Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері



бет80/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Күз келді. Сабақ басталды. Оқуға беріле кірістім. Комсоргтың айтқанын екі етпедім. Мұндай КСТ-дағы сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе өткен шақ болымды күйде тұрса, бастауыштары зат есімнің атау септігінде тұрады.
2. Сипаттамалы КСТ
Бұл өзінің атына байланысты белгілі бір іс-әрекетті, оқиғаны сипаттауда қолданылады. Сипаттамалы КСТ осы шақтағы, өткен шақтағы және атаулы сөйлемді деп бөлінеді.
а) Осы шақтағы сипаттамалы КСТ
Көгілдір аспан, жасыл дала, қызғылт тартқан көкжиек-бәрі, бәрі билеп тұрғандай. Қоңыр самал да әженің жұмсақ алақанындай маңдайға, бетке жайлы тиеді. Тентек дала құйынындай ұшып келе жатқан мотоцикл екпіні лепірген көңілді одан әрі желпіндіре,жел бере түседі. Қара көлеңке үйіріле бастаған сары ала бидайық, боз жусанды дала төңкеріле дөңгелеп барады.
ә)Өткен шақтағы сипаттамалы КСТ
Ай батқан. Сұйық сұрғылт бұлт күндіз көк жүзін лайлап, бірде жауар күннің ажарын танытып, түтіндеп, тас төбеге шоғырлана түссе, енді бірде дал-дұл қып желе жортып, шудалап түтіп-түтіп тастап тұрған-ды. Арал бойының жынды желі қуалап біткен мазасыз бұлт көк жүзінде қайта тұтасып, қорғасын салмақпен жылжымай шөгіп алған.
б)Атаулы сөйлемнен басталатын сипаттамалы КСТ
Май. Қоңыр көктем түні. Тозығы жеткен түндіктің мың сан жыртығынан сығалаған сәуледей жұлдыздыр жымыңдап тұр. Ауада дымқыл, бүр жарған ағаш иісі. Таудан жібек самал еседі. Сөйлемдер мағыналық, тұлғалық, құрылымдық жағынан бір-біріне параллель байланысқан.
3.Анафоралық қайталау жолымен жасалған параллельді КСТ
3.1 Бастауыштың қайталануы арқылы болған параллельді КСТ
...Бұл жол-болашақ жолы,
Бұл жол-бақыт жолы.
Дала төсіне шірей тартылған қос рельс қазақы домбыраның қос шегі сынды: тарта бер заман күйін, шерте бер айызың қанғанша аңыратып-ғұмырың жетсе. Әр шпал-әр перне секілді. Қазекемнің он саусағы енді темір бойымен ойнайды...
Басқы екі сөйлемнің бастауыштары қайталанып келіп, бүкіл КСТ-ның қысқаша мазмұнын өз бойына жинап тұр.
3.2 Баяндауыштың қайталануы арқылы болған КСТ
Әдемі жігіт еді. Өнерлі жігіт еді. Талай күлім көздерді есінен тандырған жігіт еді. Бірдей шақ, бірдей жақ, бірдей тұлғада келуі арқылы параллельдігін арттырып тұр.
3.3 Анафоралық хабарлы сөйлем арқылы жасалған КСТ
Арба ұзай берді. Қанат қолындағы жиегі қызыл жібекпен көмкерілген ақ орамалды жазып қарады. Қыз алақанындай ғана шағын ақ орамал.
Арба ұзап барады. Қанат одан көз үзбей сілейіп қалған...
Арба ұзап барады. Алдында су емес, қан ағысы жатқан секілді...
Басқы бөліктегі алғашқы сөйлемнің үш рет қайталануы арқылы КСТ-ның параллель түрі жасалып тұр.
3.4 Параллельді сұраулы сөйлемдер арқылы жасалған КСТ
Әлгінде қоянжырық бір шындықтың шетін басып қалған сияқты болды. Біржан сияқты Арқаның ардагер әншісі жұрт алдында Пштабайдан таяқ жеп, қорлық көрсе, іш құса болмай не болмақ? Бұған дейінгі өркөкірек ән, бұған дейінгі асқақ үн сөне бермегенде, қайтпек?
ІІ. Тізбекті КСТ
1.Алғашқы сөйлемі бастауыштан басталатын тізбекті КСТ
Сағи да Нұрланның құрбысы. Бұл да сол өзі оқыған Баянауылдың он жылдық мектебін бес-алты жыл кейін бітірген көрінеді. Әкенің таяғын ұстап, ауылда белді азамат болатын келешекте осы Сағи.
Алғашқы сөйлемі баяндауыштан болатын тізбекті КСТ
Тұрғандай ұйқы-тұйқы ақ самайың,
Мен қалай,Әбе, сені жат санайын.
3.Алғашқы сөйлемі толықтауыштан басталатын тізбекті КСТ
Жастарды маңызды салаға жұмылдыруда Жамбыл, Мәскеу аудандарында ізденісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Онда қой өсіруші жастар бригадалары құрылған.
4. Алғашқы сөйлемі пысықтауыштан басталатын тізбекті КСТ
45 жылдың жазында майданнан аман қайтқан 6 солдатты бүкіл Көлтабан акуылының еңбектеген кәрісіне дейін үлкен бір қуанышпен қарсы алған...
5.Динамикалық сөйлемді тізбекті КСТ
Спорт шебері батылырақ қимылдап алға шықты. Кіші-гірім чемодандай бір тасты жерден қопарып алды да, аяғының астына қойды. Арнаулы сағатқа қарап уақыт белгіледі. Содан соң әлгі тасты үңгірге домалатып жіберді.
Алғашқы сөйлем бірден қимылға кіріскендікті білдіреді де, әрі қарай дамуды талап етеді. Тізбекті және параллель КСТ араласып та келе береді.

Бақылау сұрақтары:


1.Мәтін синтаксисінің зерттеу объектісіне не кіреді?
2.Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрамдас бөліктері
3.Күрделі синтаксистік тұтастықтың түрлері
4.Параллель байланыстағы күрделі синтаксистік тұтастық
5.Тізбектеле байланысқан күрделі синтаксистік тұтастық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет