Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының қазіргі мәдениеті



Дата07.12.2022
өлшемі2,7 Mb.
#161725
түріБағдарламасы
Байланысты:
жаһандану

Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының қазіргі мәдениеті

  • Орындағандар: Абайқызы Әйгерім
  • Гыниятов Жалгас
  • Калдиева Аяулым
  • Кыдырбаев Нурсулта
  • Нуртазаулы Мухтар

ЖОСПАР:
1. Ұлттық бірегейліктің қазақстандық моделі және жаһанданудың сын-тегеуріндері
2. Қазіргі мәдениеттің мәдени және әлеуметтік түрлері
3. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі және Қазақстан Республикасының мәдениетін одан әрі дамытудың іргетасы ретінде

Жаһандану дегеніміз не?


Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылымитехникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы.
Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы)
америкалық экономист Т.Левита.
Жаһандану - бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени бірігу және
біріздену үдерісі.
Мұның негізгі салдары еңбектің әлемдік бөлінісі, капиталдың, адами және
өндірістік ресурстардың планета ауқымында көшіп-қонуы, заңнаманың,
экономикалық және технологиялық үдерістердің стандартталауы, сондай-ақ
әртүрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы болып табылады.
Жаһандану түрлері:
1)“Менталдық” немесе мәдени жаһандану
2) Экономикалық жаһандану
3) Аумақтық жаһандану
4)Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану
5) Этникалық жаһандану
Жаһанданудың жағымды жағы
- Ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты молайтады, жаңа технологияларды таратады;
- Әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
- Өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформалардыжүргізуге мәжбүрлейді
- Сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігін береді
Жаһанданудың жағымсыз жағы
  • Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі.
  • Қай ұлттың рухани мәдениеті күшті болса, сол ұлт өмір сүруге бейім болады да, рухани мәдениеті әлсіз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзінен жойылып отырады.
  • Қирату құралы – әскери потенциалдың шамадан тыс артуы және жетілуі

Кейбір елдер жаһанданудан пайда көрді:
Қытай. Реформалар кедейшіліктің бұрын-соңды болмаған қысқаруына әкелді. 1978-1989 жылдар аралығында ауыл кедейлерінің саны 250 миллионнан 34 миллионға дейін қысқарды.
Үндістан. Соңғы 20 жылда кедейшілік деңгейі екі есеге қысқарды.
Жаһандану басқа елдерге көмектеспеді:
Көптеген африкалық елдер жаһанданудан пайда көрмеді. Олардың экспорты бұрынғысынша шикізаттың негізгі түрлерінің шектеулі тізімімен шектеледі.
Мемлекеттің мықты болуының келесі факторы – мемлекет құраушы халық. Халықты тәрбиелеу үрдісі балалық кезден басталуы қажет. Баланың алғашқы әлеуметтену ортасы – отбасы, балабақша, мектеп. Қазақстандық психолог ғалым Қ. Жарықбаев «доминант» теориясы бойынша баланың алғашқы әлеуметтену кезеңінде ақпараттар қай елдің тілінде баланың санасына бірінші болып орнықса, сол басымдыққа ие болатынын айтады. Сондықтан баланы тәрбиелеуде де жапон халқының тәжірибесіне сүйену біздің ойымызша өте ұтымды қадам. Жапон халқы балаларына алғашқы білім беруде ұлттың мәдени құндылықтарын, тілін меңгертуден бастайды.
Рухани-адамгершілікке тәрбие міндеттерін жүзеге асыру ұлттық мәдениетті сақтаудың ең маңызды шарты – қоғамның рухани қауіпсіздігінің басты алғышарты ретінде қарастырылады, өйткені тек «мәдени мұра» – бұл халықтың ұлылығы мен тәуелсіздігінің кепілі.
Ж. ТҮСІПБЕКОВ
Пайдаланылған әдебиеттер
1. HabibulHaqueKhondkerGlocalization as Globalization: Evolution of a Sociological Concept// Bangladesh e-Journal of Sociology, Vol. 1. No. 2. July, 2004 P.1-9.
2. WATERS M. Globalization. – L.; N.Y.: Routledge, 1996. – XIV, 185 p. Huntington S. The Clash of Civilizations and the Remaking of World Order. N.Y.: Simon & Schuster, 1996. 367 р.
3. Hungtington S. The Clash of Civilization? // Foreign Affairs. Sum. 1993.Р. 22,
4. Гревцева А.А. Культурная глобализация – проблемы и парадигмы // Известия РГПУ им. Герцена. 2008. № 70. С. 145-149.
5. Шəкəрім. Иманым. — Алматы: Арыс,2000 М.К. Козыбаев «Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. Память народа». Книга первая. Алматы, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет