7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеуметтік орта), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсінігі бар;
8) 1-сыныпта оқу үшін қажетті білік және дағдыларды меңгерген.
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптар
Іс жүргізудің жай-күйі мен дұрыс ұйымдастырылуы, құжаттардың уақтылы орындалуы және олардың сақталуы үшін жауапкершілік білім беру ұйымының басшысы мен оқу ісі меңгерушісіне (әдіскерге) жүктеледі.
Тәрбие-білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін педагогтер ҚР БҒМ 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алуы қажет. Осы тізбеде көрсетілмеген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар және басқа да қосымша әдебиеттер білім беру ұйымының педагогикалық процесінде пайдаланылмайды.