Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп география курсымен танысу



Дата13.12.2021
өлшемі18,67 Kb.
#100332
түріБағдарламасы
Байланысты:
Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп география курсымен танысу.


Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп география курсымен танысу.

1.  Жаңартылған білім мазмұны бойынша, мектептің  7-сынып географиясының оқу бағдарламасымен танысу. 

2.  Жаңартылған білім мазмұны бойынша, мектептің  7-сынып географиясының оқулығымен, оқулықтың құрылымымен  танысу.  

3.  Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, мектептің  7-сынып географиясы бойынша  сабақ


жоспарын құру. (тараулар бойынша бөліп алу). 

4. Жаңартылған білім бойынша сабақ жоспарындағы  оқу мақсатын ашып көрсету.

5.   Тақырыптар бойынша  оқу мақсаты,  бағалау критерийлеріне, дескриптерге басты мән беру.

1 Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім саласында жаңа, сапалы өзгерістер жүзеге асуда. Жаңартылған білім бағдарламасы – бұл уақыт талап етіп отырған қажеттілік. Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде  жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы біртіндеп басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру оқушыға да, мұғалімге де өз мүмкіндігін дамытып, жетілдіруге көмектеседі.

Қазіргі заманғы білім жүйесінің міндеті – интеллектуалды, өмір бойы оқуға дайын, жылдам өзгеретін қоғамға бейім ұрпақты тәрбиелеу.

География пәніндегі жаңартылған білім бағдарламасы пәннің негізгі ерекшеліктеріне байланысты берілген. Егер бұрын география жаңа жерлерді, елдерді, оларды зерттеуге қатысты мәліметтерді оқытса, қазір адамдардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануы, экожүйенің тұтастығы, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту, пайдалы қазбаларды сақтау жолдарын табу, табиғатта болып жатырған процестерді, әлемдегі саяси, демографиялық, экономикалық өзгерістерді  зерттеуге бағытталған.

Сонымен, жаңартылған білім жағдайындағы география курсында қандай өзгерістер бар?

Егер дәстүрлі география курсында 7 сыныпта материктер, 8 сыныпта Қазақстанның  физикалық  географиясы оқытылса,  қазіргі жаңартылған білім бағдарламасына сай , 7-8 сыныпта ол мынадай бөлімдерді қамтиды:

 

І.Географиялық зерттеу әдістері



ІІ.Картография және картографиялық деректер базасы

ІІІ.Физикалық география

ІҮ.Әлеуметтік география

Ү.Экономикалық география

ҮІ.Елтану және саяси география негіздері

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральды түрде  берілуі. Спиралды құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Бұл  білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын қарапайым бақылауға, тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне бағытталған.   Спиральдылықты төмендегі таблицадан көруге болады:



2 Егер 7 сыныпта оқу мақсаты қолдану деңгейінде болса, 8 сыныпта алған білімді қолданумен бірге, түсіндіреді, ал 9 сыныпта оқушы білім, білік дағдыларын ойлаудың жоғары деңгейлері арқылы көрсетеді.

Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін,  дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі  қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. География сабағындағы қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және  осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық  бағалау мақсатты баға қою немесе оқытудың алға  жылжуын тіркеу үшін оқыту  қорытындысын шығару үшін қажет.  Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау  критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады.

География сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына көмектесетінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.  Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Оқу мақсаты қолдану деңгейінде  болса,  одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді.  Бағалау критерийі де  оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері  өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар  беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы  орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады. Тапсырманы орындаған соң оқушылар оның сапасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағымды жақтарына тоқталады және оны жақсарту туралы ұсыныстар жасайды.  Кері байланыс жауап берген оқушыларға пайдалы болып, оларды ынталандыруы және қанаттандыруы керек. Мұнда бұл оқушылардан кері байланысты қалай қабылдағандығы туралы сұраған орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату. Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік арқылы қалыптастырушы бағалауды  сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үдерісінде үздіксіз жүргізіледі, бұл бағалау оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі.   Джон Хэтти зерттеулеріне  сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екені  ескерілсе, оқыту нәтижелі болады.

География пәні көбіне ауызша жауаптары талап ететін болғандықтан жұптық, топтық, жеке жұмыстар арқылы табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ барысында зерделеуге, зерттеуге жұмысын жүргізуге, болжамдар жасауға, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына мүмкіндіктер береді. География  ғылымы- өте қызықты да күрделі ғылым. Жаңартылған білім мазмұнын география пәнінде жүзеге асыру -  мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұмысты талап етеді, оқушылардың деректерді жинауы, оларды сараптау, салыстыру, маңыздылығын бағалау, басқа пәндермен байланыстыру оқушы үшін ерекше қызық. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер, ғаламтор  ақпараттарын пайдалану арқылы бір-бірімен білім алмасып бір-бірінің оқуының ілгерлеуіне ықпал етеді. Педагог-жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей, сабақты өткізуде белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыруды; мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс орнатуды; оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалауды да ескеруі қажет. Нәтижесінде білім алушылар өзара ынтымақтастықта жұппен, топпен жұмыс істеуге; өз ойларын еркін жеткізуге; өзін-өзі және серіктестерін бағалауды жүзеге асыруға; бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға дағдыланады.

География пәнінен жаңартылған білім бағдарламасы бойынша берген тәжірибеммен бөлісу үшін, 8 сыныптағы «Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер» тақырыбындағы сабағымда пайдаланған бір тапсырманы назарларыңызға ұсынғым келеді.

3 Тапсырма «Оқиғалар тізбегі» деп аталады. Мұнда оқушының қабілетіне, қарқынына бағытталып, 3 тапсырма берілген.

1.Берілген мысалдарды пайдаланып, саяси картадағы сандық

және сапалық өзгерістерді берілген кестеге топтастырыңыз:

а) 1999- 2003 жылдар аралығында Либерияда екінші азаматтық соғыс болды. Нәтижесінде  елге  БҰҰ –ның миссиясымен Уақытша Үкімет енгізілді;

б) Жапония мен Нидерландының жер көлемінің ұлғаюы мұхит акваториясын құрғату нәтижесінде жүзеге асты.

с) 2008 жылы Непал монархиядан бас тартып, федеративті республика болды.

д)1991 жылы Кеңес  Одағы ыдырады

е) 1867 жылы Ресей Аляска түбегін АҚШ-қа сатты.

ж)1945 жылы Вьетнам өзінің Жапониядан тәуелсіздігін жариялады.

Сандық өзгерістер

 


Сапалық өзгерістер

 


 

 

2. Саяси картадағы сапалық өзгерістердің сандық өзгерістерден айырмашылығын түсіндіріңіз;

3.Дүние жүзінің саяси картасын және қосымша ақпараттарды  пайдаланып, мына тақырыпқа  шағын  зерттеу жүргізіңіз және ТМД елдерін кескін картаға түсіріңіз:

«Кеңес Одағының ыдырауы және оның Қазақстан үшін маңызы»

Ұсынылатын зерттеу сұрақтары:

-         КСРО қашан құрылды, құрамында қандай мемлекеттер болды?

-         Кеңестер кезінде қандай маңызды оқиғалар болды?

-         КСРО ыдырауының себептері

-         КСРО ыдырауы дүние жүзінің саяси картасына қандай өзгерістер алып келді?



-         КСРО ыдырауының Қазақстан үшін қандай маңызы болды?

4 География сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына көмектесетінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.  Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Оқу мақсаты қолдану деңгейінде  болса,  одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді.  Бағалау критерийі де  оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері  өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар  беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы  орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады. Тапсырманы орындаған соң оқушылар оның сапасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағымды жақтарына тоқталады және оны жақсарту туралы ұсыныстар жасайды.  Кері байланыс жауап берген оқушыларға пайдалы болып, оларды ынталандыруы және қанаттандыруы керек. Мұнда бұл оқушылардан кері байланысты қалай қабылдағандығы туралы сұраған орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату. Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік арқылы қалыптастырушы бағалауды  сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үдерісінде үздіксіз жүргізіледі, бұл бағалау оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі.   Джон Хэтти зерттеулеріне  сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екені  ескерілсе, оқыту нәтижелі болады.

5 Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін,  дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі  қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. География сабағындағы қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және  осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық  бағалау мақсатты баға қою немесе оқытудың алға  жылжуын тіркеу үшін оқыту  қорытындысын шығару үшін қажет.  Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау  критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін сипаттайды;

сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды;

 


-саяси картадағы сапалық және сандық өзгерістерді кестеге топтастырады;

-сапалық өзгерістердің сандық өзгерістерден айырмашылығын түсіндіреді;



-берілген тақырып бойынша шағын зерттеу жүргізеді, қорытындылар жасайды және кескін картада бейнелейді;

Оқу мақсаты, соған сәйкес сабақ мақсаттарына жету үшін ойлаудың жоғары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар беріледі, дереккөздер пайдаланылады.

Қытайдың дана ойшылы Конфуций: «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген, сондықтан, қазіргі заман мұғалімі – педагогикалық әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін шебер меңгеруге ұмтылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет