Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет10/10
Дата23.10.2016
өлшемі1,84 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шығармалары:
Жиенбаев С. Үш томдықшығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1991.

Жиенбаев С. Жадымдасың, жас күнім: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1972.

Жиенбаев С. Әлия: Лирика.Поэма.- Алматы: Жазушы,1973.

Жиенбаев С. Оймауыт: Жыр- дастандар.- Алматы: Жазушы, 1975.

Жиенбаев С.Құралай салқыны: Өлеңдер мен дастандар.- Алматы: Жазушы,1979.

Жиенбаев С. Бозторғай: Жыр кітабы.- Алматы: Жалын,1981.

Жиенбаев С. Іңкәр дүние: Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы,1981.

Жиенбаев С. Жарық жұлдыздар: Дастандар мен балладалар.- Алматы: Жалын,1983.

Жиенбаев С. Нан мен тұз: Лирика.- Алматы: Жазушы,1984.

Жиенбаев С.Жер құдіреті: Өлеңдер, балладалар мен дастандар.- Алматы: Жалын,1989.

Жиенбаев С. Бақ құсы: Таңдамалы лирика.- Алматы: Раритет,2002.

Жиенбаев С. Алтын қалам: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Атамұра,2003.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Дүйсенбайұлы Е. Сағидың даусы // Жиенбаев С.Алтын қалам.- Алма-

ты,2003.


Егеубаев А. Сәбидей сеніп дүниеге: ( Ақын С.Жиенбаев туралы) //Егеу-

баев А. Сөз жүйесі.- Алматы,1985.

Шаңғытбаев Қ. Сағи лирикасы // Жиенбаев С.Іңкәр дүние.- Алматы, 1981.
х х х
Бекмұратұлы С. Алматыға арнап он бес өлең жазған: Ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына – 75 жыл // Алматы ақшамы.- 2009.- 19 мамыр.

Молдағалиев Т. Сағи (Жиенбаев) // Егемен Қазақстан.-2009.-22 сәуір.

Мұсабеков а Г. Сағи ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері: (Өлеңдері мен поэмаларындағы ана тақырыбы) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2008.- № 7.

Зікібаев Есләм

(1936- 2002)


Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен, қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі, журналист, аудармашы Есләм Зікібаев 1936 жылы 5- маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек аулында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, еңбек жолын «Қазақстан пионері («Ұлан) газетінде бастаған. «Қазақстан әйел-

дері»журналында, «Социалистік Қазақстан»(«Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде әдеби қызметкер, Қазақстан Республикасы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларында редакция меңгерушісі, «Кітап жаршысы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Есләм Зікібаев 1976 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының , 1986 жылдан осы одақтың басқарма мүшесі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалымен марапатталған.2004 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек орта мектебіне Е.Зікібаевтың есімі берілді.

Есләм Зікібаев талантты ақын ретінде өзіндік айқын үнін таныта, әдебиетке батыл енген қаламгер.

Ақынның алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық жастар газетінде жарияланса, онан бергі кезеңде оқырмандарға оннан аса жыр жинағын ұсынған.Алғашқы өлеңдер кітабы «Ақ қайыңдар», сонымен бірге әр кездерде баспа бетін көрген «Аққу арман», «Ақ қайнар», «Ақ сағым», «Қос ғұмыр», «Дүние жалған», «Адамға сенем», тағы басқа жинақтары кезінде қалың оқырманның ықыласына бөленген, әдеби сыннан жақсы бағасын алған туындылар болды. 2001 жылы «Арна» кітабы жарық көрді.

Өлең жазу, жалпы шығармагершілік күнделікті қарапайым жұмыс емес,өйтері ақындықтың серті басқа, қойылар талап бөтен, арқалар жүгі басқа.Поэзия көңіл- күйдің пернесін баспай кете алмайды.Есләм Зікібаевтың лирикасы тұнып тұрған көңіл сырлары, жүректің нәзік дірілі еді. Ақынның алғашқы «Ақ қайнар», «Ақ қайыңдар» сияқты жыр жинақтары қазақ поэзиясының қорына қосылып, қоржынына түскен сүбелі үлес болуы да сондықтан.

«Есләм менің ойымда жүрген, үміт артатын інілерімнің бірі болғандықтан оның «Ақ қайнар» деген атпен топталған жаңа өлеңдерін шын ықыласпен оқып шықтым.Жинақта барлығы 85 өлең бар екен.Бір жерге бас қосқан осыншалық көп өлең оқушысын «тойдырмайды», үнемі бірінен соң бірі тартып отырады.Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар.Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын.Бірақ бізге мәлім тақырыптардың өзі де Есләмше жырланып, жадырап отырады.Өйткені талантты ақынның өлеңді поэзиялық дәрежеге көтеретін өнері көп, аспаптары мол» деген, әдебиетке өткен ғасырдың елуінші жылдары келген бар ақынның үлкен ұстазы Әбділдә Тәжібаевтың ағалық сөзі Есләм поэзиясына да түскен екен.

Біздің дәуірдің ұлы ақынының көзіне түсу бақыты әркімге бұйыра бермеген бақыт.Есләм өлең жолында ылғи да табысқа жетіп отырды. Оның әнге жазылған өлеңдері де халықтың сүйіп айтқан , айта беретін өлеңдері екенін аса бір сүйіспеншілікпен айтуға болады.

Есләм жырлары елдікті, еркіндікті, парасатты марапаттайтын терең мазмұнды текті жырлар.

«Толқытып сырдың кестесін,

Самала самал ескесін.

Жинадым гүлдің дестесін

Сыйладым нұрдың дестесін.

Қаншама жылдар өтсе де

Сол бір шақ әлі естесің».

Бұл Есләмнің «Дүние жалған» кітабының соңғы бетінен алынған үзінді.

Есләм өзінің туған жері, Есіл өлкесіне сүйіспеншілігі, сағынышы, оның қадір- қасиетіне бас июі ерекше ақын.Ол:

«Ертең той, әрі балаң, әрі ақын боп,

Біріндей шырағыңның жанатын көп.

Ұшар ем дауылдардың арасымен,

Көңілім- құс,

Әттең дүние-ай , қанатым жоқ»,- деп өзі ғана емес, жаны нәзік оқырмандарын да бірге мұңайтқан біртуар дарын иесі.

Е.Зікібаевтың соңғы жинақтарының бірі « Жалған дүние» кітабында ақын өзінің жерлесі, ұлы Мағжан рухымен өлең арқылы жиі сөйлесіп, мұңданады, қуанады, өзгеге айтпас сырларын сонымен бөліседі.

«...Бабаларым мен балаларымды жалғаған,

Оралды қайтып мәңгілік аты Мағжан- ән.

Есілдің бойы тебіреніп бүгін,тербеліп,

Шырқаған сәтте қосылып тұрғандай бар ғалам!» -десе, енді бірде «Әлдиле, өлім, әлдиле» деп Мағжанша тебіренеді.

«Қандай мұң бар әнінде, ән- күйіңде,

Өлмес жырың еліңмен мәңгі бірге.

Қазақ барда сен барсың, Мағжан- аға!

Тербеле бер өлімнің әлдиінде!

Өлім күйі- тәтті күй,

Балқысын жаны бал күйге.

Ұйықтасын жаны тербеліп,

Әлдиле, өлім, әлдиле»,- деп әрі мұңданады, әрі өршіл екпінмен ақын рухымен тілдеседі.

Өлім-хақ! Бұл дүниедегі мәңгілік өзгермейтін, ешқашан бұзылмайтын шыңдық.Мұны Есләм аға Зікібаев қалтқысыз мойындаған , саналы түрде келіскен жан.Ол кісінің «Қанша жармассаң да , жүйріктің жалынан сусып, сауырынан сыпырылып түсеріңді білесің.Фәнидің алдамшылығын ілгерілі- кейінді талай ғұлама ақындарымыз айтып өткен. Менің соңғы он шақты жылдың жүзінде жазғандарымды топтап, «Дүние жалған» деп оқырмандарыма ұсынуым содан», деуі біртуар ақынның жүрегіндегі бүкпесіз сыры, ауыр да болса ойлы қадамы- тын.

« Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ақын аға Есләм Зікібаев қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы , ізі қалған біртуар қаламгерлердің бірі. Оның өлеңдері– ақынның өмірі, жұмбақ сыры, қуаныш- сүйініші, реніші, мұң- наласы, бір сөзбен айтқанда - өзі. Танымал ақынның мұра боп қалған қайталанбас шығармалары әрқашан қазақ оқырмандарының рухани байлығы, қайталап оқыр қимас- қадірлісі бола береріне күмән жоқ.



Шығармалары:

Зікібаев Е. Ақ қайыңдар:Поэма мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1975.

Зікібаев Е. Аққу арман: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1977.

Зікібаев Е. Мен космонавт боламын: Өлеңдер, ертегі.- Алматы: Жалын,1978.

Зікібаев Е. Ақ қайнар: Өлеңдер, баллада мен толғаулар.- Алматы: Жазушы,1979.

Зікібаев Е. Ақ сағым: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1982.

Зікібаев Е.Алтын сағым: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы,1985.

Зікібаев Е.Құс ғұмыр: Жыр жинағы.- Алматы: Жазушы, 1992.

Зікібаев Е.Дүние жалған: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы, «Аман», 1998.

Зікібаев Е. Арна: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы: ФИНэк,2001.

Зікібаев Е. Жыр- тағдырым: Өлеңдер, толғаныстар, эсселер, естеліктер.- Алматы,2003.

Зікібаев Е. Қас қағым сәт: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы: Жазушы,2004. Зікібаев Е.Армандай ғұмыр: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы: РИИЦ Азия,2006.

Зікібаев Е.Өмір бәйге: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар.- Астана: Фолиант, 2007.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ақтаев С. Аққу- арман: (Ақын Е.Зікібаев туралы) // Жалын.-2006.-№6. Ақтаев С. Қос тізгіні тең тарлан: ( Ақын Есләм Зікібаев-70 жаста) // Ана тілі.-2006.-9 қараша.

Елеукенов Ш.Қайсар жүрек: (Ақын Е.Зікібаев) // Жалын.-2006.-№6.

Есали А. Ақынның өлеңі- өмірі, өмірі- өлеңі: (Ақын Е.Зікібаев-70) // Егемен Қазақстан.-2006.-11 қараша.

Молдағалиев Т. Самала жырдың шебері: (Ақын Е.Зікібаев-70)

Оспан С. Жанып шыққан жырлары: немесе Е.Зікібаев жайлы сыр // Егемен Қазақстан.- 2006.-8 маусым.

Өлеңнің «Ақ қайыңы» : (Ақын Есләм Зікібаевтың шығармашылығы туралы замандастар пікірі) // Әдебиет айдыны.-2006.-8 маусым.

Салықов К. Әрі інім, әрі дос еді: (Ақын Е.Зікібаевқа арналған өлең) //Жа-

лын.-2006.- №6.

Шағатай Ж. Есілден шыққан ерек жыр: (Ақын Е.Зікібаев) //Түркістан.-2006.-13 шілде.

Сомжүрек Ж. Азаматтық жыр алғы сапқа шыққанда: (Ақын Есләм Зікі-

баевтың шығармашылығы хақында) // Қазақ әдебиеті.-2010.-17 қыркүйек.

Тоқашбаев М. Армандаған ғұмыр ақиқат: ( Е.Зікібаев туралы) //Президент және халық.-2011.-27 мамыр.



Мазмұны:
Құрастырушыдан……………………………………………………………2
Берденников Владлен……………………………………………………….3

Бердияров Тоқаш………………………………………………………........4

Бердікулов Сейдахмет……………………………………………………....6

Бодаубаев Болат……………………………………………………………...7

Босақов Жамал…………………………………………………………........9

Бөдешұлы Жаркен……………………………………………………….......10

Бөкеев Оралхан……………………………………………………………....12

Бұғыбаева Қанипа………………………………………………………........14

Буренков Валерий……………………………………………………………15

Бұлышев Баубек……………………………………………………………...16

Владимиров Владислав……………………………………………………...18

Генке Герберт…………………………………………………………...........19

Гундарев Владимир……………………………………………………….....20

Ғаббасов Советхан……………………………………………………….......21

Ғаббасов Энгельс………………………………………………………….....22

Ғабдуллин Нығмет…………………………………………………………...23

Дәуренбеков Жақау………………………………………………………......25

Дәуренбеков Танаш………………………………………………………......26

Дәуітұлы Сәрсенбі…………………………………………………………….28

Домбаев Есенжол…………………………………………………………......29

Досанов Сабит…………………………………………………………...........31

Досжанов Дүкенбай…………………………………………………………..33

Дөнентаев Сәбит………………………….......................................................36

Дубицкий Андрей (А.Федоров)……………………………………………...39

Дулатов Міржақып……………………………………………………………40

Дүзенов Мұхамеджан………………………………………….......................43

Дүйсенбайұлы Есенбай……………………………………………………….44

Дүйсенбиев Әнуарбек………………………………………………………...46

Дүйсенов Мырзабек…………………………………………………..............48

Ебекнов Еркеш (Ибраһим)…………………………………………………...50

Егеубаев Асқар………………………………………………………………..53

Елубаев Ескен……………………………………………………………........55

Елубай Смағұл…………………………………………………………………56

Ерғалиев Хамит……………………………………………………………......58

Ерман Жүрсін………………………………………………………………….60

Ерубаев Саттар………………………………………………………………...62

Есдәулетов Ұлақбек…………………………………………………………...63

Есенберлин Ілияс……………………………………………………………...65

Есенжанов Хамза………………………………………………………………69

Есламғалиұлы Мұқадес………………………………………………………..71

Жабаев Жамбыл………………………………………………………………..72

Жансүгіров Ілияс………………………………………………………………75

Жароков Тайыр…………………………………………………………….......78

Жармағамбетов Қайнекей…………………………………………………......80

Жұмабаев Мағжан…………………………………………………………......82

Жұмаділов Қабдеш…………………………………………………………….84

Жиенбаев Сағи……………………………………………………………........88

Зікібаев Есләм………………………………………………………………….91


Шығаруға жауапкер: Сауенова Қ.С. –

ақпараттық-библиографиялық

бөлімнің кеңесшісі
Редактор: Дүйсебаева Ж. А. –

кітап қорын сақтау бөлімнің

меңгерушісі

Жамбыл атындағы МЖК-ның

ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен

15.06.2011 ж. қабылданған.








Шығармалары :

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу