TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. - 59 б.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, биология, физика және химия сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.
Ақпараттық-коммункациялық технологияларды қолданумен өткізілетін сабақтарда оқу әрекетін жоспарлау барысында келесі аспектілерді ескеру ұсынылады:
жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау;
білім алушылардың дайындық деңгейін есепке алумен, оқу бағдарламасының және сабақтың мақсаттарының талаптарына сәйкес, сабақ мазмұнының ұтымды жағын анықтау;
сабақта және сабақтың жеке кезеңдерінде білім алушылардың біліктілігін және дағдыларының қалыптасу, ғылыми білімді меңгеру деңгейлерін болжау;
– сабақтың әр кезеңінде білім алушыларды ынталандыратын және бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;
– білім алушылардың өздігінен білім алуға талпынуын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында топтық және жеке жұмыс істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау;
сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.
Сандық зертханалардың құралдары білім алушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдейді, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, білім алушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға, білім алушылардың өздері түсірген бейне көріністері, сонымен бірге оқу және танымал бейнефильмдердің үзінділері өмірдегі нақты жағдайларды зерттеуге, оларды мысалдар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылып, сондай-ақ әртүрлі жағдаяттардағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқылануы тиіс. Сабақ барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім алушылардың жеке зерттеушілік жобаларды орындауы маңызды болып табылады. Білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);
– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
– жеке зерттеушілік жобалар.
Жобалық-зертеушілік жұмыстардың үлгілік тақырыптарын ұсынамыз:
«Менің ауылымның/қаламның агроклиматтық ресурстары», «Өлкенің агроөнеркәсіптік кешені: қазіргі жағдайы, проблемалары және даму перспективалары», «Елімнің баламалы энергетикасы», «Ғылымдағы және табиғаттағы барометрлер», «Су және оның табиғаттағы рөлі», «Су – өмір бесігі», «Су – табиғаттың таңғажайып құпиясы», «Орман алқабының геоботаникалық сипаттамасы», «Тұщы судағы өмір», «Қызыл кітап – — қауіп-қатер дабылы», «Біздің мектеп елінің халқы», «Энергия алудың дәстүрлі емес көздері», «Мұнай – табиғат байлығы», «Бұлттар, аспан және халық жорамалдары», «Озон және озон қабатының қысқаруы», «Өлкемнің табиғат ескерткіштері», (Топырақ – жер қоймасы», «Тірі және өлі табиғаттағы фенологиялық құбылыстар», «Мен өмір сүретін өлке қалайша танымал», «Менің отбасымның этногеографиялық мозаикасы».
География, биология, физика, химия пәндері экологиялық білімнің негізгі көздері болып табылады. Бұл пәндердің сабақтарында, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда экологиялық тақырыптарды тиімді қолдана білуге білім алушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруді ұйымдастыру кезінде дүниені, қоғамды және өзін жеке тұлға ретінде объективті тану қажеттілігі шеңберін кеңейту; сонымен қатар өмірлік шындықтарға, өзінің қоғамдағы орнын және өмірлік басымдықтарын анықтауда өзіндік көзқарасын қалыптастыру қажеттілігі ескеріледі. Негізгі орта білім деңгейінде жұмыс істейтін мұғалімдер білім алушылардың ойлау белсенділігін, оқу материалын логикалық реттеу және жүйелеу ынталарын, іс-әрекет тәсілін және проблемаларды шешу жолдарын табу біліктерін ескерулері қажет.
Білім алушылар жобаларға қатысу барысында жұмыстарының нәтижелерін баяндама, мақала, фото және бейне есеп түрінде рәсімдеу арқылы өздерінің білімдері мен бақылауларын жүйеге келтіруді үйренеді. Олар экология саласындағы өз іс-әрекеттерін арнайы сайттарға, түрлі сайыстарға орналастыра алады.
Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:
– қаланың экологиясы: проблемалары және оларды шешу жолдары;
– орманды пайдаланудың заманауи проблемалары;
– биогеоценоздың және экожүйелердің сипаттамасы;
– гидросфера мен биосфераға антропогендік әсер;
– озон қабатының бұзылуы;
– жерасты суларының химиялық құрамының өзгеруі;
– табиғаттағы азот айналымы;
– тұрмыста химиялық заттарды қолдану;
– бейметал оксидтерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін шешу жолдары;
– экологиялық мазмұндағы есептер;
– көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер.
Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Бүгінде елімізде жас ұрпақтың тілдерді үйренуіне ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, 2019-шы жылдан бастап 10-11-сыныптардағы ғылыми-жаратылыстанудың жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Бұл мектеп бітірген түлектердің жаһандық дәуірде бәсекеге қабілетті маман болуына септігін тигізеді. Сондықтан ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері ағылшын тіліндегі терминологияға ерекше назар аударауы қажет.
Білім алушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.
Ақпаратты жинақтау және талдау үшін БАҚ материалдарын, фильмдер, бейнетаспа материалдарын, веб-сайттар мен көркем әдебиет шығармаларын қолдану ұсынылады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарында білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамыту мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады:
28-кесте – Мұғалімдерге ұсынылатын сайттар:
www.earthquakes.usgs.gov
|
www.rgo.ru
|
www.geo2000.nm.ru
|
www.geo.historic.ru
|
www.www.geografia.ru/
|
www.geographic.org
|
www.mygeog.ru
|
www.e–cis.info
|
www.geography.about.com
|
www.hobitus.com
|
www.imf.org
|
www.kisi.kz
|
www.meteosputnik.ru
|
www.mfa.gov.kz
|
www.oecd.org
|
www.stat.gov.kz
|
www.theodora.com
|
www.un.kz
|
www.un.org
|
www.undp.kz
|
www.unesco.kz
|
www.unesco.org
|
www.unmultimedia.org
|
www.volcanodiscovery.com
|
www.worldbank.org
|
www.kazatomprom.kz/
|
energo.gov.kz/
|
gharysh.kz/news/
|
www.eurekanet.ru
|
www.bookz.ru
|
www.eolss.net/
|
www.encyclopedia.ru/
|
school.eb.co.uk
|
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
– қазақ ғалымы (табиғат зерттеуші, дәрігер) Халел Досмұхамедовтың (1883-1939) туғанына 135 жыл;
– британ ботанигі Р.Броунның (1773-1858) туғанына 245 жыл;
– неміс микробиологы Р. Кохтың (1843-1910) туғанына 175 жыл;
– ағылшын дәрігері, физиология мен эмбриологияның негізін қалаушы Уильям Гарвейдің (1578-1657) туғанына 440 жыл
– италияндық саяхатшы Марко Полоның (1254) туғанына 765 жыл;
– италияндық теңіз саяхатшысы Америго Веспуччидің (1454) туғанына 565 жыл;
– португалдық теңіз саяхатшысы Васко да Гаманың (1469) туғанына 550 жыл;
– Е.П. Хабаровтың Амур маңына (1649-1653) саяхат жасағанына 370 жыл;
– орыс ғалымы Д.И. Менделеевтің (1834-1907) туғанына 185 жыл;
– ағылшын табиғат зерттеушісі, саяхатшы Ч. Р. Дарвиннің (1809-1882) туғанына 210 жыл;
– орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальскийдің (1839-1888) туғанына 180 жыл;
– норвеж саяхатшысы Тур Хейердалдың (1914-2002) туғанына 105 жыл;
– 7-сәуір – Геолог күні (сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі);
– 15-сәуір – Экологиялық білім күні;
– Байкал күні (1999 жылы құрылған, 2009 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі);
– 15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі – ядролық сынаққа қарсы экологтардың ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);
– 16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;
– 24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде аталып өтетін болды;
– 31 қазан – Халықаралық Қара теңіз күні;
Қараша – Суэц каналының (1869) ашылғанына 150 жыл;
– 26-қараша – поляр зерттеушісі И.Д. Папаниннің (1894-1986) туғанына 125 жыл;
– 29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы» негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік ерекше серіктестік болып саналады;
Желтоқсан – Антарктиданы бейбіт мақсатта қолдану (1959) туралы келісім жасалғанына 60 жыл;
– 1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні.
Достарыңызбен бөлісу: |