Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет72/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

3.2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




«Тіл және әдебиет» білім саласы
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.


Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәртебесіндегі өзара қарым-қатынас құралы.
Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғыдан түсініп меңгеруге, тілдік бірліктердің функционалдық қасиеттерін саналы түрде қолдануға дағдыландырады.
10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):

    • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

    • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).
Пән бойынша оқу жүктемесі:

    • қоғамдық-гуманитарлықбағыт:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

    • жаратылыстану-математикалықбағыт:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (диктант) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім білім алушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол білім алушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.
Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш өзгеріссіз қалдырылды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

32-кесте – 10-11- сыныптарда ұсынылатын жазба жұмысының (диктант) саны





Сыныптар

Жазба жұмыстарының түрі

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

10

диктант

2

2

2

2

8

11

диктант

2

2

2

2

8

Жаратылыстану-математикалық бағыты

10

диктант

1

1

1

1

4

11

диктант

1

1

1

1

4

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:


- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);

  • «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тынысбелгісінен 8 қатесі (3/8);

  • «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі(8/9)бар жұмысқа қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет