V III тарау. Kft3ag философиясы
Абай поэзиясының шыңы эрі оны өзінен алдыңғы да, өзінен кейінгі де ақын-
дардан ерекшелігі халықтың ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, адам, өмір, өлім,
махаббат ұғымдарына философиялық тұрғыдан мағына беруінде жатыр.
Ақынның эстетикалық жэне этикалық мэселелер жөніндегі ой-пікірлері
сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белесі болып табылады. Оның «Құлақтан
кіріп, бойды алар», «Құр айғай бақырған құлаққа эн бе екен» деген өлендерінде
эннің, күйдің адам сезіміне эсер етер қуатты құдіреті, шипалы шапағаты көркем
сурепеледі. Әсіресе жақсы эн мен тәтгі күйдің ассоциативтік ой туғызьш, адамның
өткен өміріндегі ең бір тамаша кездерін еске түсіретіндігін шебер көрсстеді».
«Жазғытұрым», «Жаз» деген өлеңдерінде табиғаттың көркем бейнесін ардақтап,
оның адам ойы мен сезіміне шипалы эсер ететіндігі баяндалады. Абай көркем
сөздің эстетикалық маңызына ерекше көңіл бөлді.
Тілге жеңіл, жүрекке жьшы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, -
деп өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болуын, бөтен сөзбен сөз арасы былған-
бауын, әркімді мақтап, қайыр тілеуге арналмай, адамгершілікті, инабаттылықты
дәріптеу керектігін баса айтады.
Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар десек
қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, бос әурешілікпен күнін өткізген
пысықсымақтар жөнінде:
Осындай сидан жігіт елде мол-ақ,
Бэрі де шаруаға келеді олақ,
Сырын түзеу біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу борбай сымпыс шолақ, -
дейді. Әсіресе пайдасы үшін арын сатқан екі жүзді адамдарға жиіркенішпен
қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына
баурап жүрген ауыл атқа мінерлеріне:
Ары кеткен алдағыш,
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс,
Ормасаңшы коктейін, -
деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес
етеді.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, эрқалан.
Сен де - бір кіршіп дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! -
деп эр адам қоғамда өзінің орнын алуы керектігін, ол үшін өнер мен білімге
ұмтылуы қажет екендігін айтады.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |