«5» бағасы – қатесіз;
«4» бағасы –1-2 қате;
«3» бағасы – 3-4 қате.
Бақылау математикалық диктанты
«5» бағасы – қатесіз;
«4» бағасы – 1-2 қате және 1-2 кемшілік;
«3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік;
«2» бағасы –5 және одан көпқате.
Мысалдардан құралған жұмыс:
«5» – қатесіз;
«4» – 1өрескел қате және 1- 2 өрескел емес қате;
«3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате;
«2» – 4 және одан да көп өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Шартты есептерден құралған жұмыс
«5» – қатесіз;
«4» – 1-2 өрескел емес қате;
«3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате;
«2» – 2 және одан да көп өрескел қате болған жағдайда қойылады.
Құрама есептер
«5» – қатесіз;
«4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате (есептің шешуінде өрескел қателер болмауы қажет);
«3» – 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет;
«2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау
Мұндай жұмыстарды бағалаудаамалдар тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып саналады:
«5» – қатесіз;
«4» – 1-2 қате;
«3» – 3 қате;
«2» – 4 және одан көп қате болған жағдайда қойылады.
Теңдеуді шешу
Мұндай жұмыстарды бағалауда шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы, тексеру дұрыс орындалмаса, қате болып саналады:
«5» – қатесіз;
«4» – 1-2 қате;
«3» – 3 қате;
«2» – 4және одан көп қате болған жағдайда қойылады.
Геометриялық материалдармен байланысты
Мұндай жұмыстарды бағалауда, егер білім алушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады:
«5» – қатесіз;
«4» – 1-2 қате;
«3» – 3 қате;
«2» – 4 және одан көп қате болған жағдайда қойылады.
Ауызша жауаптарын бағалау Білім алушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы.
Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.
Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.
Білім алушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрып, есептеп, есептің шығару жолдарын түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.
Білім алушыға «4» деген баға «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ жауабында дәлдіктер болмаған; есептеуде тиімді тәсілдерді қолданбаған; осы кемшіліктерді білім алушы мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен түзете алған жағдайда қойылады.
Білім алушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.
Білім алушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген және мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады.
Білім алушының күнделікті жұмысына мұғалімнің жүргізген бақылауы, ауызша сұрақтар, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюға негіз болады. Дегенмен ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарына көп мән беріледі.
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі Қателер: тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау; амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты - есептеу білігі мен дағдысын тексеру кезінде қате есептеу; дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді қалдырып кету; түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.
Кемшіліктер: мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу; математикалық ұғымдардың, шамалардың қате жазылуы; тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер; егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатеге саналады.
Өрескел қателер: мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате; есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артық амалдар); есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.
Өрескел емес қателер: есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы; қате тұжырымдалған есептің жауабы; мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін жеткізбеу.
Математика пәні бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Дұрыс рәсімделмеген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.