Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет75/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   185
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Еліміздің Президенті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» (2017 ж.) Қазақстан халқына жолдауында ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс екендігін атап өтті. «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламалары сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажет». Бұның бәрі мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде өскелең ұрпақтың бойында жаңа құзыреттіліктердің, өмірде қажетті дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан білім алушылардың ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемін тануы ғана емес сонымен бірге өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымын, мәдениеттануын және тәжірибеге бағдарланған сипаттамаларын қалыптастырады, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін тәрбиелейді.


Білім саласының құрамына ғылыми жаратылыстану бағытының пәндері: жаратылыстану, география, физика, химия және биология пәндері кіреді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
– білім алушылар жаратылыстану ғылымының заңдары мен заңдылықтары туралы білімін адамның күнделікті іс-әрекетінде қолдану және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру
– білім алушылар іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік қарымқатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруге Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәндердің оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
Білім алушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оның негізгі компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы болып саналады. Білім алушылардың:

  • жаратылыстану ғылымындағы процестер мен құбылыстарды суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін;

  • дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;

-ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу әдістерін түсінуге, шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктілігін дамыту үшін ерекше көңіл аударылады.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту жұмысын арттыру қажеттілігіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтындағы әдістемелік құралдар ұсынылады (www.nao.kz).
Мұғалімдердің басты мақсаты білім алушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктілігінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктілігін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктілігі табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:

    • білім алушылардың білімдері мен біліктілігін кешенді қолдануы бойынша өздіктерінен іс-әрекет жасауға бағыттау;

    • пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;

    • репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;

    • кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктілігін кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Пәндер бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

  • оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

  • білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;

  • пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

  • оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;

  • интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

  • есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

  • виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.

Ақпараттық-коммункациялық технологияларды қолданумен өткізілетін сабақтарда оқу әрекетін жоспарлау барысында келесі аспектілерді ескеру ұсынылады:

  • жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау;

  • білім алушылардың дайындық деңгейін есепке алумен, оқу бағдарламасының және сабақтың мақсаттарының талаптарына сәйкес, сабақ мазмұнының ұтымды жағын анықтау;

  • сабақта және сабақтың жеке кезеңдерінде білім алушылардың біліктілігін және дағдыларының қалыптасу, ғылыми білімді меңгеру деңгейлерін болжау;

– сабақтың әр кезеңінде білім алушыларды ынталандыратын және бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;
– білім алушылардың өздігінен білім алуға талпынуын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында топтық және жеке жұмыс істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.

Сандық зертханалардың құралдары білім алушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдейді, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға, оқушылардың өздері түсірген бейне көріністері, сонымен бірге оқу және танымал бейнефильмдердің үзінділері өмірдегі нақты жағдайларды зерттеуге, оларды мысалдар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылып, сондай-ақ әртүрлі жағдаяттардағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқылануы тиіс. Сабақ барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобаларды орындауы маңызды болып табылады. Білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);
– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
– жеке зерттеушілік жобалар.
Практикалық және зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар эксперименттер жасау және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Білім алушылар себеп-салдар байланыстарын көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады.
Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-сыныпта – 11 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы; 9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы, 8 сағат зертханалық практикум жүргізіледі.
Биологияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-сыныпта – 16 зертханалық жұмыс, 1 практикалық жұмыс; 9-сыныпта 9 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс жүргізіледі.
Химияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін 8-сыныпта – 7 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс; 9-сыныпта 10 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс жүргізіледі.
Виртуалды зертханалық жұмыстарды (компьютерлік моделдеу бойынша) мүмкіндікке байланысты, стандартты құралдар қолданылатын басқа практикалық жұмыстармен алмастыру ұсынылады.
Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Практикалық жұмыстар – географияны оқыту процесінің ажырамас бөлігі, оларды орындау географиялық біліктілігін қалыптасуына ықпал етеді.
Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және нөмірлермен белгіленген. «География» оқу пәні бойынша бақылау жұмыстары қарастырылмаған.
Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім саласы пәндерінің курсын оқытқан кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты мағлұмат алулары тиіс. Білім алушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысын жақсы түсінулері тиіс.
Бұл ретте білім алушылардың кез келген күтпеген ахуалда және зілзалалардың қауіпті жағдайында қауіпсіздікті сақтау әрекетінің мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» білім алушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.
Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:
– табиғат кешендерінің экологиясы;
– мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;
– түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;
– мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;
– сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;
– топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;
– ортаның абиотикалық факторлары;
– урбандалған аумақтардың экологиясы;
– гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;
– қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.
Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексиканы қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану жұмысын жүйелі жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.
Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.
Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылар сарайлары жанындағы күндізгі және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Білім алушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядролық қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр станциясының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/
Энергияның балама көздері, оларды өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
«ЭКСПО-2017» көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat.ru/poisk/
«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Болашақтың энергиясы» тақырыбына сәйкес ең соңғы және ақылды технологиялар қолданылады:
1) «Smart Grid» деп аталатын электр желілерін басқару жүйесі. Адамдар санын есептеуде әртүрлі сенсорларды қолдану және соған сайкес жарықты бөлу, бұл энергия пайдалануды үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған технология автоматты режимде жүктемелерді бөлу бойынша шешімдерді қабылдау үшін шынайы уақыт режимінде барлық ірі нысандардың энергия тұтынуын қадағалауға мүмкіндік береді.
2) Деректерді өңдеу орталығы. Көрме кешенінің аумағында ең соңғы технологияларды қолданумен құрылған Деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі – «ДӨО») құрылған. ДӨО қуаты ұйымдастырушының сервистік жұмыстары үшін ғана емес, сол сияқты ресми қатысушылардың сервистерін өрістетуіне мүмкіндік беру үшін де есептелген. Деректерді хакерлердің шабуылынан, қауіпсіздік периметрі ішіне дендеп енуден және вирустық қауіптен қорғау ең соңғы бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен қамтамасыз етіледі.
3) Жаңартылмалы энергия көздері:
- Күн энергиясы. Көрме аумағында күн энергиясы электр энергиясы мен жылуды түрлендіру үшін – белсенді түрде, сол сияқты Күннің табиғи әрекетін ескере отырып – пассивті де пайдаланылады. Сондай-ақ көрсетпелік мақсаттарда қазақстандық өндірістің фотоэлектрлік панельдерін де қолданады.
- Жел энергиясы. Көрме нысандарын жел энергиясынан электрмен жабдықтау шусыз жел генераторларымен ұсынылған.
- Жер энергиясы. Көрме нысандарына арналған жылыту жүктемелерін алмастыру үшін геотермалды энергияны пайдаланылады. Жасыл ғимараттарды сертификаттау талаптарына сәйкес келуі үшін қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға жауап беретін және планетаның озон қабатына залалын тигізбейтін хладагенттер пайдаланылады.
4) Көрме кешеніндегі барлық көлік қою орындары ең жаңа технологияларды пайдаланумен автоматтандырылған. Көрме аумағына кіретін көлік құралдарын сәйкестендірудің сан алуан әдістері қолданылады.
5) Телекоммуникациялық сервистер. Көрменің мобильді сервистеріне кірудің қолайлы болуы үшін Көрме кешенінің бүкіл аумағында WiFi ашық желісі жұмыс істейді.
6) Ресми қатысушылардың ыңғайлы жұмыс істеуі үшін бөлінген байланыс арналары (бұдан әрі – «VPN») ұсынылады. Деректерді беру арналарының қауіпсіздігі үшін VPN туннельдерін ұйымдастыру нүкте-нүкте әдісімен ұйымдастырылады. Сәйкестендіру және кіру үшін, мамандандырылған бақылау және кіруді басқару серверлері қолданылады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім алушыларды:
– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;
– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;
– жеке тәжірибесінің артуына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында білім алушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
– ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысы болуы мүмкін;
– аргумент негізінде жатқан зерттеудің құрылымын дәлелдейтін немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі бөлімдерді, пікірлерді немесе болжамдарды анықтаңыз;
– көзбен және ауызша дәлелдеу, апараттың негізгі компоненттерінің өзарабайналысын және біріктірілу принциптерін талдаңыз;
– жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз;
– түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз;
– дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз;
– сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз;
– тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.
Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар, қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.
Пәнаралық байланыс – бұл түрлі оқу пәндерін сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік беретін әдіс:
1) түрлі ғылымдарды кіріктіру процесі ретінде, заманауи ғылыми білімнің ерекшеліктерін көрсету;
2) білім алушылардың сана-сезімінде қоршаған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудағы пәнаралық байланыстар келесі әдістемелік тәсілдер мен жолдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
– пәннің маңызды заңдылықтарын ашу үшін география, биология, химия, физика пәндерінен алған білімдеріне назар аудару;
– басқа оқу пәндерінен алынған білімді жүйелеу және қайта есіне түсіру үшін кешенді сипаттағы мәселелер қою;
– пәнаралық негіздегі арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығару;
– кестелер мен иллюстрациялармен жұмыс істеу;
– пәнаралық тақырыптарды зерделеу және пәнаралық жобалар орындау;
– мектеп курстарынан алынған білімді қамтуды талап ететін ғаламдық, аймақтық, жергілікті және табиғат нысандарының проблемаларына кешенді сипаттама құрастыру;
– мектеп оқушыларын туған өлкенің табиғатын қорғау мен зерттеудің түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру.
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін арттырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – басқа пәндерден бұрын алынған білімдеріне сүйенуді қарастырады.
Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).
Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.
Білім саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар. Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет