«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы


Жиынтық жұмыстарға арналған тапсырмалар құрылымы



бет16/20
Дата07.02.2022
өлшемі52,61 Kb.
#82614
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
2020-2021ж ата-аналар жиналысының тұжарымдамасы

Жиынтық жұмыстарға арналған тапсырмалар құрылымы
Жиынтық тапсырмаларға шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыс, диктант, эссе, мини-тесттер, зерттеу есептері, бірнеше жауаптары бар тест тапсырмалары жатқызылады.
Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:
– 2-4 сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы;
– 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмасы.
2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде көптеп қатысуын талап ететін мәдени және спорттық шаралар толығымен тоқтатылады.

Ата-аналар балаларына Интернетті қауіпсіз түрде қарауды үйрететін ережелер


Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз. Олардан әртүрлі қосымшаларды қалай қолдануға болатындығын үйретуді сұраңыз.


Балаларыңызға Интернетте өздері туралы ақпаратты: ұялы телефон нөмірін, мекен-жайын, мектептің нөмірін, сондай-ақ (өздері мен отбасыларының) суреттерін көрсетпеу керектігін түсінуге көмектесіңіз. Өйткені, кез-келген адам оны көре алады және оны өз пайдасына қолданылуы мүмкін.
Егер балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай электронды хаттарда жазылғандарға сенбеуін және оларға ешқандай жауап бермеуін ескертіңіз.
Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашпауды түсіндіріңіз. Бұл файлдарда вирустар немесе фотосуреттер, әдепсіз немесе агрессивті мазмұндағы бейнелер болуы мүмкін.
Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтатындығын және олар кім екендерін айтпайтынын түсіндіріңіз. Балалар ешқашан өздері, ересектерсіз, шынайы өмірде білмейтін желідегі достарымен кездесуге болмайды.
Балаларыңызбен үнемі байланыста болыңыз, интернеттегі басқа адамдардың әрекеттеріне қалай қарау және қалай әрекет ету керектігін айтыңыз, кеңес беріңіз.
Интернетте біреу ренжітсе немесе агрессивті мазмұнды қабылдаса немесе тапса, балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз.
Сүзгілеу құралдарының балаларыңыз пайдаланатын компьютерде дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет