Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет71/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

26-лекция. Тақырыбы:Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер


Жоспар:
1.Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер
2.Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер
3.Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

Құрамында екі не одан да көп бағыныңқысы, бір басыңқысы бар сабақтастың түрі көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге тән басты ерекшелік бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдік үлгілердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Тиянақсыз тұлғаның кемі екеу болып келуі де басты нысан:Көзінен жас сорғалап, иегі-иегіне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап барады (Қ.Жұмаділов). Ал жалпы саны төртке жеткен жағдайда тиянақсыз тұлғасының саны үшеу болады: Өз ошағының басына жетіп, көңілі жай тауып, қой жүнінің қышқылтым шәйірі мен қидың көңірсік қою иісі танауына келгенде, тәтті бір ұйқы қысып манаурай бастады


Құрамында екі не одан да көп бағыныңқысы, бір басыңқысы бар сабақтастың түрі көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады.
Екіншіден, құрам сыңарларының бағыныңқы немесе басыңқы сипатта болуы жеке предикативтілік бөліктердің тиянақсыз немесе тиянақты түрде тұлғалануына тәуелді емес, яғни тиянақсыз тұлғалы сыңар да басыңқылық қызмет атқарады. Кеш батып, үй іші қараңғы болса да, Ділдә от жақпапты ( М.Әуезов).
Үшіншіден, мұндай сөйлем құрылымдарында грамматикалық мағынаның сақталуы тиіс, яғни жеке предикативтілік бөліктердің қарым-қатынасында синтаксистік те, мағыналық та байланыс түзілім құрғаны жөн. Мысалы: Күндізгі жауап сонымен бітіп, Амантайды қайта апарып қамағанда, үйде отырғандардан ол не айтып, не қойғанын жасырған жоқ (С. Мұқанов).
Төртіншіден, тиянақсыз тұлғалы сыңарлар соңғы тиянақты тұлғалы сыңармен осы баяндалған өлшеммен ғана байланыспайды. Кейде әр тиянақсыз тұлғалы сыңардың соңғы бөлікке байланысы ерекше болып келуі ықтимал. Қамаған үйдің терезелері темірмен құрсауланып, есігіне жуан темірден баспа істелініп, ол баспаға үлкен құлыптар салынып, маңайына мықты күзет қойылды (С. Мұқанов). Мұнда бірінші мен соңғы немесе екінші мен соңғы сыңарлардың өзара байланысуында қиындық жоқ. Ал үшінші сыңар мен соңғы сыңар жеке тұрып, мұндай байланысқа түспейді.Олардың байланысуына екінші сыңардың қатысы қажет. Осындай байланысудың нәтижесінен пайда болатын түзілімдерді көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің екі түріне де ортақ деп танимыз.
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы тиянақсыз тұлғалы бөліктерінің басыңқы бөлікпен байланысы жарыспалы және сатылы ыңғайда болады. Оның жарыспалы бағыныңқылы түрінде басыңқымен болатын байланыс еркін болады, кез келген тиянақсыз тұлға басыңқымен грамматикалық мағына құрайды. Төртінші күні көзі ішіне кіріп, жағы солып, танаулары қусырылып, ерні кезерді (Ж.Аймауытов).
Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары бірыңғай тұлғалы сөздерден болуы да, түрлі тұлғалы сөздерден болуы да мүмкін. Демек, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жарыспалы түрі жеке сыңарларының тұлғалық өзгешелігі мен мағыналық қатынастың ерекшелігіне орай бірыңғай және әр алуан жарыспалы деп екі топқа бөлінеді. Күні бойы жаңбыр жауып, оның үстіне қатты жел тұрып, бараққа зорға жеттік ( С.Мұқанов). Осындай аз топ екі ұдай болған енжар көңілмен ақырындап келе жатқанда, күн анық батып, ымырт әбден жабылды (М.Әуезов). Алдыңғы сөйлем бірыңғай себеп мәнде, ал соңғы сөйлем мезгіл - амал мәнде келген.
Сатылы бағыныңқыда әр бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен өз бетінше, тікелей байланыспайды, өзінен кейінгі бағыныңқыға байланысады да, сол арқылы сатылап барып басыңқымен құрмаласады. Мұндай түзілімді сөйлемдерді көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің сатылы бағыныңқылы түрі деп атайды. Мысалы, Ат үстінде ұзақ жүріп көрмегендіктен, белі мен тізесі ауырса да, ол өзінің малшыларға барғанына риза болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет