IT Мектеп-лицейінің мәселесі: Инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми -зерттеушілік қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
IT- лицей мақсаты: Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу. Міндеті:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету.
Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіктерін дамытуға жағдай жасау.
Дарынды оқушыларды педагогикалық–психалогиялық сүйемелдеу , қолдау жұмыстарын жүргізу арқылы «Дарынды лицейлік оқушының моделіне » сай тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың құзіреттілігін бақылау деңгейін жеке портфолио арқылы жетілдіру;