Жоспар: 1.Бөгде сөз, оның түрлері
2.Төл сөз, оның өзіндік белгілері мен берілу жолдары
3.Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
Адам сөйлегенде, я жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреудің сөзін, пікірін келтіретіні белгілі. Ондай келтірінді сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады.
Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болады: бір жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да өзгертіліп, грамматикалық тың формалар қосылып немесе грамматикалық жеке формалар түсіріліп айтылуы мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.
Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын, ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданылған біреудің сөзін айтамыз. Сөйлеуші я жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейміз. Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші я жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да, әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір үзінді болуы мүмкін.Төл сөз қандай құрамда, қандай мағынада айтылса да, ол автор сөзімен байланыста болады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы мұндай байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дәнекер де көмекші етістігі. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру қызметінде қолданылғанда де етістігі деді, деген, дейтін, дейді, депті, деп, десе түрлерінде айтылады. Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық!-деді (М.Әуезов).Ұзамай фельшер де шығып: Енді қайта беріңдер. Ұзақ жатады, көп емдеукерек болады, - дегенді түсіндірді (Ғ.Мүсірепов). Қолданылу орнына және қолданылу мақсатына қарай төл сөз дәйексөз немесе диалог түрінде келеді. Дәйексөз түріндегі төл сөз негізінде, саяси әдебиеттерде, ғылыми және әр алуан публицистикалық еңбектерде қолданылады.Дәйексөз ретінде келтірілген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол - автор сөзі деп аталады. Автор сөзінің негізгі қызметі- төл сөздің кімдікі екенін, қайдан алынғанын, т.б. білдіру. Ал диалогты төл сөзде автор сөзінің біраз өзгешеліктері бар. Автор сөзінің әрбір сөйлеушінің сөзі сайын қолданылып отыру шарт емес.
Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады:
1. Төл сөз – автор сөзі (төл сөзден кейін автор сөзі келеді). – Мені қайда апарасыңдар?-деді Ботакөз ашулы дауыспен ( С.Мұқанов). 2.Автор сөзі- төл сөз (автор сөзінен кейін төл сөз келеді). Ол баласына ұрсып тұрып, былай дейді:- Сен білмейсің, ол кішкентай ғана жіп болса да , малға сатылып алынған жіп, ал малдың табылуы оңай емес ( Ы.Алтынсарин). 3. Автор сөзі - төл сөз – автор сөзі. Бірдеме айтқалы келе жатқан Омардың бетін қайтарып тастау үшін: - Үйшінің ешкілерін осы күнге шейін жеткізіп бермегенің бекер болған,- деді де, Игілік жегулі тұрған пәуескені мініп, жүріп кетті( Ғ.Мүсірепов). 4. Төл сөз – автор сөзі – төл сөз. – Олай болса,- деді Жақыпбек, - Сапар сөзіне сенбейтін жөні жоқ ( М.Иманжанов). Автор біреудің айтқанын, я ойлағанын төл сөз күйінде бермей, өз тарапынан өзгеріске түсіріп беруі мүмкін. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оның өзіне тән басқа ерекшеліктері: ритмика-интонациялық бояуы өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, кейбір сөздерін алып тастап, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады. Сонымен, біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілу түрін төлеу сөз дейміз.
Төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Бұл екеуі сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде бөгде біреудің сөзін, пікірін келтірудің екі түрлі тәсілі. Бұл екеуінің арасында бірсыпыра өзгешеліктер болады:
1. Төл сөз сөйлеуші, я жазушы бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгіріссіз, қоспасыз, бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды: оның бірер сөзін болса да өзгертуі, өз тарапынан кейбір сөздер қосады, бірер сөздің бастапқы морфологиялық
формасын, соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді.
2. Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді және ол екеуінің жігі айқын байқалып, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізу қажет болмайды, тек дәнекер ретінде де көмекші қолданылады. Төлеу сөзде олай емес. Мұнда ол автор сөзімен араласып, тұлғалық өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. Автор сөзінсіз өз алдына сөйлем бола алмайды, өйткені төлеу сөзде төл сөздегідей өзіне меншікті баяндауышы болмайды. Сондықтан төлеу сөз автордың қоспасымен бірігіп, бір-ақ сөйлем болады да, де етістігін қажет етпейді. Мысалы: