Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер Алматы - өте әдемі қала. Ол еліміздің оңтүстік – шығысында орналасқан. Алматының төрінде әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан. Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы бар. Алматының шығыс жағында Талғар ауданы бар. Оңтсүтік-батысында Қарасай ауданы жалғасып жатыр.
1. Мәтінде қай қала туралы айтылады?
A. Алматы
B. Талғар
C. Қарасай
D. Абай
2. Мәтін бойынша мұзайдын қаланың қай бөлігінде орналасқан ?
A. ортасында
B. төрінде
C. қиылысында
D. оңтүстік-шығысында
Жаттығулар: A) Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Сен қайда тұрасың?
2. Сенің көшеңде ескерткіш бар ма?
3. «Медеу» мұзайдыны қай қалада?
4. Сенің ата-әжең қай қалада тұрады?
5. Қай аймақта түйені көп өсіреді?
6. Балуан Шолақ Спорт кешені қаланың қай жерінде орналасқан?
7. Атырау қаласы қайда орналасқан?
8. Жеміс-жидек қай аймақта жақсы өседі?
В) Көптік жалғау мен жатыс септігі жалғауларын табыңыз. Бурабай – Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы – таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар Бурабайға демалу үшін барады.
С) «Әсем табиғат» тақырыбында мәтін құраңыз. Сөз саны – 20.
ҮЙ ЖҰМЫСЫ: I a)Сөйлемдерді көшіріп жазып, есімшелердің астын сыз, олардың етістіктің қай Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап, көшіріп жазыңыз. Қала, көше, адам, көлік, мемлекет, споршы, ойын, бұрылыс, қиылыс, орын II b) Қарамен берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құра (дәптерге). Қала, көше, адам, көлік, мемлекет, споршы, ойын, бұрылыс, қиылыс, орын
III c) Суретке байланысты жатыс септігін қатыстырып, он сөйлем құраңыз.