Ибн Сина
(980-1037) болды.
Д раб тілді ислам философиясы
59
Толык есімі - Эбу Эли Хусейн бен Абдуллах ибн Сина. Кейде оны Эбу Эли,
кейде «Аш-шсйх Ар-раи’с» («шейхтердің басшысы») деп те атайды. Еуропада
талым «Авиценна» (парс, ebn-e sina) деген танымалдылыққа ие болды.
Ибн Сина орта ғасыр классикалық ислам философиясының ең ірі өкілдерінің
бірі болды; оның еңбектерінің ықпалы осы кезеңге дейін сақталған. Ол өзінің төл
философиясын қалыптастыра білді жэне ислам мәдениетін антикалық дүниемен
көмкерген Шығыс перипатетизмінің рэмізіне айналды. Өзінің еңбектерінде уақыт
өте келе сол немесе өзге проблемалар туралы өз ойларын айта бастайды, фило-
софиялық ұгымдарды нақты түсіндіреді, оларды ұқыпты қолданады жоне жалпы
жүйемен үйлесімді байланыстырады6.
Философтың ең танымал кітаптарына «Китаб аш-Шифа’» («Айығу туралы
кітап», 10 томдық ғылыми жэне философиялық энциклопедия), «Китаб ан-
Наджат» («Құтқарылу жайлы трактат», қысқартылған нүсқасы «аш-Шифа»),
«Әл-и’піарат уа ат-танбихат» («Көрсету жоне түсіну»), «Әл-канун фи ат-тыбб»
(«Медицина заңы»), «Әл-хикмат әл-машрикият» («Иллюминизм даналығы»).
Философтьщ кітаптарын екіге бөліп қарастыруға болады: ибн Сина кітаптары
перипатетик ретінде (бұл, ең алдымен, «аш-Шифа» жэне «ан-Наджат») жоне
ибн Сина сопы ретінде жэне иллюминизмнің ислам таным мектебінің негізін
қалаушысы ретінде («Әл-хикмат эл-машрикият» трактаты, «Хайй бен Йаказан»
философиялық романы, Салман жоне Абсал жайлы әңгімесі)7.
Ислам философтары антика философиясының қағидаттарын ислам сенімімен
жақындатқысы келгені бізге белгілі.
Ғаламдағы әрбір зат қозғалысқа ие, олар өздерінің потенциалды күштерін
активті күйге ауыстырғысы келеді жэне кемелдіктің элдебір түріне жету үшін
арман мен құштарлыққа ие. Бұл құштарлық құдіретті даналықтың қасиеті және ол
бүкіл денелерге (жаны болсын, болмасын) енгізілген. Бұл «табиғи» құіптарлық-
тың жүзеге асуы ретінде материя мен форманың келісімін айтуымызға болады.
Ибн Сина Аристотель мен әл-Фарабиден ерекшеленеді. Философтың пікі-
рінше, әлемді жарату мен Жаратушының білімі арасында байланыс бар. Әлемді
жарату Құдайдың өз әрекетіндегі түйсінуі немесе кейбір ислам философтары айт-
қандай, «құдіретті парасаттың қайнар көзі, Құдайдың өзі болып табылады». Ол өзі-
нің жаратылысындағы жекені де, жалпыны да біледі (ибн Сина бұл пайымдаудың
дәлелдемесі ретінде Құраннан мысал да келтіреді: «...Аспанда да, жер бетінде де
ешбір нәрсе Оның назарынан тыс Қасиетті кітапқа түспей қалған емес» (Қасиетгі
Құран, 34:3), дегенмен философтардың пікірінше, Ол бүкіл жекелікті элдене эм-
бебап, жалпыны қамтушы ретінде біледі8.
Бұл жерде Ибн Синаның пайғамбарлыққа деген қатынасын атап өткен
маңызды («нубууа»), Әл-Фараби пайғамбарлар мен философтарды бір деңгейде
бағалайды; сонымен қатар философтар тандаулы жэне талым адамдар болады, ал
пайгамбарлар ол үшін философиялық мәселелерді оларга түсінікті рәміздермен,
салыстырмалы мысалдармен қалың бұқарага жеткізуші. Ибн Сина пайгамбарлар
кез келген галымнан жотары деп айтпайды, өйткені олар ерекше құдіретті күш-
6 Hasan §ahin. Islam felscfcsi tarihi dersleri. - Ankara: tlahiyat, 2000. - 93-94 s.
7 Ali Bula
9
. Islam diijiinccsindc din-felsefe vahiy-akil ili§kisi. - Istanbul, 2006. - 162 s.
8 Абдо Ащ-Щ ималий, 363-6.
60
J>
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |