Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және оған қарасты мекемелердің 2016 жылдық есебі


Жаңаөзен қаласы және іргелес ауыл МҮ –нің Халықаралық, республикалық,облыстық байқауларға қатысу мониторингінің



бет3/3
Дата20.06.2018
өлшемі109,86 Kb.
#44051
1   2   3

Жаңаөзен қаласы және іргелес ауыл МҮ –нің Халықаралық, республикалық,облыстық байқауларға қатысу мониторингінің

2015-2016 жж. салыстырмалы көрсеткіші



Байқаудың атауы

Қатысушының аты-жөні

2015 жыл

1

Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль байқауы

«Наз» би ансамблі – І орын

2

Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль байқауы

Жоламан Жаңабаев –І орын

3

ІІІ Республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалі

Хабибуллаева Күлімхан –ІІІ орын

4

«Каспий көкжиегі» атты облыстық плэнарлық синфозюмы

Эзджанов Асылбек -ІІІ орын


5

XIIРеспубликалықфестивалі «Ақ көгершін»

«Шалқы» би тобы - I дәрежелі диплом


6

ІХ«Маңғыстау жұлдыздыры» өнер фестивалі «Хореография» жанры

«Шалқы» би тобы -III орын


7

ІХ«Маңғыстау жұлдыздыры» өнер фестивалі «Хореография» жанры

«Інжу» би ансамблі -II орын


8

ІХ«Маңғыстау жұлдыздыры» өнер фестивалі «Жыр -терме» жанры

Мұрынов Нұрлан- II орын

9

ІХ«Маңғыстау жұлдыздыры» өнер фестивалі «Айтыс» жанры

Қалбаев Арғын –ІІ орын

Жолмағанбетов Абай – ІІІ орын



10

ІХ«Маңғыстау жұлдыздыры» өнер фестивалі «Вокалды топтар» жанры

«Адажио» тобы – ІІІ орын

«Дария -дәурен» әжелер тобы – ІІ орын



11

ІХ«Маңғыстау жұлдыздыры» өнер фестивалі «Бейнелеу « жанры

Дауылбаев Мақсат- ІІ орын

12

Облыстық «Достығымыз жарасқан» атты ән байқауы

Хабибуллаева Күлімхан –ІІІ орын


13

Х Ұлттық жастар Дельфийлік ойындар


Сұлтаниев Қазірет –ІІІ орын

14

М.Мақатаевтың әндерін орындау республикалық байқауы

Атамұра Нұрбай

Бас жүлде (1қ)



15

Республикалық «Менің Қазақстаным» атты Ш.Қалдаяқовтың байқауы

Зейнелова Айгерім

Бас жүлде

Қуантұр санжар

II орын (2қ)



16

Астана қаласында өткен «Алые Паруса» халықаралық байқауы

«Томирис» би ансамблі

II орын (12қ)



17

Ақтөбе қаласы «Аймақты әнмен тербетіп...» атты өнер байқауы

Қуатов Б, Нуретдинов М – Ынталандыру (2қ)

18

Бейнеу аудандық мәдениет үйінің базасында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық «Жеңіс жаңғырығы» атты патриоттық әндер байқауында «сазгерлік» номинациясы бойынша;

«жеке орындау» номинациясы бойынша;


Сәуле Қибасова –

II орын. (1қ)

Әнес Қарабасов –

Ынталандыру (1)

Жанар Нұрмұханова

III – орын (1қ)



19

Астана қаласында өткен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» республикалық байқауында «Мамыр вальсі» номинациясы бойынша

«Әжелер» би ансамблі

III орын (8қ)




2016 жыл

1

«Мен Қалнияз деген күреңің!...» атты облыстық жыр-терме байқауы

Ахмет Баякешов – ІІ орын

2

Республикалық «Аруақты атам ЕрҚосай» жазба жыр мүшәйрасы

Ляззат Ерубаева -ынталандыру

3

Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған «Өлеңнің ақ құйынын артына ертіп, Шабыттың шаңқан аты арындамақ» атты облыстық байқауы

Тобагулов Абусалим- IIорын


4

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Өнер жастан» атты Республикалық жастар және студенттік театрлар фестивалі

«Алтын шаңырақ» драма ұжымы-

«Қазіргі заманғы тақырыпты игерудегі жетістіктер үшін» номинациясы

5

Облыстық «Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған және заманауиландырылған тағамдар» конкурсы

Бермағанбетова Баршагүл – Облыс әкімінің алғыс хаты

6

Облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған марапаттау рәсімі

Сәуле Қибасова – алғыс хат

7

Атырау облысы Білім беру басқармасы «Жадыра, жас дарын!» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен II Халықаралық «Жадыра, жас дарын!» атты фестиваль-конкурсы

Тобагулов Абусалим - жоғары топ көркем сөз номинациясы бойынша I дәрежелі диплом

8

Алматы қаласындағы Республикалық «Ғұмырдария» орталығымен Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Балдәурен» балалар орталығымен бірлесіп Тараз қалалық мәдениет үйінде өткен Республикалық «Біз бақытты баламыз» атты байқау

Рзабеков Бахтияр - Бас жүлде

Мухаилыев Дәулет - I орын



9

Ақтау қаласында 22 – 23 қыркүйек күндері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Түп – төркінін төрге оздырған Маңғыстау» этнографиялық фестивалінде

«Жыршы – жырау» аталымы бойынша: Дәмегүл Ізбасарова - арнайы сыйлық,

«Фольклорлық ансамбльдер» аталымы бойынша: «Өзен» фольклорлық ансамблі - алғыс хат,

«Дәстүрлі қолөнер бұйымдары» аталымы бойынша:

Жакеева Гүлнар - алғыс хат,

Бахитов Тоқтағұл - алғыс хат, Қазақбаев Асқар - II орын,

«Шұбат дайындаушылар» аталымы бойынша: Бермағанбетова Баршагүл - III орын.


10

Облыстық «Мерейлі отбасы» атты жанұялық байқауы

«Өнерлі отбасы» Туебаевтар

Отбасы,қатысушы-2,1-ер,1-әйел



11

Облыстық күйшілер «Арайлы, Ақ кетік» байқауы

Туебаев Өркен Бас жүлде,Марат Нұретдинов - Алғыс хат

12

«Туған топырақтың тума таланттары» облыстық байқауы

«Алтын шаңырақ» ұжымы мүшелері Тобагулов Абусалим, Жұмабаев Айдос, Берік Сұңғатов -ІІ жүлделі орын алды.


13

Халықтың күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай ұйымдастырылған күйшілер байқауы

Самат Құдайбергенов I орын, Марат Нұретдинов III орын

14

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұтас келген Атырау қаласының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Табылдиев Хисмет Бозанұлының 80 жасқа толу құрметіне арналған «Тәуелсіздік туымыз, тарих біздің жырымыз»

Абай Жолмағамбетов- Алғыс хат


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-имидждік сүйемелдеудің негізгі бағыттарын басты назарға ала отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі » бағдарламасы аясында «Үлкен ел-үлкен отбасы», «Мәңгілік ел»,«100 нақты қадам» жалпыұлттық жобаларды іске асыру мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және мәдени ошақтар 2016 жылы ірілі –ұсақты 361 мәдени іс-шара ұйымдастырып,105813 көрерменмен қамтыды,барлығы 5746көркемөнерпаз өнерлерін көрсетті. Бұл қала халқының 70 % қамтылуы.

Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту,үштілді дамыту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында бірқатар іс –шаралар өткізілді. Атап айтсақ, М.Мақатаевтың 85 жыл мерейтойына арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі», «Мұқағали сырлы әлем» атты сазды кештер,кітап көрмелері,поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу күніне орай «Әуелден өлең-жырға құштар жаным!» атты қалалық мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті. Сайысқа мектеп,арнайы оқу орын студенттері қатысып, ақынның шығармаларын орындады.

Қазақстан халық жазушысы, саясаткер және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтті. Маңғыстау өңіріндегі киелі топырақта дүниеге келген дара тұлға Әбіш ағамыздың өмірі мен еңбек жолдары жайында айтылды. Осы кешке арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, мектеп оқушылары жазушы ақын ағамыздың шығармаларынан үзінділер оқыды. Қалалық кітапхана қызметкерлері Әбіш Кекілбаевтың бірнеше кітаптарынан көрме көрсетіп, оның шығармалары туралы жастарға қысқаша мағлұмат берді.
Мәдениет қызметкерлері мен жекелеген өнерпаздардың тәжірибе алмасу, олардың шығармашылық еңбектерін ел арасында тарату, үздік шығармаларын насихаттау жұмыстары жалғасын табуда. «Асыл мұра» халықтық фольклорлық ансамблі Маңғыстау аудандарындағы Ұштаған,Шайыр елдімекендерінебарып, концерттік бағдарлама қойды. Мерекелік шарада оркестр өзінің жаңа туындыларын орындады.

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қалнияз Шопықұлының туғанына 200 жыл қалалық «Мен Қалнияз деген күреңің! ...» атты жыршы-термешілер байқауы «Мұнайшы» МҮ-нің базасында өтті.Байқаудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі жыр өнеріндегі маңдай алды шебер орындаушылардың бірегейі – азат рухтың күрескері, жалынды жорық жырларының туындыгері Қалнияз Шопықұлының өнерін кейінгі жас буынға үлгі ету, шығармаларын ұлықтап, халық арасында насихаттау, халық мұрасын орындаушы дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсету.

Байқауға қатысқан жыршылар: Разбаев Қармыс, Нұрмұханова Жанар, Баякешов Ахмет, Мұрынов Нұрлан, Еламанов Берік. Байқау екі кезең бойынша ақын Қалнияздың жорық жырларынан басталып «Балуанияз» , «Ер Қармыс» дастандарынан үзінді орындалды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға тең төрелік жасап, бірдей қаржылай сыйлық пен диплом табысталды.

1-наурыз ҚР Президентінің жарлығы бойынша алғаш рет Алғыс айту күні кең көлемде аталып өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1 наурыз Алғыс айту күні, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мақалалар мен хабарлар, өзге ұлт өкілдерімен №3 орта мектепте кездесу телеарна бағдарламасы ұйымдастырылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акция барысында барлық еңбек ұжымдары, жеке кәсіпкерлер, қала тұрғындары, қала өнерпаздарының қатысуымен «Туабіткен арқа жұлын етінің артрофиясы І тип Гоффмана-Вердинга» диагнозы қойылған Рамия Сағындыққызына жасанды тыныс алу аппаратын сатып алу үшін қаржылай және қала,ауылдарда тұратын көмекке мұқтаж жандарға жергілікті мешіттерден көмек берілуде.

“№ 1 Жаңаөзен қалалық емхана” ұжымы “Өмірім сізге аманат” қайырымдылық акция аясында денсаулығы нашар науқас, емдеу шараларына мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық және емхана атынан азық-түлік көмегін көрсетті. «Өнер» МКҚК –да«Балаларға қуаныш сыйлайық» атты аз қамтылған отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қала өнерпаздарының мерекелік концерті өтті.

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған қалалық «Ана - өмір, Ана –бақыт, Ана – жыр » атты салтанатты жиналыс ,мерекелік концерт өтті. Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарда жеті және оданда көп бала туған аналарға қала әкімі алтын және күміс алқаларын табыстады. Қаламыздың түрлі саласында елеулі еңбек етіп,еліміздің дамуына үлес қосып жүрген аяулы аналарға арналған алғыс пен сыйлықтар табысталды. Барлық білім беру ұйымдарда, арнайы оқу орындарда, еңбек ұжымдарында, кітапханаларда, мәдениет үйлерінде : «Әйел-тіршілік өзегі»,«Ару аналар, сұлу қыздар», «Сыйынар ем-ана деген тәңірге», «Ана-өмір қайнары, ана деген өмірдің кәусар бұлағы» , «Сырғалы жеңгей,Сұлу қыз», «Көктем аруы» аттытақырыптықкөрмелер, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, әдеби сазды кештер, байқаулар, мерекелік концерттер ұйымдастырылып өткізілді.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Қызылсай,Тенге, Рахат ауылдарында «Наурыз-2016» мейрамында ұлттық ойындар, киіз үйлер тігіліп, ағаш көшеттері отырғызылды және мерекелік концерт өткізілді. Жаңаөзен қаласы «Бейбітшілік» алаңында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі » бағдарламасы аясында «Мейіріммен шуақ шашып кел Наурыз!» атты мейрамы кеңінен аталып : «Алтыбақан» этнографиялық ойын- сауық отауы, « Наурыз тойы –дәстүрлі мереке» ұлттық салт-дәстүр көріністері, №3 орта мектептің этно-мәдени тобының өнері, ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ҚР халық әртісі Майра Илясова және қала өнерпаздары мерекелік концерт қойды. Арнаулы оқу орындар, жеке кәсіпкерлер,жастар орталығы, білім бөлімінің балабақшалары қатысқан қолөнер бұйымдары мен «Ұлттық тағамдар» көрмесі халыққа тегін дәм ұсынылды. Барлық еңбек ұжымдарында ,ірі кәсіпорындарда ағаш үйлер құрылып,мерекелік дастархан жайылып наурыз мейрамы тойланды.Барлық білім беру мекемелерде жас жеткіншектерге Наурыз мерекесінің мән –маңызы туралы ,халықтық бастау-көздеріне құрметпен қарауға тәрбиелейтін: беташар, құда түсу-сырға салу, тұсау кесу, қыз ұзату көрісу, қыз сыны, шаш алу, келіндер сайысы т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ауған соғысы ардагерлер» қоғамдық бірлестігі ағаш үйлер тігіп,мереке күні «Наурыз келді-жыл келді» атты мүмкіндігі шектеулі,көмекке мұқтаж жандарға ,көп балалы мүжәлсіз отбасыларына қайырымдылық конақасы берілді. Қала және іргелес ауылдарда концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » ММ-не қарасты мәдениет үйлерінің қатысушылары мен орталық кітапхана бөлімшелерінің оқырмандары арасында «Мектеп оқушыларының уақытты тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жолымен діни экстремизм және терроризмнің профилактикасы» бағытында бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Мәдениет үйлерінде қасиетті Мәуліт мерекесіне орай үйірме мен ұжымға қатысушы оқушыларға мешіт имамдарымен «Имандылық айнасы» атты кездесулер, «Діни экстремизм мен терроризмнің» алдын алу мақсатында белгілі режиссер Қ.Жұмабековтың «Адасқандар» спектаклі видео-ролик арқылы көрсетілді.

Орталық кітапхананың оқу залында кітапхана ұжымы арасында «Діни лаңкестік және терроризм» атты дөңгелек үстел видео – ролик көрсету арқылы өткізілді.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының Жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған, заманауиландырылған тағамдардың және «Нео-фольклор» киімдер дизайнерлерінің» қалалық кезеңі өткізілді.

«Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған, заманауиландырылған тағамдардың және «Нео-фольклор» киімдер дизайнерлерінің» конкурсының мақсаты – көп ғасырлы қазақ ұлттық дәстүрлерін сақтап қалу және тарату, сонымен қатар әйелдерді «Астана – ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға дайындау. Конкурсқа ауыл- елді мекендерден кәсіпкер қыз-келіншектерде қатысып өз өнерлерін көрсетті.



1 мамырда қала әкімінің өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Ұлт бірлігі - Ұлы байлық» атты дөңгелек үстел кездесуі өтті. Әр салада қызмет атқарып, еңбегін сіңірген өзге ұлт өкілдері қала әкімінің алғыс хаты, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен оқырмандардың назарына «Бірлігіміз жарасқан», «Ынтымағы жарасқан туған өлкем», «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы»,«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты кітап көрмелері, дөңгелек үстел, мерекелік шаралар өткізілді.

Мереке қарсаңында «Хор» ұжымының «Жаса, Муза, мәңгілік!» шығармашылық кеші. Бағдарламда патриоттық және өзге ұлттардың әндері шырқалды.



7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің ұланы»,«Әскер – ел қорғаны» атты кітап көрмелері, мерекелік шаралар, «Жас ұлан» саптық байқауы өтті.

Қызылсай ауылында №2018 әскери бөлімшенің қызметкерлері және Отан алдындағы борышын өтеуші әскерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері және мектеп оқушылары қатысты. Ауыл тұрғындарына арналған «Ел қорғаны сайып қыран сарбаздар» атты мерекелік концертпен мерекелік шара жалғасын тапты.

Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Теңге ауылында тұратын ҰОС және еңбек майданы (тыл) ардагерлеріне арналған мерекелік концерті өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Али Жақсылықұлы ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға гүл шоқтары мен сый – сияпаттарын ұсынды. Үйірме оқушылары мен жетекшілері сонымен қатар Теңге ауылының белсенді өнерпаз жастары мен оқушылары жұртшылыққа ән мен тәтті күйден және биден шашу шашты.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбында мерекелік шаралар өткізілді. «Қазақ елі» мейрамханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылды. Көркемөнерпаздар концерттік бағдарлама қойды. Әрі қарай «Даңқ»аллеясында мерекелік митинг өтіп, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арнап қалалық мешітте құран бағыштап, «Мәңгілік алау отына»гүл шоқтарын қойды. Бұл мереке еліміздің өмірінде алатын оны ерекше. Аталарымыз қалыптастырған бейбіт өмірдің маңызы өте жоғары. Ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнегесі мол үлгі. Қызылсай ауылы «Шаңырақ» мәдениет үйінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты соғыс және тыл ардагерлерге арналған мерекелік концерт өткізді. Теңге ауылы «Атамұра» мәдениет үйінде Жеңіс мерекесіне арналып «Ерлігің сенің мәңгілік!» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Әскери-патриоттық әндері, халықтың ерлігін және жауынгерлік дәстүрін кеңінен таныту, насихаттау. Рухани және мәдени мұрамызды насихаттау арқылы жастардың отансүйгіштік, азаматтық отанына адал қызмет етуге дайындық сезімін қалыптастыру. Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерінің үлгісімен Қазақстандық Отансүйгіштікті насихаттау. Шығармашыл жастардың өсуіне және ауылдық мәдени шараларға белсене қатысуына ықпал ету.

Орталық кітапхана ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орай, «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс», «Ерлік даңқы мәңгілік», «Мәңгілік желбіре, Жеңіс туы», «Ерлік – ұрпаққа ұлағат», «Ерлікке тағзым» атты мерекелік кітап көрмелері өткізіді.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген Қағидаға сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға,отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған қалалық «Мерейлі отбасы» конкурсына қатысқан 4 отбасы, комиссия мүшелерінің шешімімен облыстық кезеңге қатысуға лайық деп танылды.



  1. орын- Кемалиевтер әулеті

  2. орын- Айтжановтар әулеті

  3. орын- Рейимбайұлы әулеті

  4. орын- Абдулла әулеті

Облыстық кезеңде Кемалиевтер отбасы облыс әкімнің арнайы сыйлығына ие болды.

Дарынды өнерпаздарды тауып, балалардың өнерге деген сүйіспеншідігін арттыру, көркемдік дамуын қалыптастыру мақсатында дәстүрге айналған қалалық V ші «Темірқазық – 2016» жас өнерпаздар арасында ән байқауы болып өтті. Байқауға іріктеу кезеңінен өткен 26 үміткерлер жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, ережеге сай орындап шықты.



«Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл» және Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алуға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мамыр айының 16-31 аралығында Жаңаөзен қаласы және оған іргелес ауылдық мәдениет ошақтарында, бұқаралық ақпарат құралдарында - Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жыл толуына, «Ұлт-азаттық көтерілістер және тарихи тұлғалар»көтерілісіне қатысқан азаматтарға және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мақалалар мен хабарлар таратылды. Қалалық орталық кітапхана бөлімшелерінде оқырмандар конференциясы: «Ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы», «Азаттық аңсаған көш» атты экспозициялық көрме ұйымдастыру.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республика көлемінде «25 Мейірімді іс» жобасының аясында және 1 – маусым балаларды қорғау күніне орай, «Ақтау қаласы және МО бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі«Үміт бер!» акциясын бастады.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдер мерекесіне арналған мемлекеттік мекемелерде еңбек ететін қызметкерлер арасында «Тіл сарбазы - 2016» атты қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар, өндірістік мекемелер арасында «ҚР-дағы тіл туралы» Заңды, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мамандардың іс-жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру, мемлекеттік іс-жүргізудің сапасын арттыру.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 1 қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мақалалар мен хабарлар ұйымдастырлды. Қала көшелері мерекеге сай безендіріліп, үгіт насихат құралдары жаңғыртылды. 1қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарияларға бас иеміз» атты қариялармен кездесулер өткізіліп, үйлеріне барып комектесіп, қайырымдылық шаралары өткізілді.26-30 қыркүйекте қала, ауыл емханаларында консультативтік - диагностикалық көмек көрсетіліп, ашық есік күні жарияланды. 28-30 қыркүйек күндері Орталық кітапхана бөлімшелерінде «Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария» тақырыбында тәрбие сағаты, «Қарттарым алтын бесігім» атты кездесу кеші және кітап көрмелері: «Қарты бар ел – қазыналы ел» ұйымдастырылды. «Жеті қазына» мейрамханасында қала әкімдігі ұйымдастырған 1 қазан Қарттар күні мерекесіне арналған «Асыл қарттарым» атты жалғызбасты зейнеткерлерге арналған қонақасы және сый – сияпат көрсетілді. «АтаМұра» , «Шаңырақ» мәдениет үйлерінде «Асыл жанды,ардақты қарттарым-ай» атты мерекелік концерт,кездесулер ұйымдастырылды. Зейнет жасындағы тұрғындарға шаштараздарда және қоғамдық көліктерде мереке күні тегін тасымалдану қызметі көрсетілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлағатты ұлы жыр» жыршы-термешілер ұжымы «Ұлы даланың ұлы жырлары» атты концерті өтті. Аталмыш мерекелік іс шарада қала тұрғындарына бойында ұлттық рухты жандандырып, қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасынан сусындатты. Кешті қаламызға белгілі жыршы-термеші Аяпов Мақсат жүргізіп отырды. Бағдарламада – маңғыстау өңіріндегі жыршы-жыраулардың ізін жалғастырушы ретінде кейінгі буын жыршы-термешілер өнер көрсетті. Жыршы-термешілерге мекеме басшысы алғысын білдіріп, марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ағымдағы жылдың 12-қараша күні облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің «Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» тақырыбында қала тұрғындарымен кездесу өтті.Кездесу барысында қаламыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар үздік номинациялар бойынша марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылыдығы аясында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын «Өзен» теміржол бекетінде форумның қатысушыларын қарсы алып,халықпен кездесу өткізілді.Егеменді еліміздің дамуының 25 жылында Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, 2050 Стратегиясын, "100 нақты қадам": барлығына арналған заманауи мемлекет" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кетті.Бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы.

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты іргелес ауылдарда 21 қараша-16 желтоқсан аралығында ҚР Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігінің «Ұлы Дала Елі –Тәуелсіздіктің 25 Негізі» атты 25 жұлдызды күндер бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасақталып,дайындық жұмыстары ұйымдастырылды.Бұқаралық ақпарат құралдарында 1желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан- ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мақалалар мен хабарлар, арнайы бағдарламалар жарияланды.

21-30 қараша аралығында барлық білім беру ұйымдары мен мәдениет ошақтарында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Дара тұлға», «Елін сүйген,елі сүйген -Елбасы», «Ғасырдың ғажап азаматы», «Ел мерейі-ер мерейі» атты әдеби-музыкалық және тақырыптық кештер, сынып сағаттары, мерекелік концерттер, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, конференциялар , шығармашылық конкурстар,ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

25 қарашада «Жастар» орталағының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық «Ауыл-жастары-2016» бизнес форумы өтті.

30 қарашада «Мұнайшы » МҮ –де және ауылдық мәдениет үйлерінде 1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлты ұлықтаған-ұлы тұлға» , «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы » атты салтанатты жиналыс, мерекелік концерт өтті.

2-15 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдары мен мәдени ошақтарда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдігімнің айнасы», «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік», «Тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-музыкалық және тақырыптық кештер, сынып сағаттары, мерекелік концерттер,дөңгелек үстелдер, конференциялар , шығармашылық конкурстар өткізу, флешмобтар, КТК ойындарын және жастар акциялары ұйымдастырылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тақырыптық көрмелер:

- мемлекет басшысының Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы және жаңа Астананың салынуындағы рөлі;

- жалпыұлттық бірліктің,татулық пен келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық моделі;

- зайырлы мемлекет және биік руханият;

- Жалпыға ортақ еңбек қоғамы;

- индустрияландыру және инновациялар негізінде экономиялық өсім;

- Қазақстан халқының тарихи,мәдени және дәстүрлік тұтастығы;

- Ұлттық қауіпсіздік және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешудегі бастамалары;

8 желтоқсанда кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы жеке кәсіпкерлер арасында «Табыс-2016» көрмесі өткізілді.

12 желтоқсанда «Мұнайшы» МҮ –де және ауылдық мәдениет үйлерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы!» , «Тәуелсіздік тұғырым» атты салтанатты жиналыс, мерекелік концерт.

13 желтоқса күні қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті . Барлық білім беру мекемелерінен «Жас Ұлан» ұйымына 150 – оқушы , «Жас Қыран» ұйымына 50- оқушы ант беріп қабылданды .

16 желтоқсанда Неке сарайы ғимаратында АХАЖ бөлімінің ұйымдастыруымен Мереке қарсаңында жаңа өмірге келген нәрестелерге туу туралы және жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларға неке қию куәліктерін табыстау рәсімі өтті.

17-18 желтоқсан аралығында Р.Өтесинов атындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтті.

23 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында Әбіш Қожа атаға арналған 1500 орындық иман үйі ашылды.

26 желтоқсанда «Жастар» орталығының ұйымдастырумен студенттер арасында «Жыл үздігі-2016» ІІІ қалалық жастар сыйлығы табыстау рәсімі өтті.

27 желтоқсанда Дәстүрлі жыл үздіктерін таңдау «Жыл адамы-2016», «Алтын жүрек-2016» қала әкімінің марапатын табыстау рәсімі өтті .2016 жылы қаламыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар сала үздіктері таңдалып,арнайы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды



25-30 желтоқсан аралығында балаларға арналған қала әкімінің қайырымдылық шыршасы және барлық кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарда , мәдениет үйлерінде «Төрлет, құтты Жаңа жыл!», «Қош келдің, Жаңа жылым» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылды.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет