Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет21/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      27. Пәнді оқытуға аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.


      28. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.
      29. Әлеуметік-тұрмыстық ая – 32 сағат. «Мен және менің отбасым» - 5 сағат. «Менің әкем мен шешем, атам мен әжем. Менің ағам/әпкем, інім/сіңілім/қарындасым»:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: тәуелдік жалғауы. Ілік септігі. Табыс септігі. Жатыс септігі. Сілтеу есімдігі;
      фонетика: қазақ тілінің төл дыбыстарын қайталау;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-мәлімет. Диалог-сұрақ. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Қарапайым баяндау. Қарапайым сипаттау. Бағалау (қарапайым);
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты, шағын хабарламаларды түсіну;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда негізгі ақпаратты түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: сөйлемді графикалық нұсқасына қарап жазу. Жазбаша жауап;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу; этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
      қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      30. «Менің қазақ достарым» – 5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: тәуелдік жалғауы. Ілік септігі. Табыс септігі. Жатыс септігі. Реттік сан есім;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-мәлімет. Диалог-сұрақ. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Сипаттау (қарапайым түрі). Бағалау (қарапайым түрі);
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: графикалық нұсқасына қарап жазу. Жазбаша жауап. Жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Көп тараған қазақ достарының аттарын айту.
      31. «Менің киімім. Сырт киімдер. Дене мүшелері» – 6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: тәуелдік жалғауы. Барыс септігі. Бұйрық рай. Дыбыс үндестігі (к/г), лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-мәлімет. Диалог-сұрақ. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Баяндау (қарапайым). Сипаттау. Бағалау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: графикалық нұсқаға қарап жазу. Жазбаша жауап. Жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      32. «Үй жануарлары: қой/қозы, сиыр/бұзау, жылқы/құлын. Менің күшігім/мысығым» – 5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: барыс септігі. Сұраулы сөйлем. Дыбыс үндестігі (к/г; қ/ғ);
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-реплика. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Баяндау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      33. «Менің сүйікті ісім» – 6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: ауыспалы осы шақ. Табыс септігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Шағын монолог құрастыру. Сипаттау. Бағалау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      34. «Менің сүйікті ойыншығым» – 5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: табыс септігі. Сұрау есімдігі: не? Дыбыс үндестігі (қ/ғ);
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Сипаттау. Бағалау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      35. Әлеуметтік-мәдени ая – 16 сағат. «Менің демалыс күнім. Жүр, Думанға, барамыз» – 6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: барыс септігі, табыс септігі. Тәуелдік жалғауы;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Диалог-реакция. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Шағын әңгіме құрастыру, сипаттау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану.
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      36. «Менің көшем» – 5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: Ілік септігі. Барыс септігі. Зат есім, көпше түрі. Көптік жалғау. Жіктеу есімдігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Сипаттау тұрғысында шағын әңгіме құрастыру. Өзінің іс-әрекетін сипаттау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
      қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      37. «Тазалықты сақтайық» – 5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: ілік септігі. Жатыс септігі. Көптік жалғау. Барыс септігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Іс-әрекетті сипаттау. Бағалау;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
      қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      38. «Оқу-еңбек аясы» – 20 сағат. «Апта аттары» – 7 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: сұрау есімдігі: қанша?
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Сипаттау тұрғысында шағын монолог құрастыру;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді сұраққа жауап беру арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру.
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      39. «Менің оқу-құрал жабдықтарым» – 7 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: тәуелдік жалғауы;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: Диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім. Монологтік сөйленім құрастыру;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді нақты сұраққа жауап беру арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру;
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      40. «Дүкенге барамыз» – 6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: барыс септігі. Сұрау есімдігі: қандай? қанша?
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалогтік сөйлесім. Диалог-сұрақ. Жауап беру. Клишені қатысымда қолдану. Монологтік сөйлесім;
      тыңдалым: өзіне таныс тақырыптағы нақты айтылған, шағын хабарламаларды түсіну. Тыңдаған мәтінді затты көрсету, суретті таңдап алу арқылы түсінгенін білдіру;
      оқылым: шағын мәтіндердегі сөздер мен фразалардың дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу. Іштей оқу және шағын мәтіндерді оқығанда өзіне таныс тақырыптағы мазмұнды түсіну. Шағын мәтіндердің жалпы мазмұнын дұрыс түсінгенін таблица толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіру.
      жазылым: жазбаша жауап, жазбаша сұрақ;
      тілдесім: қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).

4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

      41. Пәнді оқытуға оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.


      42. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
      43. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 38/26 сағат. «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің жұмыстары – 10/8 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: тәуелдік жалғауы. Жатыс септігі. Сан есім. Сілтеу есімдігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау;
      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      44. «Мен бөлмемді жинаймын» – 9/6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: табыс септігі. Жатыс септігі. Көмектес септігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог. Баяндау;
      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы т. б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      45. «Сағат қанша?» – 10/7 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: жатыс септігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      46. айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог. Баяндау;
      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      47. «Мен азық-түлік дүкеніне барамын» – 9/5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: Сұрау есімдігі: қай? қайда? Сілтеу есімдігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсіну, айту. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау;
      тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу; күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкция-ларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      48. Әлеуметтік-мәдени ая – 38/26 сағат. «Қазақстан картасы. Кел, ойнайық» – 10/8 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика. Сұрау есімдігі: қай?
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Қысқа диалог. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау, сипаттау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну;таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы т. б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      49. «Туған күн» – 10/7 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: тәуелдік жалғауы;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Қысқа диалог. Өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беру. Монолог, баяндау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      2) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      50. «Күн суық/ыстық» – 8/5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: Сұрау есімдігі: қандай? қашан? Болымсыз етістіктің жұрнағы – ма/ме/ба/бе/па/пе;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Диалог-мәлімет – белгілі оқиға, не бір мәселе туралы хабар беру. Диалог-талап. Монолог, хабарлау, баяндау, санау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      51. «Спорт залда» – 10/6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: септеулік шылаулары: соң/кейін;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Диалог-мәлімет – белгілі оқиға, не бір мәселе туралы хабар беру. Диалог-талап. Монолог. Баяндау, сипаттау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұқбаттарды пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы т. б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      52. Оқу еңбек аясы – 26/16 сағат. «Менің сыныбым» – 14/9 сағат:
      1) тілдік бөлім: грамматика: жатыс септігі. Шығыс септігі. Сұрау есімдігі: қанша? неше? нешеде?
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Диалог-реплика – тілдік қатынаста адам ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізе білу. Диалог-реакция – берілген сұраққа немесе сөйлем ішіндегі бір сөзге не ойға айрықша мән беріп, соған қатысты өз көзқарасын білдіру. Монолог. Баяндау, сипаттау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;
      оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекен-жайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).
      53. «Менің оқу құралдарым» – 12/7 сағат:
      1) тілдік бөлім;
      грамматика: Сұрау есімдігі: қанша?
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Диалог-сұрақ. Диалогтың бұл түрінде сұрақ берушінің қызметі басым болып, ол өзіне керек мәліметті екінші адамнан алуға ұмтылады, сондықтан сұрақ қажет мәліметке байланысты қойылады, сұраққа жауап беру талап етіледі. Монолог, баяндау, сипаттау;
      тыңдалым: күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды, пікірлесуді түсіну; таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Оқылым. Таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну. Түрлі-түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқу, түсіну. Нақты үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;
      жазылым: мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу. Аты-жөні, мекенжайы, т.б. туралы жазу;
      тілдесім: синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет