Төл сөз. « Әлі бұл өңірде көк шабан тебіндеп келе жатыр, қыс ызғары әлі түгел айығып болған жоқ»,-деп әңгіме қып отырды. Төлеу сөз. Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды ( М.Әуезов). 3. Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері болады: хабарлы, сұраулы, лепті болып келеді. Соған қарай оның әр сөйлемінде өзіне лайықты сазы, интонациясы, ритмика-мелодиялық ерекшеліктері болып отырады. Төлеу сөзде мұның бірде-бірі болмайды, яғни сақталмайды. Өйткені төлеу сөз өзінің бастапқы түрінің қандай екендігіне қарамастан тек хабарлау түрінде ғана беріледі.