10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
10.4.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);
10.2.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;
10.4.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияныңмәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұптылығы, тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функция үзіліссіздігі;
11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;
10.4.1.5 - , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу;
10.4.1.6 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
10.4.1.7 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;
10.4.1.8 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;
10.4.1.9 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;
10.4.1.10 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу;
10.4.1.11 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;
10.4.1.12 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;
10.4.1.13 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;
10.4.1.14 - шектерді есептеуде және түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану;
10.4.1.15 - бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу;
10.4.1.16 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;
10.4.1.17 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;
10.4.1.18 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;
10.4.1.19 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;
10.4.1.20 - функция дифференциалын табу;
10.4.1.21 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;
10.4.1.22 - күрделі функцияның туындысын табу;
10.4.1.23 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;
10.4.1.24 - кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;
10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру;
10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;
10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу;
10.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;
10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;
10.4.1.30 - функцияның екінші ретті туындысын табу;
10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,
10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу;
10.4.1.33 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;
10.4.1.34 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;
|
11.4.1.1 - алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын білу;
11.4.1.2 - анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану;
11.4.1.3 - негізгі анықталмаған интегралдарды
1.
2.
3.
4. ;
5. ;
6.
білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.4.1.4 - айнымалыны алмастыру әдісімен интегралды есептеу;
11.4.1.5 - бөліктеп интегралдау әдісімен интегралды есептеу;
11.4.1.6 - қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану;
11.4.1.7 - анықталған интеграл ұғымын білу, анықталған интегралды есептей білу;
11.4.1.8 - берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу;
11.4.1.9 - айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану;
11.4.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функция анықтамасын білу; дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;
11.4.1.11 - дәрежелік функция қасиеттерін білу;
11.4.1.12 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін білу және қолдану;
11.4.1.13 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережесін білу және қолдану;
11.4.1.14 көрсеткіштік функция анықтамасын білу және оның графигін салу;
11.4.1.15 көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;
11.4.1.16 сан логарифмі, ондық және натурал логарифмдер анықтамаларын білу;
11.4.1.17 логарифм қасиеттерін білу және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолдану;
11.4.1.18 логарифмдік функцияның анықтамасын білу және оның графигін салу;
11.4.1.19 логарифмдік функция қасиеттерін білу және қолдану;
11.4.1.20 көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табу;
11.4.1.21 логарифмдік функцияның туындысын табу;
11.4.1.22 дифференциалдық теңдеулер туралы негізгі ұғымдарды білу;
11.4.1.23 дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері анықтамаларын білу;
11.4.1.24 - айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешу;
11.4.1.25 - екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешу (ay''+by'+cy=0 түріндегі ,мұндағы a,b,c -тұрақты шамалар);
|