Жалтыр жалпы ота білім беретін мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жұмысының есебі



Дата02.02.2017
өлшемі152,85 Kb.
#8546
Жалтыр жалпы ота білім беретін мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жұмысының есебі.

Елімізде болып жатқан елеулі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне өзгерістер мен мақсаттар әкелді. Білім беру жүйесінде адам құндылықтарын арттыру дәуірінде, еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кіру кезеңінде мұғалімнің жаңа әдістерді қолдануы, белсенділігі,тапқырлығы көп нәтиже береді. Мектептегі қоғамдық-әдістемелік бірлестігінде мұғалімдр саны 8, бір кітапханашы, оның 3 қазақ тілі мен әдебиеті екеуі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бір мұғалім ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, екеуі тарих пәнінен сабақ береді, бір кітапханашы бірлестік мүшесі.Әдістемелік бірлестік тақырыбы: «Оқыту технологияларын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көтере отырып білім сапаасын жоғарылату». Негізгі мақсаты: Ұздіксіз бастауыш, негізгі орта білім алуды қамтамасыз ете отырып өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау. Міндеттері:1.Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандартымен белгіленген негізгі орта және жалпы орта білім беруді жүзеге асыру.2. Оқушылардың өзін-өзі дамыту және өз біліиін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру үшін олардың қажеттілігі мен жеке қабілетін есепке алып жағдай жасау. 3.Ой-өрісі жан-жақты дамыған зерттеушілік еңбекке дағдыланған,мәдениеті жоғары, мамандық таңдауға саналы түрде әзірленген, жоғары оқу орындарында өзіндік шығармашылықпен оқытуға даяр тұлғаны қалыптастыру. 4. Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін мұғалімдер: Э.Е.Базылбаева жоғары санатты мұғалім, Абеуова Г.К. жоғары білімді, екінші санатты мұғалім, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Жаныгулова А.К. жоғары санатты, Батаева С.К. бірінші санатты, ағылшын тілі пәнінен А.С.Жексенова жоғары санатты, тарих пәнінен Исина Д.Б. жоғары санатты, Калиева Г.К. екінші санатты мұғалім.Әдістеме бірлестік мүшелері жыл басында алған мәселелері бойынша жұмыс істейді. Жаныгулова А.К. «Активизация речевой деятельности на уроках русского языка», Базылбаева Э.Е.«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың ойлауын, қызығушылығын арттыру»,Абеуова Г.К. «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету», Жексенова А.С. «Оқушылардың жеке-дара білімділігін, қызығушылығын өздігінен жұмыс жасау қабілеттілігін дамыту», Исина Д.Б. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»,Калиева Г.К.«Оқушылардың тарихи тілде сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы оқыту», Уалиева Д.С. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту».



Биылғы 2016 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э. Е. Базылбаева облыстық вебинар сабағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ қолдану» тақырыбы бойынша қатысты.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.С.Уалиева « Дарынды балаларға – талапты ұстаз» облыстық Мұқағали оқуларына 6-сынып оқушысы Хұттымбет Ернұрды дайындады, оқушы сертификатқа иеленді.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К. Жаныгулова аттестаттау кезеңінде жоғары санатты мұғалім екенін өзінің жоспары бойынша атқарған жұмыстарымен дәлелдеді. Шеберлікпен өткізген коучингтері, ашық сабақтары мұғалімнің өз жұмысына жаңа әдістерді қолдануға мұғалімдерге көмек көрсетті.Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген « Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе -уақыт талабы» атты Екінші Республикалық педагогикалық оқулардың аудандық кезеңіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К.Жаныгулова «Практические вопросы преподавания русского языка в казахской школе» тақырыбы бойынша өз жұмысын ұсынып, ІІІ орын алды, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А:С:Жексенова сертификатқа ие болды.Сонымен қатар, пән мұғалімдері оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаға қатысуға өз үлестерін қосты. Халықаралық «Русский медвежонок» сайысына орыс тілі пәнінен 5 сынып оқушылары Марат Амир және Қалидолла Сания қатысып ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды, пән мұғалімі А. К.Жаныгулова.19.05.2016 жылы Республикалық «Технология и образование»сайтының ұйымдастырылуымен өткізілген «Весна-2016»инфоурок жобасы бойынша олимпиадаға 6- сынып оқушысы Хұттымбет Ернұр, 5- сынып оқушылары Смагулова Ажар,Қалидолла Сания, 7- сынып Оқушысы Рысқали Нәзерке 3- сынып оқушысы Бейбитова Аяулым ағылшын тілі пәнінен қатысып, сертификаттарға ие болды, 2- сынып оқушысы Закиров Алмас ағылшын тілінен 2- орын алып, ІІ-і дәрежелі дипломға ие болды. Халықаралық «British Bulldog» ағылшын тілі пәні сайысында 5-сынып оқушысы Смагулова Ажар ІІ-дәрежелі, 3-сынып оқушысы Демкенова Жұлдыз ІІІ-дәрежелі дипломдарымен марапатталды,мұғалімі А.С.Жексенова. Орыс тілі пәнінен осы олимпиадаға аталған оқушыларды пән мұғалімі С.К.Батаева қатыстырып, оқушылары жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.Пән мұғалімдері С.К.Батаева, А.С.Жексенова оқушыларды қатыстырғаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында 9-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана І орын, «Тілші -әдебиетші» номинациясы бойынша, 10-сынып оқушысы Болатова Асемгуль « Жазушылар» номинациясы бойынша ІІ- орынға ие болып марапатталды.Облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының VIII Республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Тілші -әдебиетшілер» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы А.Сахимзадинова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды,пән мұғалімі Э.Е.Базылбаева. Аудандық ғылыми жобалар сайысында 10- сынып оқушысы Смағұл Айгерім орыс тілі пәнінен ІІІ-орын, пән мұғалімі А.К.Жаныгулова.11-сынып оқушысы Батаева Алтын Қазақстан тарихы пәнінен ІІ-орын,мұғалімі Г.К.Калиева. Оқушылар Май ауданы білім бөлімі басқармасының дипломдарымен марапатталды. Аудандық Махамбет оқуларына 6-сынып оқушысы Хұттымбек Ернұр «Ел құтқарар ел едім»номинациясы бойынша ІІІ-орынға ие болып, Май ауданы білім бөлімінің дипломымен марапатталды,оқушыны осындай нәтижеге жеткізген жас маман Д.С.Уалиева. Биылғы оқу жылының айта кетерлік нәтижелерінің бірі-оқушылардың аудандық пән олимпиадасындағы жетістіктері. Қазақ тілі пәнінен І-орынға ие болған 9-сынып оқушысы А.Сахимзадинова, пән мұғалімі Э.Е.Базылбаева. 10- сынып оқушысы Болатова Асемгуль қазақ тілі пәнінен ІІ-орын, пән мұғалім Г.К.Абеуова. Қазақстан тарихынан ІІІ-орынды 10-сынып оқушысы Смағұл Айгерім ие болды, мұғалімі Г.К.Калиева. Орыс тілі пәнінен 11- сынып оқушысы Батаева Алтын І-орынға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасына 11- сынып оқушысы Батаева Алтын, 9- сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана,10-сынып оқушысы Болатова Асемгуль қатысып, сертификаттарға иеленді. «ZIAT» республикалық-ғылыми конкурсында Қазақстан тарихынан 11- сынып оқушысы Батаева Алтын І-орынға ие болды.Пән мұғалімі Калиева Г.К.дипломмен марапатталды. «Ертіс-Дарыны»АГТО шағын олимпиадасында 9-сынып оқушысы Сахимзадинова айсана ІІІ-орын ие болды, пән мұғалімі Базылбаева Э.Е. Орыс тілі пәнінен 11- сынып оқушысы Батаева Алтын, 10- сынып оқушысы Болатова Асемгуль, 10- сынып оқушысы Смағұл Айгерім,пән мұғалімдері-Жаныгулова А.К.,Батаева С.К.Тарих пәнінен қатысқан 9- сынып оқушысы Шукутаева Айсана, мұғалімі Калиева Г.К. Биылғы оқу жылында пән мұғалімдері түрлі байқау, сайыстарға қатысып, сертификатар, мақтау қағаздарына, дипломдарға ие болды. Республикалық ғылыми-әдістемелік №4/2016 жылғы басылымға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Е.Базылбаева негізгі орта мектептің 8- сыныбына арналған «Түркі халықтарының әдебиеті» бағдарламасын жариялады. «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналының №10/2015 жылғы желтоқсан айының санында әдістеме бірлестік мүшелерінің жұмыстары жарияланды: Абеуова Г.К. «Стилистика курсының бағдарламасы», Батаева С.К.«Самообразование-как необхадимое условие повышения профессиональной компетентности педагога», Базылбаева Э.Е. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы–сапалы білімнің кепілі, А.С.Жексенова «Сен таңғы асқа не жейсің?» ағылшын тілі пәнінен 5- сыныпқа сабақ жоспары, А.К.Жаныгулова «Практические вопросы преподавания русского языка в казахской школе», Калиева Г.К. «Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы», Уалиева Д.С. «Зат есімнің септелуі».

Оқу жылының басында 22.09.-30.09.лығында «Тілдер айлығы» аясында мектепішілік шаралар өткізілді.Апталық ауызша тілдер туралы журналмен басталды.Пән мұғалімдері жоспар бойынша шараларға оқушыларды қатыстырды,әр шараның соңында марапаттаулар,сыйлықтар табысталды. «Ана тілі – жүрек үні» атты сайыс 7-9 сыныныптар арасында Д.С.Уалиева өткізді, мектеп кітапханашысы Г.К.Айдарханова « Тілдер керуені»кітаптар көрмесін ұйымдастырды, «Пословицы и поговорки» сайысын 6-7 сыныптарға орыс тлі пәнінің мұғалімі С.К. Батаева өткізді, қазақ тілі пәнінен э.Е.Базылбаева, Г.К.Кусманова «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» сайысты 5-9 сыныптармен өткізді, «Ертегілер әлемінде» тақырыбы бойынша суреттер көрмесі өтті.Орыс тілі пәнінің мұғалімі А.К.Жаныгулова оқытудағы тәжірибесінде интерактивті тақтамен оқушылармен жұмыс істеу әдістерін қолдана отырып, сайыс өткізді. «Жеті жұрттың тілін біл» 5-7 сыныптар арасындағы сайысты С.К.Батаева , А.С.Жексенова 5,6,7 сыныптармен өткізді,

Биылғы оқу жылының 16.11-26.11.15 ж .аралығында ағылшын тілі , орыс тілі пәндерінің онкүндігі өткізілді.Мақсаты : оқушылардың зердесіне ана тілін сүйіп, мемлекеттік тілді құрметтеу керектігін үйрете отырып ,ағылшын тілі , орыс тілі пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Пән мұғалімдері ЖаныгуловаА.К.,Батаева С.К.,Жексенова А.С.бастауыш сыныптан бастап барлық оқушыларды онкүндікке қатыстырды.Бірінші күннен бастап оқушылар тақырып бойынша қабырға газеттерін шығарды.Стендте берілген ребустар,сөзжұмбақтарды анықтап,тауып тапсырды. Белгілі адамдар туралы рефераттар жинақтады. Бұл тапсырмалар оқушыларды ізденуге, керек материалдарды жинақтауға үйретті. 3-9 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы екі тілде өткізілді.Бұл сайыста 3сынып оқушылары Демкенова Ж.,БейбітоваА., Амангелдинова З.,Хуттымбет Е 6-сынып оқушысы өздерінің өлеңдерін дұрыс айтып берді. «Ертегілер әлеміне саяхат» атты суреттер көрмесінде балалар оқыған ертегілерінен көрініс салып , өз ойларын қағазға түсірді.Бұл сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты. Ағылшын тілі , орыс тілі пәндерінен оқушылардың пән бойынша білімдерін марафон өткізіп,тексеріліп, қорытындысы жасалды. «Қазақстан-Ұлы Британия» сайысында 7-9 сынып оқушылары ағылшын тілі , орыс тілі пәндерінен білімдерін сынады.Орыс тілі пәні мұғалімі Жаныгулова А.К.5- сынып оқушыларымен интерактивті ойын- сабақ өткізді.2-3 сыныптарда ағылшын тілінен пән мұғалімі Жексенова А.С. ойын- сайыс,6-7 сынып арасында « Полиглот» интелеллектуалды ойын-сайыс өткізді.Орыс тілі пәні мұғалімі 3-4 сыныптар арасында мақал- мәтел сайысын өткізді.Онкүндік кезінде пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді

Бірінші күннен бастап «Лингвист» қабырға газеті жасалды. 10- сынып оқушыларын осы жұмысты ұйымдастыруға көмекке алдық. Екі пәннен оқушылар қызығушылықпен тапсырмаларды орындады. Газеттер мен суреттер тапсырды, ребус, кроссворд, мақал –мәтелдер, жұмбақтар дайындады. Осы тапсырмалар бойынша аса белсенділік көрсеткен 5-9 сынып оқушылары. Ағылшын тілінен оқушыларға Ұлыбритания мемлекеті туралы жалпы түсініктерін тексере отырып, осы елдің патшалығы, патшайымының отбасы мүшелері туралы мәлімет, Aнглия туралы мәлімет беру мақсатында «ХХІ ғасыр лидері» ойыны өтті. Мақсаты- жаңа технологияны қолдана отырып, оқушыларды интеллектуалды жетілдіру, олардың қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ана тіліне, ағылшын тілі мен мәдениетіне мұқият көңіл бөліп, оқу мен білімге қызығушылығын арттыру. Оқушылырды эмоционалдық, мотивациялық және еріктік қасиеттерін дамытатын іс-әрекеттерге баулу. Ойынға 7-8 сыныптардың оқушылары қатысты. Сонымен қатар, оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, ойлау қабілеттері дамыды. Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақтар өткізіліп, талдауы жасалды. 8- сыныпта «Education in Great Britain and in Kazakhstan»тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Мақсаты- оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту және білім, мектепке байланысты мәтінді меңгере отырып, жаңа лексикамен танысты. Cабақ барысында жаңа сөз тіркестерімен танысып, мәтінмен жұмыс болды. 6- сыныпта « How green you are?», 10 - сыныбында «Schools in England» тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді. Мақсаты- жаңа тақырыпты түсіндіре отыра,оқушылардың сөздік қорларын молайтып, еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта сыныптағы барлық оқушылар жұмыс істеді, әр оқушының танымдық және ойлау қабілеттерін дамытып, оқушыларға адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізуге ықпал жасалды. Орыс тіләі пәнінен 5- сыныпта сыныптан тыс шара, ашық сабақ өткізілді, жауапты Батаева С.К. Мақсаты: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын қызықты өтіп, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіншілік берді. 5- сыныпта « Интеллектуалды марафон» ойыны өтті, жауапты орыс тілі пәнінің мұғалімі А.К.Жаныгулова. Ойын барысында орыс тілінде сөйлеу мәдениеті, қатесіз және дұрыс жауап беруге дағдылары бар екені анықталды. Мақсаты: жаңа тақырыпты түсіндіре отыра, оқушылардың сөздік қорын молайтып, еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Орыс тілі пәнінен 10- сыныпта А.К.Жаныгулова ашық сабақ берді. Сабақ барысында мұғалім жаңа технологияны шеберлікпен қолдана отырып,өз тәжірибесімен бөлісті. Онкүндіктің қорытындысы жасалып, ұпайларының жинақталуына байланысты белсенділік көрсеткен сыныптар және оқушылар атап өтілді.

КІТАПХАНА

Биылғы оқу жылында 11- сынып оқушылары 100% Ұллттық Бірыңғай тестілеуге қатысып қазақ тілі пәнінен 100% білім сапасын көрсетті, оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базылбаева Э.Е. ҰБТ қорытындысы бойынша: қазақ тілі пәнінен 21,5 ұпай, тарих 17,5ұпай, орыс тілінен 12,5 ұпай, таңдау пәнінен ағылшын тілінен Смагулова Құралай 11 ұпай.

Оқу жылының соңында пәндер бойынша білім сапасы төмендегідей: 3-11 сыныптар аралығында орыс тілі пәні бойынша үлгерім 100%,сапа 61,5%, орыс әдебиеті 5-11 сыныптар арасында үлгерімі 100%, сапа 63,1%, ағылшын тілінен 1-11 сыныптар аралығында үлгерім 100%, сапа 68,4%, қазақ әдебиеті 5-11 сыныптарда үлгерім 100%, сапа 67%, қазақ тілі 5-11 сыныптар арасында үлгерімі 100% , сапа 62%, Қазақстан тарихы пәні бойынша 5-11 сыныптарда үлгерім 100%, сапа 63,1%, дүние жүзі тарихы пәнінен 6-11 сыныптарда үлгерімі100%, сапа 67,3%, Адам.Қоғам. Құқық. пәнінен үлгерім 100%, сапа 88,9%.

Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестік отырысының 2015-2016 оқу жылының жоспары



Мазмұны

мерзімі

жауапты

1
2

3

4



5

Жаңа 2015-2016 оқу жылының мақсат пен міндеттерін,бағыттарын анықтау.

Әдістемелік бірлестігінің Ережесімен танысу

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарымен танысу.Күнтізбелік жоспарларды,қолданбалы курс бағдарламаларын қарастырып, бекітуге ұсыну.

Үйірме ж Педагогтарды аттестаттау: жұмыстарын дайындау ұмыстарының жоспарларын қарастыру.

Әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру.


тамыз

Базылбаева Э.Е.

Жексенова А.с.



1
2

3

4



5


Баяндама: Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану, интерактивтік әдістерді пайдалану.

Пән олимпиадаларының құжаттарын дайындау

Оқушылардың ғылыми жұмыстарны ұйымдастыру

Тілдер айлығының қорытындысы.

Бастапқы бақылау жұмысының нәтижесі.


қазан

Базылбаева Э.Е.

1
2

3
4


Орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінің қорытындысы.

Педагогтарды аттестаттау жұмыстарымен танысу.

Білім сапасының мониторингі:І-жартыжылдық бойынша жүргізілген тест қорытындылары.

Бақылау жұмысы, жұмыс дәптерлерінің тексеру қорытындысы.




желтоқсан

Жексенова А.С.

1
2

3

4



Баяндама:Ағылшын тілі сабағындағы қолданылған рефлексия.

Тарих пәнінің онкүндігінің қорытындысы

Оқушылардың ғылыми жұмыстары.

Пән кабинеттерінің жабдықталуы.



ақпан

Жексенова А.С.

1

2
3


4

Баяндама:Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы.

Педагогтардың өз білімдерін жетілдіру жұмыстарының мониторингі.

4,9,11 сыныптарда білім сапасын бақылау

Пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындық.



наурыз

Калиева Г.К.

1

2
3
4



Емтихан материалдарымен танысу,бекіту.

Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша талдауы.

2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстың талдауы.

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының жобасы.




сәуір

Жексенова А.С



Ағылшын, орыс тілі онкүндігінің жоспары 2015-2016 оқу жылы

р/с

Өткізілетін іс-шаралар


мерзімі

сынып

жауапты

1

Онкүндіктің ашылуы

16.11.




БатаеваС.К.

Жаныгулова А.К.

Жексенова А.С.


2

Қабырға газеттерін шығару.

16.11-19.11.

5-9

Пән мұғалімдері

3

Сөзжұмбақтар шешу.


17.11.

5-10

Пән мұғалімдері

4

Белгілі адамдар туралы реферат дайындау.

«Полиглот» ағылшын тілінен сыныптан тыс шара.



18.11.
6-7

5-9
15.30.

Пән мұғалімдері
Жексенова А.С.

5

Жұмбақтар,мақал-мәтелдер сайысы.

19.11.

3-6

Батаева С.К.

6

Мәнерлеп оқу сайысы. /ағылшын

орыс тілдерінде/



20.11.

3-7

Пән мұғалімдері

7

«Ертегілер әлеміне саяхат» суреттер сайысы


21.11.

4-5

Пән мұғалімдері

8

Ағылшын, орыс тілі пәндерінен марафон.


23.11.

5-9

Пән мұғалімдері

9

«Kazakhstan-GreatBritain» сайысы.


24.11.

7-9


Пән мұғалімдері

10

«Қызықты ағылшын тілі» бастауыш сынып оқушыларымен ойын-сайыс.

25.11.

2-3

Жексенова А.С.

11

Ағылшын,орыс тілдерінде диалог айту, ән орындау.

26.11.

5-10

Пән мұғалімдері

.

Қоғамдық-гуманитарлық ӘБ жетекшісі : А.С.Жексенова

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет