Дәстүрлілік пен жаңашылдыі^ философиясы
311
Бұл күнде дұрыс иман жоқ,
Шатақ дін нәпсі тыйған жоқ.
Ақылы саудың ойына,
Алдамшы діндер сыйған жоқ.
Сонда қандай жолды тандауымыз керек? Ақиқат жолын дейді ақын. Бұл
- бэріміз құнарланып, бэріміз мұрат зұгатын шын асыл жар, айнымас серік,
адастырмас жол басшы. Ал ақиқатқа жетудің амалы осы заманғы оқу-өнерді иге-
ру. Жоқтың орнын толтыратын жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды бақытқа
бөлейтін ғылым, білім ғана145.
Жалпы, Шәкәрім қай салада жазылған кітаптарды оқымасын, ол адам жэне
әлем сырын білмекке ұмтылған. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай жаралған?
Міне осы сурақтарға жауап іздеген. Жэне соның бэрін ол «ноқтасыз оймен
тексердім» дейді. Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Шәкәрімнің дінмен
жұлдызы жараса бермегенін дэл осы арада айта кетуіміз керек. Рас, Құдайға
сенген. Бірақ «талай дінді тексердім, ешбір миға сиған жоқ» дейтін де Шэкэрім.
Тегінде тереңірек ой жіберіп қарайтын болсақ, ақынның дүниеге көзқарасы
жағынан деизмге ойысатындай. Өйткені «әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, өзгеріп
түрленеді ойла, шырақ», — деп ешбір қосу-алусыз ой қозғайтын да Шәкәрім
ғой.
«Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз», - деген Абай қағидасын берік
ұстаған Шэкэрім, діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын
эшкерелейді. Fалым, ойшылдардың жазғандарына да толғаусыз табына бермейді,
өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен қарап оқиды.
Философ сөзін оқыдым,
Талайын ойға тоқыдым.
Кітабын да көргемін,
Әулие мен сопының.
Бэрінде сынға салғанмын146, -
дейді.
Шәкәрім Меккеге барғанда, шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен бес
парызының бірі - қажылық борышын өтеп жэне «қажы» деген атақ-дэреже
алайын деген оймен бармаған. Анығы «Шәкәрім тіршілік, тағдыр туралы сауал-
дарына жауап іздейді. Оқу іздену аймағын кеңейте түседі. Дін тану емес, ел тану,
жер көру мақсатында қажыга барып қайтады147.
«Бұл сапар оның ой өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған мұсыл-
манінылық жолы емес, ғьшым-білім қуған Еуропа халықтарының жолың таңдауы
керек деген ойға беки түседі»148.
Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар
- Париж, Ыстамбұл қалалары болған. Әдейілеп іздеп барғанда, ақын өзіне керегін
сол қалалардан тапқан.
145 Ш әкәрім. - Алматы: Жазушы, 1988. - 545-546-6.
146 Сонда. - 532-6.
147 Сонда. - 236-167-6.
148 Сонда. - 8-6.
312
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |