Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні бағдарламалары
Музыкалық өнер сабақтарын оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибелеріне , қабілеттеріне білім беру әдістемесінің мазмұнын дифференциялау.
Мектептің бстауыш сыныптарда музыкалық білім берудің әдістемесі: балалардың музыкалық және психо-фзиологиялық қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеру. Сабақтарда оқышылардың музыканы есту қабілеттерін көрсетуде,шығармаларды қабылдау және вокалды әншілік дағдыларын дамытуда қойылатын негізгі талаптар.
Бастауыш сыптардағы музыкалық сабақтардың бағыты:
Көркем шығармашылық процестердің негізгі түрлерін іске асыру ( музыканы тыңдау, шығармаларды орындау т.б)
Оқушылардың жалпы және музыкалық дамуындағы жас ерекшеліктер.
Оқушылардың әншілік және тыңдай білу мәдениетін тәрбелеу.
Музыканы эмоциональды түсінуін қалыптастыру.
Оқу процесіндегі мұғалім мен оқушының шығармашылығы.
Бағдарламалар:
Музыка пәнінен жалпы білім беретін мектептерге арнап (1-8 сыныптар) Д. Б. Кабалевскийдің басшылығымен жасалған бағдарлама.Оқушылардың рухани мәдениетіннің маңызды және оның ажырамайтын бөлігі ретінде музыкалық мәдениетін қалыаптастыру.
Музыкалық материалдың сипаттамасы, оны іріктеудің принциптері. Сабақтың тұтастығын ұйымдастыруға жеткізетін маңызды принцип ретінде бағдарламаның тақырыбтығы ( Ән,Би,Марш). Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты әдістері, дидактикалық принцитері. Бағдарламаларды әдістемелік қамтамасыз ету (оқу құралдар,хрестоматиялар, фонохрестоматиялар т.б)
Жалпы білім беретін қазақ мектептеріне арналған музыка пәні бағдарламасы:1-4 сыныптар құрасырғандар: (Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева);Рауан ,1990
Музыка материалдарының сипаттамасы.
Фольклор-әсерлі тәрбие құралы. Халықтық-әншілік дәстүрді және ұлттық, аспаптық орындаушылықты үйрену. Музыканың өмірімен әр түрлі байланымынқорытындылау және әншіліктәжірибені жинақтау.
Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі « Елім-ай» бағдарламасы ( Құрастырғандар: М. Балтабаев, Т. Қышқашбаев, Б. Өтемұратова-жетекшісі : М.Балтабаев)- Алматы
Бағдарлама міндеттерінің ерекшелігі-қазақ халқының рухани байлықтарын меңгеру; музыкалық-эстетикалық, көркемдік бағасын дамыту. Бағдарламаның принциптері:
1)Музыканың өнердің басқа түрлерімен (халық аспаптық, әншілік, декоративті-қолданбалы, сөз-өнер көркемдік мәденитттің түрлері).
2) Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бағдарлама материалдарының тақырыптық құрылымы ( Сары-Арқа, Тұлпар, Ақку, Елім-ай).
3) Материал мазмұнындағы өнегелі бағыт.
Сабақ тұтастығына іс-әрекет түрлерінің өзара байланыс жолдары мен жету. Музыка тыңдау, орындаушылық іс-әрекет( ән айту, билер,сурет салу,балалар аспаптары, музыкалық-дидактикалық ойындар).
3. Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыка пәніне арналған « Мұрагер»бағдарламасы (Құрастырған А.И. Райымбергенов).Алматы
1990.
Рухани, өнегелі, зияткер, жәнешығармашыл қасиеттерінің дамуы үшін балаларды қазақтың дәстүрлі көркемдік мәдениетін үйретуге тарту.
Бағдарламаның принциптері:оқытудың дәстүрлі түріне қарай репертуарды ұжымдық әдіспен үйрну. Халық ауыз әдебиеті жанрын меңгеру арқылы музыканы эмоциональды түсінуі,суырыпсалу импровизациялау, сахналау, музыкалау арқылы бейнелі музыканы іске асыру.
Жалпы білім беретін қазақ мектептеріне арналған бағдарлама құрастырған:( Ш.Б. Құлманова, Б.Р. Сүйлеменова, М.А. Оразалиева ).- Алматы: Мектеп 1992.
Бағдарламаның мазмұны: қазақ халқының өмірлік дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеу ретінде музыканы қабылдайтын, басқа халықтардың өнеріне аса құрметпен қарайтын және классикалық музыканы ттүсінетін рухани бай, шығрмашылық бесенді, жетік жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Музыкалық іс әректтің түрлері: ән салу, музыка тыңдау, музыкалық сауат, суыррып салу.
Орыс тілінде оқитын Қазақстан мектебіндегі « Музыка» бағдарламасына қосымша (1-8 сыныптар) ( Құрастырғандар: Л.П. Мамизерова, Г.М.Самотокина,жетекшілік жасаған Б. Ғизатов)- Алматы: Мектеп, 1998
Бағдарламаның мақсаты-рухани мәдениетті қалыптастыруда оқушыларды ұлттық музыкаға баулу.
Бағдарламаның басты ережелері:
-Қазақстан композиторларының шығармашылық мұраларын үйрену;
-Қазақтың халық музыкасын (әншілік және аспаптық) меңгеру:
-Қазақтың халық аспаптарының дыбыстық бояуларының ерекшеліктерін үйрену;
« Ән-күй –халақ қазынасы»- бастауыш мектептердегі бірыңғай тақырыптығы.
Оқу бағдарламаларға сай музыка сабағына жоспарлары дайындалады. Олар: Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Сабақ жоспары, Концерт сабағына байланысты жаспар.
Тақырыб бойынша сұрақтар:
«Елім-ай» бағдарламаның мақсаты не де?
Д.Б. Кабалевский « Музыка» бағдарламасында қандай әдістер мен принциптер зерттеледі:
« Мұрагер» бағдарламасының мағыналық бағыты? Ерекшеліктері не де? . Авторлары кім?
Ш.Б. Құлманова , Б.Р. Сүлейменова , М.А. Оразалиевалар- бағдарлама бойынша кездесетін музыкалық іс-әрекет түрлері ?
Бастауыш сыныптарда, жасөспірімдер жасында оқушылардың музыкалық білімінің қандай ерекшеліктері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |