар, есері бар



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын»
», 
– деп хакім Абай жырлағандай музыканың
оның ішінде әннің пайдалысы мен зияндысы 
да бар. Әрбір нәрсенің өзіндік өлшемі бола-
тыны сияқты, музыка тыңдаудың да өзіндік 
өлшемдері бар. Оның мәні мен мазмұнына, 
жан-дүниемізге тигізер оң ықпалына қарай 
таңдаған дұрыс. Көңілімізді толқытып, ішкі 
әлемімізді сергітіп, сезімдерімізді оятатын 
ән-күй мен жайлы сазға не жетсін десеңізші! 
Адамды есіртетін, тіпті кейбір жүйке жасу-
шаларын өлтіріп, оны зақымдайтын дыңғыр-
лағы мен сыңғырлағына қызығып, кез келген 
әуенге елеңдей бермеген жөн болар. Соңғы
категорияға кіретін музыка адамды кейде ға-
пылдыққа, бейқамдыққа салатыны бар. Бұл 
санаттағы музыканы анда-санда құлақ ша-
лып тыңдағанның зияны байқалмауы мүм-
кін. Алайда жылдар бойы үздіксіз күні-түні 


137
құлағынан осындай музыканы алмау адам-
ның өз басына әңгір таяқ ойнатқанына ұқсай-
ды. 
Әннің есері болғаны сияқты естісі де бар. 
Оларға, сірә, мынадай әндерді жатқызуға бо-
латын шығар:
- Адамның жан дүниесін сергітетін,
- жақсы ой салатын
- көңілін тыныштандыратын, 
- өмірге деген құлшынысын арттыратын, 
- миын демалтатын
- жаңа идеялар сыйлайтын, 
- адами құндылықтарды дәріптейтін, 
- Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып
- патриотизм рухын оятатын және тағы сол 
сияқты жақсы әсер қалдыратын әуендер.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет