Жаңаөзен қаласы «№15 орта мектебі»ММ


Ұраны : «Біз ойнаймыз, күлеміз



бет2/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,83 Mb.
#4788
1   2   3   4   5

Ұраны :

«Біз ойнаймыз, күлеміз ,

Күннің нұрын сүйеміз »

Әні :

«Біз бақытты баламыз»

Мақсаты:

«Балдәурен» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:

  • Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

  • Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

  • Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

  • Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

  • Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

  • Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

  • Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.


Жазғы лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Судағы қауіпсіздік:

- Арнайы жабдықталған суаттарда дем алу және шомылу.

- Суға құлап кету ықтимал жерде тұруға және ойнауға болмайды.

- Жүзу білмей суға жағалаудан алыс түсуге болмайды.

- Таныс емес жерлерде сүңгімеу керек, өйткені оның түбінде қауіпсіз заттар болуы мүмкін.

- Жүзе алмайтындар қалқымамен жүзбеуге тиіс.

- Әрбір бала ересектердің көмегімен жүзуді үйренуі тиіс, алайда балаларды суда ешбір қараусыз қалдыруға болмайды.

- Суға батып бара жатқан ең алғашқы істейтін шара- төңіректегілердің назарын «адам батып барады !» деп айғайлау арқылы аудару. Батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылатын ересектер әрқашан табылады. Адамды кез келген құтқару құралының көмегімен аман алып қалудың оңай екендігін есте ұстаған жөн. Ол су бетінде қалқып жүрген және батып бара жатқанға лақтырып жүрген және батып бара жатқанға лақтырып жеткізетін кез келген зат болуы мүмкін.


Көшедегі қауіпсіздік.

Көшелер мен жолдардың элементтері.

Көшелер мен жолдардың элементтеріне мына түсініктер жатады: жол, өтетін бөлік , ажырату жиегі, қозғалыс алабы, қиылыс, аяқжол, жүргіншілер сүрлеуі, жүргіншілер өткелі, темір жол өткелі.



Жол- көлік пен жүргіншілер қозғалысы үшін пайдалынатын кез келген көше, даңғыл, тыйым көшелер т.б.

Өтетін бөлік- көлік құралдарының қозғалысына арналған. Жолдың бірнеше өтетін бөлігі болуы мүмкін, олардың шекарасы ажырату бөлігі болып табылады.

Ажырату жиегі- аралас өтетін бөлікті ажырататын және көлік құралдарының қозғалысына немесе аялдамасына арналмаған жол элементі.

Қозғалыс алабы- таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген және көліктердің бір қатарда қозғалуы үшін жеткілікті ені бар өтетін жолдың кез келген ұзын алабы.

Түйіспе- қиылысатын , қосылатын жер немесе жолдың бір бағытта тармақталуы, өтетін бөлікті оның қарсы беттегі жалғасымен қосады, жорамал сызықтармен шектеледі.

Аяқжол- өтетін бөлікке жапсарласқан немесен одан газон арқылы ажыратылған жүргіншілер қозғалысына арналған жол бөлігі.

Жүргіншілер сүрлеуі- жүргіншілер қозғалысына арналған төселген жер.

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен,кіші,баршамызға.

Көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүру ережелері

- Жүргіншілер оң жағына қарай отырып аяқжол немесе жүргіншілер сүрлеуімен қозғалуға тиіс.

- Жолдың диегімен немесе өтетін жолдың шетімен жүрген кезде жүргіншілер көлік құралдарының қозғалысына қарсы жүруге тиіс.

- Балалар топтарын аяқжол және жүргіншілер сүрлеуімен алып жүруге, ал олар жоқ болса, тек күндізгі уақытта ересектердің жанында ғана жүруге рұқсат етіледі.

- Қозғалыс реттелетін жерлерде жүргіншілер реттеушінің немесе бағдаршамның дабылдарын басшылыққа алулары тиіс.

- Жасыл шамнан үлгере алмаған жүргіншілер қауіпсіз нүктеде немесе қарсы бағыттағы көлік ағындарын ажырататын жерде тұруға тиіс.

- Көшеден өткен кезде алдымен сол жаққа, ал ортасына жеткен кезде оң жаққа қарау керек.

- Аялдамада тұрған автобусты, өзіңіз жақындаған автокөлікті, ал жүргізуші сізді көру үшін арт жағынан, ал қарсы келе жатқан трамвайды байқау үшін алдынан айналып өткен жөн.

- Қозғалыс өте жиі жолдан асықпай, ешбір жағдайда жақындаған машиналардың алдынан жүгірмей және секірмей өткен жөн.
Жүргіншілерге тыйым салынады:

- Ажырататын жиек бар және жүргіншілер немесе жол қоршауы орнатылған жерлерде машина жүретін жолдан жүргіншілер сүрлеуінсіз өтуге;

- Машинаның келе жатқандығына немесе жоқтығына қарамастан, қызыл бағдаршамнан өтуге;

- Аяқжол арқылы өтетін жол үстінен жүгіріп өтуге;

- Аяқжолдың шетінде жолдан өтуді күтуге;

- Автобус аялдамасында қозғалып келе жатқан көліктен теріс бұрылуға;



- Тоқтап тұрған көлік құралынан немесе жақындаған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбей төңіректі көрсетпей тұрған басқа кедергілерден шығуға.


Каталог: assets
assets -> Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет