«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негізі» мамандығы бойынша 5 курс студенттерге



бет8/15
Дата28.05.2023
өлшемі200,11 Kb.
#177871
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
5b0bb501a810d

* Ішкі аурулар. Ревматология* 3*6*1*
#152
*!26 жасар әйелде 2 жыл бұрын: жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральдық тарылу диагнозы қойылды. Профилактикалық тексеруде ештеңеге шағымданбады, физикалық жүктемені жақсы көтеріп жүрді, жүрек декомпенсациясының көріністері болмады.
Науқасты жүргізу тактикасы?
*стационарлық ем
*диспансерлік есептен шығару
*хирургиялық емге жолдау
*жыл бойы экстенциллинмен алдын алу
*тек стероидтық емес қабынуға қарсы препараттармен алдын алу емі
#153
*!16 жастағы қыз, тізе буындарында ауру сезімі және ісіну, денесінде бөртпелер, қызба, тамағының ауруына шағымданады. Объективті тексергенде: денесінде - сақина тәрізді эритема, тізе буындарының ісінуі байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Артериальдық қысым 110/70 мм.с.б.б.
Диагнозды анықтау үшін аталған анализдердің қайсысын ең бірінші тағайындаған жөн?
*Ревматоидты фактор
*Антистрептолизин О
*Антинуклеарлы фактор
*Райт-Хеддельсон реакциясы
*Нативті ДНК-ға антиденелер
#154
*! Ер адам 38жаста, жүректің митральды ақауымен ауырады, баспадан кейін жиі жүрекшелік экстрасистолия пайда болады.
Мына науқаста қандай асқынулардың дамуы ЕҢ ықтимал?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*жедел миокард инфаркты
*қанайналым жетіспеушілігі
*өкпе ісінуі
*жүрекшелердің фибрилляциясы
#155
*!18-жасар әскерге шақырылушы жігітті военкоматтан тексерілу үшін жіберілді. Қалыпты өз жасына сай дамыған. Жүрек негізінде төстің оң жағынан екінші қабырғааралықта қатаң систолалық шуыл естіледі, шуыл ұйқы артериясына беріледі. Аортада екінші тон бәсеңдеген. Пульсі – 64 рет минутына, ырғақты. Иық артериясында артериальдық қысым - 90/70 мм с.б.б., сан артериясында артериальдық қысым 110/90 мм с.б.б.
Аталған диагноздардардың қайсысы МҮМКІН диагноз:
*Фалло тетрадо
*Қолқа коарктациясы
*Қолқаның стенозы
*Жүрекшеаралық перденің кемістігі
*Қарыншаралық перденің кемістігі
#156
*!Әйел 23 жаста, жүрек аускультациясында: жүрек ұшында шапалақ соққандай I тон, митральды қақпақшаның ашылу тырсылы, өкпе артериясында II тонның акценті, жүрек ұшында диастолалық шуыл естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде сол жақ контордан II және III доғаның ісінуі анықталды.
Аталған ақаулардың қайсысы МҮМКІН?
*Қолқа стенозы
*Митральды стеноз
*Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
*Қолқалық қақпақшаның жетіспеушілігі
*Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#157
*!Ер адамда 50 жаста сол аяғының I табанфалангалық буынының артриті, полиартралгиялар.
Төменде көрсетілген қандай қосымша симптомдар диагнозға күдіктену туғызады?
*Туберкулез
*Жиі баспалар
*Таңғы сіресу
*Калькулезды нефропатия
*Қосалқы сакроилеит


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет