Ниязин Ш. Домбыра:әңгімелер[Текст] / Ш.Ниязин. – алматы: ХанТәңірі, 2014. – 342 бет.
Жазушы Шәмші Ниязиннің бұл жинағында ел мен жер, өмір, өнер иелері жайлы әңгімелері, Қажымұқан туралы естеліктері еніп отыр. Автор өміден көрген-білгендерін, басынан кешкен жәйіттерін ой елегінен өткізіп, әдемі тілмен көркем дүниеге айналдыра білген. Кітап көркем сөздің қадірін білетін қалың оқырманға арналады.
Оңғарбай Р. Рубаилар [Текст]/ Р.Оңғарбай.- Алматы: Хантәңірі, 2014.- 286 бет.
Қаламгер Рза Оңғарбайдың бұл жинағына төрттаған (рубаилар) түріндегі өлеңдері, өмір, туған жер, адамгершілік тақырыбындағы философиялық ой-тұжырымдағы, сырлы сезімдерге толы туындылары еніп отыр. Автор өмірден түйген ойларын жыр жолдарына түсіріп, салмақты пікір айта білген.
Өтеген А. Ақ көйлекпен шығып ең: поэзия [Текст] / А.Өтеген – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 б.
Бұл жинақ ақынның жастық, достық, махаббат тақырыптарына арналған алғашқы өлеңдерінен құралған. Қанаты қатаймаса да ұясынан ерте ұшуға талпынған балапан тәрізді балаң жырлар – он сегіз бен жиырма бестің арасындағы бозбаланың әлі ешнәрсеге былғана қоймаған мөлдір сезімін, адал махаббатын паш етіп тұрғандай. Өлеңдердің біразы еш жерде жарияланбай қойын дәптерде қалып қойғандар, кейбірі бұрынғы жинақтарда аяусыз түзетіліп, мүлдем өзге өлең болып шыққандар еді. Автор енді түзетілген өлеңдерді де қағазға түскен алғашқы қалпында оқырманға ұсынғанды жөн көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |