2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:
– «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);
– мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағыттау.
Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:
– оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;
– пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
– репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
– кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.
Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер,
кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет,
Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
– оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;
– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;
– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.
Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);
– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
– жеке зерттеушілік жобалар.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.
Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы
туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты көзқарас алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.
Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» оқушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |