Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері



бет84/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері


Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да алуан түрлі.

  1. Үтір. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей:

а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету үшін қолданылады. Мысалы:Сүгірбай әбден түрткілеп қоймаған соң, Кәрден өз білгенін жеткізген болды (З.Шашкин).
ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Мысалы:
Арық, ұзын, еңкіштеу денесі әлі ширақ (Ғ.Мүсірепов).
б) Үтір оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады: Мысалы:
Арылма, өлең, арылма
Домбырам, күйден жаңылма!(Жамбыл)
в) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде (М.Әуезов).
г) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қойылады. Мысалы: “Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас”,-дейді халық мақалы.
2. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір–хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, дәрежесі нүктеден төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл-аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады.
Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өзара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасында да қойылады. Мысалы: Кімді-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көтере алмаса, оның саяздығы (Ә.Әбішев).
3. Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарында қолданылады:
а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі-кетпен шабу, бірі-егін ору (С.Мұқанов).
ә) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы, төрт жылқы, бір жылқы (С.Мұқанов).
б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып:- қағаздағы аты-жөніңіз басқа екен ғой ?-деді Аман. Біздің ауылдың мөрін кім басқан?
Көп нүкте. Көп нүкте аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда, негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан немесе қысылып ұйалғаннан сөзі аузына түспей, сөз таба алмай мүдіргенін, сасқалақтағанын, сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. Мысалы:
-Тақсыр … қарағым… шырағым-ау… Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мініп келген … - дей бергенде, Аман келді де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды (Ғ.Мұстафин ).
Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, фуекцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгісі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.
а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды – көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат.
ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады.
б) Бірыңғай мүшелердің кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екендігін, мағыналық жақтарынан олардың мәндестігін білдіру, қызметін атқарады. Мысалы: Керуен көшетін сауда жолдары ,ұлы базарлар ,атақты қалалар, су жолдары-барлығы да бүгін айрықша керек болған.

                  1. в) Төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөліп тұрады: Сөйтіп отырып шын жылады ол:

-Аманжан, тез қайта көр!-дейді аузы кемсеңдеп.
-Жеңеше, мұнау теңеуіңіз қандай оңды!-деді де Аман бұл сөзінен дереу қайтты (Ғ.Мұстафин ).
г) Сызықша мезгілдік, мекендік шаманы, шекті білдіретін сөздер арасында қолданылады. Мұндай орынның кейбіреуінде ол түсіріліп қалдырылған шығыс жалғауының орнына қолданылады және соның функциясын атқарады. Мысалы: Біздің бригада күнделікті жоспарын 150-200 проценттен кем орындап көрген емес.
д) Сызықша тетелесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәнді құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсіріліп қалдырылған қарсы мәнді құрмалас сөйлемнің компаненттеріарсында қолданылады. Бардым, -жолыға алмадым. Айтудай-ақ айттым, - көнбеді.
Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаларға қоршалған сөздің немесе сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдемелердің шартты атаулы екендігін білдіреді. Дәлірек айтқанда, тырнаша мынадай функцияларда қолданылады.
а) Цитат түрінде келтірілген біреудің сөзі тырнақшаға алынып жазылады.
Мұндай орынды тырнақша қоршауындағы сөздердің, сөйлемдердің автордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін білдіреді. Мысалы: ”Сырдария да көріне бастады. Нысаналы жерге жақындадым”,- деп жазды да, жас инженер мелиатор Бектасов автомат қаламын стол үстіне қоя сап, орнынан түрегелді (С.Мұқанов).
ә) Кері мағынада, әжуа, сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер тырнақшамен қоршалады.
б) Газет-журналдардың, әдеби шығармалардың, кемелер мен самолеттердің, шахталар мен рудниктердің, фабрикалар мен заводтардың, колхоздар мен совхоздардың, машина маркаларының т.б. аттары тырнақшаға алынып жазылады. Мысалы: Кеменің ” Қазақстан ” деген аты маған көп ой салып келе жатты.
Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлем мен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен граматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдері. Мысалы:
- Ә , Амантайка (Амантайды ол солай атайды) аман? (С.Мұқанов).
Осылар тәріздес, авторлық ескертпе, драмалық шығармаларда кездесетін ремаркалар да жақшаға алынып жазылады. Мысалы:
Байназар (Тоқаға) : Бас, бас аяғыңды жылдам!
Садық: Ұр итті! Жатқыз! (Қоса ұмтылды). Ұста! Жіберме! (Омар, Сәрсек шығады (М.Әуезов)).
Цитаттың қайдан, кімнен алынғандығын автор өз сөзімен айтып жатпай, одан кейін иесін немесе цитат алынған еңбектің атын ғана атаса, ол жақшаға алынады. Мысалы: «Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың» (Абай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет