ЖАҢартылған білім беру мазмұнындағы сауат ашу пәнінің ерекшеліктері. Куанышкалиева Арай Сериковна Орал қаласы. №46 жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі



Дата25.08.2017
өлшемі72,47 Kb.
#27329
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ САУАТ АШУ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Куанышкалиева Арай Сериковна

Орал қаласы. № 46 жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесіне ұстаздың берері мол. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру, ізденісті білім беру жолында ұстаздарға көп ізденіп, көп еңбек етуге тура келеді. Міне, сондықтан өзімнің білімімді жетілдіру, шыңдау, іздену мақсатында осы баяндамамды жаздым.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. (Бастауыш мектепте оқыту 2 бет)

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің жарқын болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ету.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. (Жанұя мен мектептегі тәрбие 14 бет)

Бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:



  • Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

  • Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

  • Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру; (Бастауыш мектепте оқыту 2 бет)

Білім беру бағдарламасында мұғалімдердің жүргізетін жұмыс жүйесі: жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс – әрекет мақсатқа жетуге бағытталатын түсінеді. Егер ұстаз өз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді.

Жаңа бағдарлама негізінде мұғалімдер төмендегідей жұмыс түрлерін жандандыруы керек. Олар:



  • тілдік дағды;

  • білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

  • сыни тұрғыдан ойлау;

  • критериалды бағалау түрлері;

  • білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану;

  • жеке, бірлескен, жұптық, топтық жұмыс;

  • көшбасшылық, белсенді оқу – оқушы, белсенді оқыту – мұғалім.

Қазіргі білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу күннен – күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Сондықтан дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, белсенді оқу әдісі қолданылғанда оқушылардың үлгерімі жақсарып, олар оң нәтиже береді. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, олардың тілдік дағдыларын дамытуға деген уәждерін қолдап отыруымыз қажет. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, оқушының белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Оқыту мен оқу жеке – дара екі іс – шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элементі екені баршамызға белгілі. Мұғалім өзіміз оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғырлым арта түседі. (Жанұя мен мектептегі тәрбие 14 бет)

Өзімнің күнделікті сабақтарымда қолданатын әдіс - тәсілдерім: жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) болатын.

Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады.



«Сауат ашу» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының ойн әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс - әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты - жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. (Сауат ашу оқулығы 3 бет).

Осы пәнді оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды үйренеді. Үйрену барысында оқушылар жақсы түсіну үшін сұрақ қоя, дәлелдеу, талқылау, іздену жұмыстарын жүргізеді.

Мысалы: «В дыбысы мен әрпі» тақырыбын өткен кезде осы тақырыпты жақсы деңгейде меңгеру үшін оқушыларды вагонға, велосипедке, трамвайға, автобусқа (алдарына макеттері қойылып тұрды) отырғызып, 4 топқа бөліп сабағымды өткіздім. Әр топ өздері отырған көліктерінің атауын оқиды, дыбыстық талдау жасайды, айтады. Нәтижесінде оқушы көлік атауларындағы в дыбысы барлық сөзде кездесетін біледі және көлік атауларының барлығы екі тілде орыс, қазақ тілінде де өзгеріссіз айтылатынына, орыс тілінен енгеніне көз жеткізеді. Сонымен қатар 1 – топқа «Адасқан буындарды сәйкестендіру», 2 – топқа «Ребус шешу», 3 – топқа кеспе суреттерден «В дыбыс» ішінде в дыбысы бар суреттерді тауып жапсыру, 4 – топқа кеспе әріптерден «Сөз құрау» сияқты тапсырмалар орындатқыздым. Осындай тапсырмалар оқушылардың жаңа сөздермен танысуын, қиялын, белсенділігін, қызығушылығын дамытады.

Осы сабақта balalaralemiсайтынан осы сабаққа байланысты жұмбақтар, видео көрсетуге болады. Осы жұмақтарды есту арқылы, видеоны көру арқылы оқушылар велосипедтің шығу тарихын есте сақтап қалады және жұмбақтар оқушаларға өте жақсы көмектесті. Осы сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту үшін "Тыныс белгісі" әдісін пайдаланамын. Оқушылар өздері қалаған тыныс белгілерге (леп, сұрақ, нүкте, үтір) шоғырланады. "Білемін", "Білмеймін", "Үйрендім", "Досыма көмектестім" нүктелеріне шроғырланады. Сабақ соңында кері байланыс кезінде жаңағы "Тыныс белгісіне" қайта шоғырланады. Не себептен шоғырланғанын дәлелдейді. Мысалы осы кезде Ислам білмедім сұрау белгісіне шоғырланып қалды. Ол жерге тұру себебін сабақ барысында тапсырмаларды орындауда дұрыс орындамай қателескенін айтып дәлелдеп берді. Бұл әдістер оқушыларды дәлелдеумен қатар өзін - өзі бағалауға және шынайылыққа үйретеді. (Сауат ашу оқыту әдістемесі 164 бет)

Осы сабақтың соңында "Сұрақтар жаңбыры" әдісін пайдаландым. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір – біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып кері лақтырады. Жауап жазылған оқушы парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Бұл әдіс оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамытады. (Сауат ашу оқыту әдістемесі 8 бет)



Осы сабқта "Менің сөзім" әдісін пайдаландым. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушыны сабақты қорытындылатуға осы ретпен қатыстырдым. Бұл әдістегі мақсатым оқушылардың алған білімдерін бағалау (Сауат ашу оқыту әдістемесі 9 бет) .

Әр сабағымды жоспарлап, одан кейін іс-әрекет арқылы қадағалап, кері рефлексия жүргізіп отырамын. Өйткені жіберілген кемшіліктерді келесі жұмыстарымда болдырмау бағытында кері байланыстың әсері мол. Өз ісімізге қажетті қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ететін жоғары құзырлық өзін - өзі басқару, көшбасшылық оқушы бойында болатындай әдіс - тәсілдерді де саралап аламын.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда бағалаудың бағдаршам көздері, смайлик, бес бармақ, екі жұлдыз, бір тілек, табиғат құбылыстарымен бағалау, мадақтау, жетон, «джокер» әдісі арқылы бағалау, жеке, топ басшысы бағалау, сонымен бірге сабақты «от шашу» арқылы бағалау сынды түрлерін қолданамын.

Сабақтарда көптеген әдістерді пайдалана отырып және оқушылардың ынтасын арттыру үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып жиынтық бағалауынан жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасадым (МАН)

Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Білім – өскелең ұрпақтың тағдыры. Н.Ә.Назабаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - дегендей, шығаршыл, ізденімпаз ұстаз атанып, үлкен нәтижеге жете берейік!

Қолданылған әдебиеттер:

1. Сауат ашу оқыту әдістемесі

2. Сауат ашу оқулығы

3. Жанұя мен мектептегі тәрбие



4. Бастауыш мектепте оқыту

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет