Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілік пен жандіпылдык, философиясы


бет268/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Дәстүрлілік пен жандіпылдык, философиясы
2 9 7
Ол кездегі қазақ халқының элсуметтік даму денгейі төмен болуының себе- 
бінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дэл анықтау өте қиын еді. Деген- 
мен ақын алғашқы кезде әлеуметтік істерге біраз араласып, Орта жүз руларының 
басы қосылған Қарамола съезінде 76 баптан тұратын жаңа заң ережелерін 
ұсынады. Қазақ даласында реформалар енгізуге талпынады. Алайда бұл рефор- 
малар тариххың тәлкегімен аяқсыз кдлады.
¥л ы ақьш да Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ халқының шырғалаңнан күтылар 
жолы білім игеру, кэсіпті дамыту, аянбай еңбек ету деп біледі. Әсіресе еңбек 
дэріптеу шыңына жеткізіледі.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның, тіленбей, -
немесе
Бакден асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артык1'6, -
деген сөздерде қанша философиялық тужырым, ой жатыр. Аянбай еңбек етудің 
арқасында ғана адам дұрыс тұрмыс кұра алады, ағайын-туысқа шапағаты тиіп, 
қурметке бөленеді.
Абайша сену үшін алдымен түсіну қажет. Абай адам мәселесін, оның 
қайшылыққа толы қоғамдық болмысының мэнмэтінінде кдрастырады. Осыдан 
келіп адамның элеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкіндігінің шексіздігі 
туралы идеяны алға тартады. Адам - өз тағдырының қожасы жэне құрушысы. 
Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылыгы эр адам жанының 
қайталанбас сонылығы идеялары — Абайдың адам концепциясының негізгі идея- 
лары. Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу — 
жоғарғы имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.
Адамдардың эртүрлілігі жайлы айта келіп, Абай эр адамның өмірде өз ор- 
нын табуының маңыздылығын атап көрсетеді. Адамның өз орнын, өзін табуы- 
на жол сілтеу, бағыт беру - ағартушының, бұқараны тәрбиелеушінің бірінші 
міндеті осы деп біледі. Осыдан келіп «Адам бол!» деген Абай этикасының негізгі 
принципінің магынасы мен мэні ашыла түседі: эр адам өз шығармашылық по- 
тенциясын іске асырып, өзін жетілдіре алады жэне жетілдіруі тиіс. Сонда ғана 
ол жаратылысынан өзіне белгіленген орынға сай келеді. Даныншан адамдардьщ 
өмірде өз орнын табуға, абыройының деңгейін көрсетуце алдымен 
ятгыттлмн
рөлі басым екенін айтып өтеді. Абай ақылды кісі мен ақылсыз кісінің нендей 
айырмашылығы бар, ақылды, есті кісі не істеп, не қоюы керек, соган тоқталады. 
Пенде адам болып жаратылган соң ешбір нэрсені қызықтамай жүре алмайды 
жэне сол өзін қызықтыратын нәрсені іздеген шақтары оның бар гумырының ең 
қызықты уақыты болып ойында қалады. Іздену, талпыну, құтптарлану - тірінің 
адами табиғаты. Бұлай өткен өмірде де өкініш болмайды.
Абай әредік «мен» жэне «менікі» деп метафизикалық түрде адамның рухани 
дүниесі мен тэн тіршілігін, биологиялық болмысын қарама-қарсы қояды. Осы-
116 Абай Құнанбаев. - Алматы, 1961. 450-6.


298

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет