Дәстурлілік пен жандшылдьщ философ иясы
3 0 9
лыстану саласындағы терең білім танымына сүйенеді. Шэкэрімше жер мен аспан,
табиғат кұбылыстарын бэрін бірдей көзбен өріп, қолмен ұстау мүмкін емес:
Радийді бұрын біліп пе ең?
Электр ұстап көріп пе ең?
Бэрін де тапқан таза ақыл.
Аспанда ұшып жүріп пе ең?
Көрінбес зат бар бірталай140.
Оларды танып білетін бір-ақ нәрсе — таза ақыл. Таза ақылдың арқасында
адам абстрактілікті меңгереді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұсқынсыздықтан,
пайдалыны зияндыдан ажыратады. Өйткені Шәкәрім түсінігінде адамньщ жа-
нуардан айырмашылығы таза ақылы мен жанында. Адамның жаны ол туылғанда
егілген дэн түрінде болады да қолайлы жағдай жасалынғанда ғана
тггяйқягтмп
өсіп,
көркейе түседі.
Ақьш деген - денеге егулі дән,
Суарса кіреді оған да жан141.
Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нэпсісі айуанменен анық теңдес.
Бөлектігі - жалғыз-ақ таза ақылда
Әлің келсе, жол тап та осыны емдес!142
Ойшылдың айтпағы не? Біздіңше, Шәкәрім ұғымында адамның барлық
танымдық, психологиялық қабілеті оның жан шарапаты арқасында қалыпта-
сады. Барлық жан-жануарлардан адам айрыкдга қасиеттерімен ерекшеленеді,
өйткені адамда күш беретін дене мүшелерінің арқасында өмір сүретін жан
бар. Сондай-ақ Шэкэрім дүниетанымының анықтаушы бағыты оның адамзат
қоғамының дамуын жеке адам жэне қоғам арасындағы қатынас пен байланыстар-
дың қалыптасуын жаратылыстық, табиғи тұрғыдан түсінуге тырысуында деп
пайымдаймыз.
Шәкәрім — этик ақын. Бұл саладағы Шәкәрім көзқарастары ұлы ағартушы
Абай идеалымен үндес, өзектес. Шэкэрімнің көптеген шығармалары әдептілік,
мораль мәселесін сөз етіп, жастарға ақыл-кеңес, өсиет түрінде айтылады да,
патриархалдық, рушылдық салтпен нанымдар сыналады. Ақын өзінің «Шын бақ
қайсы?», «Күншіл кім?» деген өлеңінде:
Бай ұлық, жуандарды бақты көрмек,
Ол мисыз шолақ оймен баға бермек.
Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:
Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.
Бұл үпіеуі біріксе, сорды жоймақ,
Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ.
Бір адамға мұндай бақ біте қалса,
Өзімшіл көп күншілдік көзін оймақ.
140 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 227-6.
141 Сонда.
142 Сонда. - 184-291-6.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |