13.Ғылыми теорияның негізгі функциялары: баяндау, түсіндіру, алдын-ала айтуына болжам жасаңыз. Өзінің құрылымы бойынша, ғылыми теория дегеніміз анықтаманың көмегімен оның бүкіл басқа ұғымдары мен негізгі заңдарынан жекеше заңдары тұжырымдап шығарылатын түбірлі ұғымдар мен негізгі зандардың жүйесі болып табылады. Математикалық теорияларда негізгі зандардың орнына аксиомалар туралы, жекеше зандардың орнына теоремалар туралы ой-пікірлер қолданылады. Осы тұрғыдан қарастырғанда теория алғашында аса қарапайым эмпириялық заңдарды, ал содан кейін жалпылығы кеңдеу теориялық заңдарды іздеп табудың қиын жолдарының нәтижесіңде қалыптасады. Тек зерттеудің соңыңда ғана негізгі теориялық заңдар тұжырымдалады. Сөйтіп, тұжырымдалып аяқталған формасында теория дегеніміз ұғымдар, тұжырымдар, аксиомалар мен заңдар сияқты құрамдас бөліктері белгілі бір логикалық қатынастар негізінде байланысқан білімдердің бір тұтас біріккен жүйесі болып табылады. Сондықтан жеке гипотеза мен жеке заңды тұжырымдап, тексерумен салыстырғанда теория құру ісі әлде кайда күрделі де қиын жұмыс болып табылады.
Мықты теориялық жүйе құрудың қиындығы және бұл істің толып жатқан түрліше факторларға байланыстылығы ғылымды зерттелуші құбылысты оңайлату үшін оны белгілі бір схемаға салып, тұрпайыландыруға мәжбүрлейді. Сол себепті ол шындық дүниедегі нақты объектілердің орнына дерексіздендірілген (идеализацияланған), абстракцияланған объектілірді енгізеді (бұл соңғылардың арасыңдағы қатынастар шындықта бар нәрселер мен процестердің арасындағы мәнді байланыстарды шамалы ғана дәл бейнелендіреді). Мұңдай абстракциялық объектілердің қасиеттері теорияның бастапқы, негізгі ұғымдарының көмегімен, ал олардың арасындағы логикалық қатынастар не аксиомалардың көмегімен (математикада) немесе теорияның негізгі заңдарымен (нақты ғылымдарда) бейнеленеді. Демек, мұндай зандар шындык, жүйесінің элементтері арасындағы байланысты білдірмейді, осы шындық жүйелерін бейнелендіруге көмектескен абстракциялық объектілер арасындағы байланысты білдіреді. Механикада, мәселен, мұндай жүйе ретінде "нүктелік массалар" немесе сыртқы күштің әсерінен қозғалатын материалдық нүктелер алынса, ал генетикада гендер жүйесі, социологияда әлеуметтік әрекеттер жүйесі және т.т. алынады. Материалдық нүктелердің бөгде күштің әсерінен болатын қозғалысы Ньютонның үш негізгі заңымен түсіндіріледі; Мендельдің заңы, ал қазіргі молекулалық генетиканың заңы тұқым қуалау кезінде ата-ана белгілерінің бөліну процесін түсіндіреді; социологияның зандары әлеуметтік қарым-қатыныстардың нәтижелерін сипаттайды.
Бұл сияқты абстракциялық объектілер жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды білдіретін зандар шындықтағы жүйелердің элементтерінің мәнді белгілері мен байланыстарын салыстырмалы түрде дөл бейнелендіретіндіктерінен ғана олардың мәні мен маңызы болады. Міне сондықтан да абстракциялық объектілердің осындай жүйелері ғылыми теорияның ерекшелігін көрсетеді және ол теорияларды құруда басты рөл атқарады. Мұндай жүйенің теорияны қалыптастырудағы шешуші рөлін атап көрсету үшін оны теорияның концептуальдық өзегі, базисі немесе іргелі теориялық схемасы деп атайды. Мұндай жүйе белгілі бір тұрғыда зерттелуші шын жүйенің орнына жүре алатындықтан, оны абстракциялық модель ретінде де қарастыруға болады. Модельдердің абстракциялық объектілері арасыңдағы қатынастар дәл ғылымдарда түрліше тендеулердің және олардың жүйелерінің көмегімен түсіндіріледі, ал басқа ғылымдарда сипаттаушы модельдің бастапқы объектілері арасындағы қатынастар туралы мазмұнды пікірлермен түсіндіріледі. Егер бұл қатынастар шындық процестері мен жүйені сипаттайтын қатынастар арасындағы байланысты мүмкіндігінше жуық көрсетсе, онда модель мақұлданады. Ал шындық пен теориялық модель арасында айтарлықтай алшақтық бар екендігі көрінсе, онда модель түзетіледі, түрі өзгертіледі немесе тіпті жарамсыз деп тасталады.
Функциялық түсіндірме өзінің міңдеті жағынан алғанда телеологиялық түсіндірмеге жақын, өйткені ол "қалай, неліктен" деген сұрақтарға емес, "не үшін" деген сұраққа жауап қайырады. Мұндай түсіндірмелер бір тұтас системаға жататын кіші система немесе элемент атқаратын қызметі (функция) туралы түсіндіргеңде қолданылады. Мысалы, тірі организмнің мына мүшесі немесе мемлекеттің мына органы қандай қызмет атқарады деген сұрақтарға жауап бергенде осы түсіндірме қолданылады. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы тұжырымдалғаннан кейін бұл түсіндірме кеңінен қолданыла бастады. XX ғ. жалпы системалар теориясы мен синергетика шыққаннан кейін мақсат, функция, мақсатқа сай даму деген ұғымдарды т.б. өздігінше ұйымдасушы күрделі системалардың функциясын түсіндіру үшін пайдалану мүмкіндігі туды.
Адамдардың қоғамдағы мінез-құлқын түсіндіру үшін нормативтік түсіндірме берудің рөлі мен маңызы арта түсті. Адам-қоғамдық-әлеуметтік жан болғаннан кейін ол белгілі бір моральдық нормаларды, құқықтық нормаларды орындауға міндетті. Оларды дұрыс орындау үшін дұрыс түсіндірме берілуі тиіс. Ондай нормалар табиғатта жоқ, қоғамда ғана әрекет етеді. Осыны негізге ала отырып, кейбір зерттеушілер түсіндірудің дедукциялық-номологиялық моделі жаратылыстану ғылымдарына дұрысырақ сәйкес келеді, ал қоғам үшін лайықтысы нормативтік түсіндірулер дейді. Бұл да бір ойландыратын проблема болып табылады.
Қорыта айтқанда, түсіндірудің барлық альтернативтік модельдерінде басты назар алдымен адамның саналы да мақсатты іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне, атап айтқанда, көздейтін мақсат-мүддесіне, қоғамдағы атқаратын қызметі мен рөліне т.б. субъективтік факторларға аударылады. Бұл зерттеулерде қол жеткен маңызды бір нәтиже түсіндіру мен ұғыну процестерінің арасындағы терең бірлікті түсіну десек, артық айтқан болмас, өйткені ғылым философиясын иемденуге тырысушы осы күнгі бір батыстық бағыт- неопозитивизмді жақтаушылардың назарынан ұғыну проблемасы тыс қалып қойыпты. Сол себепті де олар ұғынуды түсіндірудің бір психологиялық кезеңі ғана, ол ғылым философиясында қосымша эвристикалық қана рөл атқарады деп санайды. Шынында да солай ма, енді сол мәселені анықтауға көшейік.
14.Физиканың, химияның, астрономияның, космологияның, математиканың, информатиканың, жер туралы ғылымның(география, геология), техниканың философиялық проблемаларының шешімін табыңыз. Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы жаратылыстану –дүниені біртұтас деп санайтын натурфилософиядан өсіп, өркендеген. Табиғаттағы оймен сипаттаудың орнына оның даму заңдарын тәжрибелік әдіспен шешу басымдылық танытты. Материалды Әлемнің қарапайым және жалпы қасиеттерін зерделейтін жекеғылым саласы –физика бөлініп шықты. Физикадағы заңдардың барлығы тәжрибеден қортылған және тек біздің Жерге ғана тән универсал заңдар емес, барлық материалды Әлемге де орындалады. Физикалық заңдылықтар басқа да жаратылыстану салаларына орындалады. Және бұрыннан осы кезге дейін өзгеріп келген кеңістік, уақыт және материя туралы түсінік береді. Ертедегі философтар Әлем бұрыннан болған және болады да, онда периодты түрде әртүрлі катаклизма болып тұрады деп есептелген. Діни аңыз бойынша Әлем ертеде, бір уақытта пайда болған делінеді.